Просмотр содержимого документа
«Тақырып: "Қош келдің, Жаңа жыл!"»
Қошкелдің,жаңажыл!
Бастау 1 — жүргізуші: — Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар! 2 — жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер. 1 — жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де көрмегенде арманда. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 2 — жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып, арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 1 — жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. 2 — жүргізуші; Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Мұғалім: Келіңдер жас ұландар, Ертегімді тыңдаңдар. Ертегімді сан қилы Қызық – қызық сырлар бар. Жаңа жылдың кешінде Аңдар келіп бір шешімге Достаспақшы ниетпен Жиналыпты келісімге. Соныменен, балалар Жаңа жылға арналған Ертегіні көріңдер (Мерекелік музыка ойналады) Шыршаның артынын Тиін мен қоян шығады:
Тиін: Ау, жарандар, ал қарандар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Айдан келдім Досымды да ерте келдім Сендермен ойнап –күліп Көп қызыққа батар едім (Секіріп билеп жүрген Тиін мен қоянның алдынан Аю шығады)
Тиін: Амансыз ба, аю паң! Аю: Жаңа жылдың алдында, Тойды еске алдым да. Ұйқымды ашып, сергідім, Ұйықтамаймын мен бүгін. Жылды қарсы алайық, Би билеп, ән салайық. Жаңа жылдың тойында, «Жан салайық» ойынға! Барлығы қол ұстасып, билейды. Сол кезде қуана қасқыр келеді.
Қасқыр: Сәлем, достар, аман ба? Нұр берді шырша алаңға Кәне, шашу шашайық, Тойлап, көніл ашайық. Бәрі билеп жатқанда, Босқа қарап тұрмайық Өнерін жұрт көреді Тауып өз сыңарымды Тайсалмай, биге түсіп, Тарқатам құмарымды. Барлығы бірге билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына түлкі келеді Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй! Өнершіл аңдар-ай Өңкей паңдар тыңдандар, Жаңа жылға әнім бар Қол ұстасып, биге басып, Жыл әніне салындар Бәріңізге бір сәлем. Бәрі қосылып, билейді. Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Би «Жануарлар биі»
1 жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар.
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін Бақыт,
Шаттық мол бүгін
Қарсы алайық ит жылды
Ұзатып сап әтешті.
2 жүргізуші: Біз сіздерді Жаңа 2018 ит жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
(Күтпеген кезде Дымбілмес келеді)
Дымбілмес: Мен Дымбілмеспін. Абай көшесінен үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын.Мен қайдамын? (Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес. Бірақ, бұл маңызды емес. Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны маңызды емес. Неге келіп едім? А иә! Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған тәуелді. Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 сайықмазақ шығады.) 1.Сайқымазақ: Қане біздің қонақтар! Басқаға мойын бұрмаңдар! Бізге қарай жақындап Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2.Сайқымазақ: Барлығыңыз білетіндей шыршада Өте қызық болатынын. Өлең айтып, би билеп Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!! (Дымбілмеске көңіл аударады.)
1 Сайқымазақ: Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?
Дымбілмес: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.
2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Родник көшесінен келдім. Жаңа жылға асығып келдім. Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.
1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің.Қарашы айналаңа адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.
(Би биленіп,өлең оқылады.)
1 Сайықмазақ: Біз мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымыз. Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келеді. Олардың да келетін уақыты болды. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме? Балалар: Иә.
Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына Бір-ақ рет келіп кетеді Қызы мен ұлына Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата) Ал енді біздер осы жерге Аяз атамен Ақшақарды шақырайық, барлығымыз бір дауыспен:
-Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған,
Көңілдерің дүр маржан.
Айналайын ұлдардан,
Айналайын қыздардан.
Аяз ата, Ақшақар,
Жетті жолдан қиналған.
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман.
Мықтылығым мәлім ғой,
Өтіп келген жылдардан.
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарын құтты болсын! Ит жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін! Тарихи жыл болсын!
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын!
Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен қуаныштымыз. Аяз ата: Біз де сендерді көруге, Халдеріңді білуге, Асулардан асып, Аппақ қарды басып жетіп қалдық. Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап, Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар! Жүргізуші: Қане балалар, Аяз атаның құрметіне бір ән салайық!
Аяз ата: Қасымда бар ақшақар, Ол да ренжіп қалмасын. Балаларым тілерім, Оған да бір ән сыйлаңдар. Алдымен шыршамыздың шамын жағайық балала.
Шыршы шамын жағайық
Жаңажыл тойымызды бастайық.
(Жүргізуші балаларға Ақшақардың құрметіне «Орманда шырша туыпты» әнін шырқауды ұсынады.) Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңа. Өз кезегімде мен де сендерге арнап әкелген көңілді сыйлығым бар. (Ақшақар балалармен көңілді ойын өткізеді.)
Жүргізуші: Рахмет, ата! Ал енді Аяз ата орманнан бізгебір топ Аққалалар келді. Өздерімен тамаша биәкелді. Бийлерін тамашалайық бәріміз.
Би: «Аққала»
(Бір сәтте күтпеген жерден алыстан иттің дауысы естіледі. Музыка ойналып ит келеді)
Ит: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл! Төрлет, Жаңа жыл! Уақытынды жеттің. Балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын түгелдей. Жаңа жылымызға арнап тілегімізді айтайық. Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл! Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл! Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл! Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл! Ит: Мен жаңа жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелем. Қуанышты ортамыз сазға ұласқан Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2018 жыл қадам басқан Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным. Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол! Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Жаңа жылдың құрметіне «Жаңа Жыл» әні орындалады.
Аяз ата: Асулармен алысқан, Асау желмен жарысқан. Аталарың сендерге, Шаршап келді алыстан. Өздеріңе оралдым, Бар сыйлығым жоралғым. Керемет бір ән тыңдап, Келіп тұр-ау демалғым. Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар. Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші. Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз. (Әр сыныптың өнерлерін тамашалық .)
Жүргізуші: Рахмет, ата!
1 Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын! Көктегі күніміз сөнбесін! 2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн Бақыт боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп жаңа жыл. Құтты болсын жаңа бақыт достарым. Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады. Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын! Аяз ата: Балала, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады. Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс- алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы базарлықты сендерге таратып берсем балалар. Сендермен қоштасатын сәт туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, Тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық Қастарыңда болмасын Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз, Ол кеткен соң терең ойға батамыз. Ақша қар болып қалықтаймыз аспанда, Құс жолымен ән сап бара жатырмыз.
Жаңа Жыл құтты,табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді аяқтаймыз.