kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары  "Текті білу тегін емес" тақырыбында7 Жоспар тыныштық сәтінен басталып, тыныштық сәтінен аяқталады. Мақсыты оқушыларға ата-бабаларының тарихын білу, олардың салт-дәстүрін сақтау, "жеті ата" ұғымын түсіндіру, ата-тегін білу ді үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспар»


Бекітемін:

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп: №47 ЖОББМ мерзімі: қаңтар 18 сабақ

Тақырып:Текті білу тегін емес
Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық, туыстық

Мұғалiм: Адилгереева Айгерим Сырымкызы

Сынып: 2 Оқушы саны:____

Сабақ мақсаты:

«сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
- ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
- ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәтi(баяу әуен)

«Орманға ойша саяхат»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Сабақ барысын талқылау


Үй тапсырмасын тексеру

Е. Өтетілеуов «Текті болу тегін емес»

«Жеті ата» дегенді қалай түсінесіңдер

Аталарымыздың тарихын білуге міндеттімізба?

Сіздер жеті аталарыңды білесіңдерма?

Балалар үй тапсырмасын айтып, сұрақтарға жауап береді.

Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жамананан жиреніп қорытынды жасауы,сабақ алуы тиіс.
Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде би болғандығын, батыр болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады. Соған еліктейді, соған асып кетуге тырысады.
Шежірені дұрыс білген адам ол ең бірінші өзінің ағайындарын, одан жоғарғыларын барлығын біріктіреді. Ауыртпашылық заманда бір-біріне көмектеседі,жәрдемдеседі.
Қазақтың бүкіл ерлігі де, жеңісі мен жеңілісі де, сүйегіне түскен таңба мен маңдайына тұтқан мақтанышы да осы шежіре.
Дүние жүзіне аты мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деді. Сондықтан, қорыта келгенде тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерлей біл.

Интернет желісінен алынған мәлімет.

Дәйексөз

«Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» 
Мақал

Дәйексөздің мағынасын түсініп алды.

Шығармашылық жұмыс

І тапсырма - Отбасы мүшелерінің туған күндері мен айларын жазыңдар
ІІ тапсырма – Мерекелердің өту маңызы қандай?
«Отбасымыздың дәстүрлері» тақырыбында топтастыру құрастырып, әңгімелеп айтып беріңдер.

Тапсырмаларды мұқият дәптерлеріне орындайды

Топпен ән айту.

«Мен әдепті баламын»

Сөзі: У. Бекетов

Әні: И. Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қ – сы

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерег барамын,

Мен әдепті, мен әдепті баламын!



Тілін алып кішінің де кәрінің,

Көңілінен шығып жүрем бәрінен

Ата – ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

Оқушылар әнді ауенге қосылып айтады.

Үй тапсырмасы.

«Обал деегн не?» өлеңін түсініп оқу.

Күнделіктеріне жазып алады.

Соңғы тыныштық сәтi

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сабақтан алған әсерлерін жүректеріне сақтайды.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспар

Автор: Адилгереева Айгерим Сырымкызы

Дата: 11.01.2017

Номер свидетельства: 377903

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(39) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary_1"
    ["file_id"] => string(6) "395287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487947619"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) ""Әдептен озбайық!" тақырыбындағы өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары (9-сынып)"
    ["seo_title"] => string(73) "depten_ozbaiyk_takyrybyndagy_ozin_ozi_tanu_p_ninen_sabak_zhospary_9_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "486060"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1542389891"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "1-11 сыныптар?а арнал?ан зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(51) "111synyptargaarnalganzinozitanupniniensabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "332288"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464885029"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Менің достарым"
    ["seo_title"] => string(63) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary_tak_yryby_mienin_dostarym"
    ["file_id"] => string(6) "388830"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486447764"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Шаттыққа толы жүрекпен" өзін -өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(66) "shattyk_k_a_toly_zhuriekpien_ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "440567"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1511536338"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства