Просмотр содержимого документа
«"Табиғаттың төрт құдіреті" тәрбие сағаты»
Сабақтың тақырыбы: «Табиғаттың төрт құдіреті»
Мақсаты: Балаларға табиғат туралы түсінік беруде, бүкіл әлемдегі тіршіліктің төрт құдіреті күн, ауа, жер, су екенін түсіндіру, табиғат аясындағы жанды - жансыз заттарға қамқорлық жасауға, табиғатқа, Отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру Көрнекілігі: жер, ауа суды бейнелейтін киімдер. Жыл мезгілдерінің суреттері, мақал - мәтелдер.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: II. Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер «Табиғаттың төрт құдіреті» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең шумағы арқылы ашқалы отырмын. Табиғат - әсемдіктің төркінісің, Ән салам бір сенің көркін үшін. Жан - жануар табынып бір өзіңе, Сенен алып тұрғандай бар тынысын,- яғни Табиғат - тіршілік атауының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні - деп айтамыз.
1. Оқушылардың тақпақтары. 2. Жұмбақ жасыру. 3. Жер, ауа күн, су, кейіпкерлер. 4. Көрініс. «Кірқожалақ» 5. Мақал - мәтелдерден жарыс. 6. Қорытынды. 1 - оқушы. Әдепті елдің баласы, Алдымен сәлем береді. Армысыздар құрметті мұғалімдер мен оқушылар. 2 - оқушы. Ата - бабамыз «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қарт сәлем береді»деген.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер шешуін табуға дайын болындар. 1. Көктемде көгереді, Жазда ырысқа бөленеді. Күзде пісіп марқаяды, Қыста бірден қартаяды. (Жер)
Мұғалім: Міне ортамызға жұмбақтың шешуі де келді. Жер: Балалар, жер бізге не береді? (сұрақтар қою арқылы, жауаптар алу) 3 - оқушы: Табиғаттың басты байлығы - жер. Жер - біздің қазынамыз, байлығымыз. 4 - оқушы: Адамдар жан - жануарлар өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады. 5 - оқушы: Ата бабаларымыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Жер: Ал, балалар жер туралы қандай өлең білесіңдер? 6 - оқушы: Адамдар, жер – сенің аяулы бесігің, Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін, Онымен кіндіктес жаның да, қаның да, Жер жаһан аялап тұр алақанында.
Мұғалім: Жер, сіздің тілегіңізге, пейіліңізге рахмет, төрге шығып жайғасыңыз. Ал, енді балалар келесі жұмбақты шешейік. Өмірде одан мол ештеңе болмайды, Құшақтасаң, құшағыңа толмайды. (Ауа)
Мұғалімнің тәжірибесі: Ал балалар, бір тәжірибе жасап көрейікші. Аузымызды жауып, танауымызды қысып, дем алмай тұрайық. Балалар: біз дем алмасақ тұншығамыз. Демек, бізге ауа өте қажет. (Ортаға ауа кіреді). Ауа: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сендерге ауа керек пе? Қане, дем алыңдар таза ауамен. Мен туралы не білесіңдер? Мен не үшін керекпін? 7 - оқушы: Жер бетінде барлық тіршілік ауамен тыныс ала отырып, өмір сүреді. (өз ойларын білдіреді).