kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану сабақ жоспары "Текті білу-тегін емес"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқының өзге ұлттардан ерекшелігі, биіктігі - ол оның тектілігінде. Ата-бабамызды, өз ұлтымыздың салт-дәстүрін, соның ішінде өзінің қайдан шыққандығын, яғни тегін білу әр адамға қызықты. Өзін-өзі тану пәнінің ұстаздарына көмек ретінде ұсынылады, сабақтарыңызға сәттілік тілеймін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану сабақ жоспары "Текті білу-тегін емес"»

«Науырзым аудандық білім бөлімінің

Жамбыл бастауыш мектебі»ММ







Ашық сабақ

Текті білу-тегін емес





Өткізген: өзін-өзі тану пәнінің

мұғалімі Буртаева Ә.Х.











Қараменді-2016 жыл

Пәні: Өзін-өзі тану


Сабақ №17

Күні: 20.01.16

Сабақтың тақырыбы:

Текті білу тегін емес


Сілтеме

2-сынып А.С.Сейтақов, Ұ.М.Әбдіғапаров

Мақсаты:

«Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Нәтиже:

Ата тегің, жеті ата туралы түсінік қалыптасады;

ата тегін білуге деген қызығушылықтары артады;

ата тегін қастерлейді.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдістер:

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Керекті құрал-жабдықтар:

Үнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, тарих,салт-дәстүр.

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті. «Су түбіне саяхат»


Алдын-ала дайндалып қойған жеті ата құрамындағы сөздер арқылы топқа бөлінеді. «Бала», «Немере», «Шөбере»

Қызығушылығын ояту

«Жеті ата» түсінік беру

«Жеті атаға» кімдер жататындығын еске түсіру

Әр топ оқушылары бірге ойланады.Әр топ жауабын жария етеді.

Мағынаны тану:

1.«Текті білу тегін емес» өлеңін оқу

-оқушыларға оқытамын

-дәстүр туралы түсінік беру

«Жеті атасын білмеген жетесіз» мақалының мағынасын ашу.

-оқушыларға сұрақ қоямын

2.Дәптермен жұмыс

Тапсырмаларды орындау жолдарын түсіндіремін.

3.Жаңа ақпарат беремін

«Ата тегін біліп,олардың тілін,дәстүрін құрметтеп,сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі»






Өлеңді оқиды

Ойларын жеткізеді



Ойларын тұжырымдайды



Өлең соңындағы сұрақтарға жауап береді

2.Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды,жария етеді

3.Ақпаратпен танысады, ой түйіндейді.

Шығармашылық іс-әрекеттер:

Топтарға тапсырма бөліп беремін:

«Атаның ғана баласы болма,адамның баласы бол»

«Балаларымыз қуаныш әкелсін,немерелеріміз жұбаныш әкелсін»

«Қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын»




Әр топ оқушылары бірге ойланады.Әр топ жауабын жария етеді.

Сергіту сәті:

Оқушылармен бірге:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып жайқалған.

Ойларын жинақтайды

Қолдарын көтереді

Құшағын кең жаяды



Оңға, солға қозғалады

Ойтолғау

«Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» түйінді сөзбен сабақты қорытындылаймын.

Әр топтан бір оқушыдан өз ойын тұжырымдайды


Үй жұмысы

«Жеті атасын жаттап келу»

Үй тапсырмасын жазып алады.

Жүректен-жүрекке

Соңғы тыныштық сәті

Рефлексия















Өзіндік сараптама

2015-2016 оқу жылында Жамбыл бастауыш мектебінде «Бастауыш сыныптар» онкүндігінің жоспарына сай, өзін – өзі тану пәнінен «Текті білу тегін емес» атты ашық сабақ өткізілді. Ашық сабағымыздың негізгі мақсаты: оқушылардың «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Бұл сабақ әдебиеттік оқу, тарих, салт-дәстүр сабақтарымен пәнаралық байланыста. Сабақ барысында ұйымдастыру кезеңінде тыныштық сәті арқылы оқушылардың көңіл – күйін көтеріп, психологиялық жай-күйін реттеп алдым. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «жеті ата» түсінігі, құрылымы, не үшін қажеттіліг және бұл қай халықтың салт-дәстүрі екендігі айтылды. Жеті ата құрылымы таныстырылды:

  1. Ата.

  2. Бала.

  3. Немере.

  4. Шөбере.

  5. Шөпшек.

  6. Немене.

  7. Туажат.

  8. Жекжат.

Оқушылар топтарға бөліне отырып, бірнеше сұрақтарға қызықға да, белсенді жауап берді.

«Атаның ғана баласы болма,адамның баласы бол»

«Балаларымыз қуаныш әкелсін,немерелеріміз жұбаныш әкелсін»

«Қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын» өз ойларын ортаға салды.

Мағынаны тану мақсатында Текті білу тегін емес» өлеңін оқушыларға оқытып, дәстүр туралы түсінік бердім. Сабағымыздың дәйексөзі ретінде «Жеті атасын білмеген жетесіз» мақалының мағынасын ашып, оқушыларға сұрақтар қойдым. Нәтижесінде оқушылар көп мағлұмат алып, сабақты соңғы тыныштық сәті арқылы рефлексия жасап аяқтады. Үйге тапсырма ретінде оқушыларға өзінің жеті атасын жаттап келуге берілді. Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын.





Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: А.Х.Буртаева


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Өзін-өзі тану сабақ жоспары "Текті білу-тегін емес"

Автор: Буртаева Асель Хамитбековна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 376854


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства