М??алім:Ал, балалар,бір т?жірибе жасап к?рейікші.Аузымызды жауып, танауларымызды ?ысып, дем алмай т?райы?. Біраз уа?ыттан кейін біз дем алмаса? т?ншы?амыз.Демек, бізге ауа керек. Олай болса орта?а ауаны ша?ырайы?.
Ауа:С?леметсіздер ме,?она?тар!Сендерге ауа керек пе? ?ане, дем алы?дар таза ауамен. Мен туралы не білесі?дер? Мен не ?шін керекпін?
10 – о?ушы:Жер бетінде барлы? тіршілік ауамен ?ана ?мір с?реді?
11 – о?ушы:Таза ауамен ?за? ж?рген адам ?за? ?мір с?реді.
К?н:Армысыздар,жер бетіндегі тіршілік иесі.Мен жылуыммен жер бетін ?ыздырып,?р кеудеге ?уаныш сеуіп,?р ж?рекке к?лкі болып енемін.?рбір арайлы ат?ан к?нмен бірге сіздерге тынышты?,бейбітшілік тілеймін.
М??алім:Н?рын т?ккен ?айырымды к?н,т?рден орын алы?ыз.
18 – о?ушы:Адам бойына шабыт,к??іліне ?уат,сезіміне саулы? пен са?ыныш ?ялататын – к?н.
К?н – жер бетіне тіршілікпен с?уле шашатын ??діретті от.
М??алім:Балалар,біз не жайында ??гімелестік?Осы т?ртеуі болмаса,тіршілік болар мекен.Таби?ат, Атамекен,ту?ан жер – бір – бірінен ажырамайтын ??ым. Оларды ?ор?ау,с?йе білу – бізді? борышымыз.
?н: «?р?ашан к?н с?нбесін»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Таби?атты? т?рт б?рышы »
«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Табиғаттың төрт бұрышы
Тәрбие сағаты
Сынып жетекшісі:Турниязова Айман
Тақырыбы:Табиғаттың төрт бұрышы.
Мақсаты:Оқушыларға табиғат туралы түсінік беруде бүкіл әлемдегі тіршіліктің төрт бұрышы,күн,ауа,жер,су екенін түсіндіру,табиғат аясындағы жанды – жансыз заттарға қамқорлық жасауға, туған табиғатқа сүйіспеншілікпен, мақтаныш сезіммен қарауға баулу, мақал – мәтел,жұмбақ,нақыл сөздер,өлеңдер айтқызу арқылы Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі:Жер,су,ауаны бейнелейтін киімдер.
Жүрісі:
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Табиғат – әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркім үшін.
Жан – жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысың,дей келе «Табиғаттың төрт құдіреті»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
ІІІ.Әдеби – музыкалық монтаж
1 – оқушы:
Әдепті елдің баласы
Алдымен сәлем береді.
2 – оқушы:
Ата – бабамыз: «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қарт сәлем береді» деген.
Ассалаумағалейкум!
Мұғалім: Балалар, мен сендергет жұмбақ жасырамын.Сендер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, бүгінгі тәрбие не тура болатынын білесіндер.
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
Олай болса балалар, ортаға Жерді шақырайық.
Жер:Армысыздар, ағайындар!
Мұғалім:Балалар бізге жер не береді?
3 – оқушы:Табиғаттын басты байлығы – жер.Жер – біздің қазынамыз,байлығымыз.
4 – оқушы:Адамдар,жануарлар,өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.
5 – оқушы:Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.
Мұғалім:Ал, жер туралы қандай мақал – мәтел білеміз?
6 – оқушы:Жері байдың елі бай.
7 – оқушы:Күте білсең,жер жомарт.
8 – оқушы:Адам жерге нәр береді, жер адамға нан береді.
Мұғалім:Жер туралы қандай өлең білеміз?
9 – оқушы:
Адамдар, жер – сенің аяулы бесігің.
Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін.
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,
Жер жаһан аялап тұр алақанында.
Мұғалім:Жер, сіздің тілегіңізге, пейіліңізге рахмет,төрге шығып жайғасыңыз!Ал, балалар,екінші жұмбағымызды шешейік.
Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң, құшағын толмайды. (Ауа)
Мұғалім:Ал, балалар,бір тәжірибе жасап көрейікші.Аузымызды жауып, танауларымызды қысып, дем алмай тұрайық. Біраз уақыттан кейін біз дем алмасақ тұншығамыз.Демек, бізге ауа керек. Олай болса ортаға ауаны шақырайық.
Ауа:Сәлеметсіздер ме,қонақтар!Сендерге ауа керек пе? Қане, дем алыңдар таза ауамен. Мен туралы не білесіңдер? Мен не үшін керекпін?
10 – оқушы:Жер бетінде барлық тіршілік ауамен ғана өмір сүреді?
11 – оқушы:Таза ауамен ұзақ жүрген адам ұзақ өмір сүреді.
12 – оқушы:Атамекен ауасы – жан дүниенің дауасы.
13 – оқушы:Ауаны былғама,ауа – Алланың демі.
Мұғалім:Ауаны былғамау үшін не істеу керек?
14 – оқушы:Мен ауаны газбен былғайтын көлік түрлерін азайтар едім.
15 – оқушы:Мен зауыттар мен фабрикаларды қаланың алыс шетіне салдырар едім.
16 – оқушы:Мен аулаға ағаштар мен гүлдерді көп отырғызып,көгалдырар едім.
Күн:Армысыздар,жер бетіндегі тіршілік иесі.Мен жылуыммен жер бетін қыздырып,әр кеудеге қуаныш сеуіп,әр жүрекке күлкі болып енемін.Әрбір арайлы атқан күнмен бірге сіздерге тыныштық,бейбітшілік тілеймін.
Мұғалім:Нұрын төккен қайырымды күн,төрден орын алыңыз.
18 – оқушы:Адам бойына шабыт,көңіліне қуат,сезіміне саулық пен сағыныш ұялататын – күн.
Күн – жер бетіне тіршілікпен сәуле шашатын құдіретті от.
Мұғалым:Балалар,күнге қандай тілек айтар едіңдер?
Оқушылар:
Әрқашан күн сөнбесін!
Күн нұрын төксін!
Күндей жарқырайық!
Күнді бұлт баспасын!
Күн сәулесін төксін!
Мұғалім:Балалар,менің соңғы жұмбағым құлақ салыңыз.
20 – оқушы:Су – тазалық пен денсаулық кепілі.Сусыз тіршілік жоқ.Суға түкірмен.Судың да сұрауы бар.
21 – оқушы:Атам қазақ судың шығып жатқан жерін «Әулие бұлақ»деген. «Бұлақ көрсең,көзін аш»деген.
ІV.Қорытынды.
22 – оқушы:
Ал, халайық халайық,
Табиғатқа қарайық!
Жер,су,ауа тазарса,
Пайдалы екен бұл аса.
23 – оқушы:
Жауын жауып басылды,
Күннің көзі ашылды.
Құлақ тігіп далаға,
Тыңдап тұрмын мен бәрін
Келіп кетті менің де
Жер анаға ұқсағым.
Мұғалім:Балалар,біз не жайында әңгімелестік?Осы төртеуі болмаса,тіршілік болар мекен.Табиғат, Атамекен,туған жер – бір – бірінен ажырамайтын ұғым. Оларды қорғау,сүйе білу – біздің борышымыз.