kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғат әлемінің ғажайыптары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дүниетану пәнінен "Табиғат әлемінің ғажайыптары" атты сайыс сабақ.3-4 сыныптарға

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат әлемінің ғажайыптары»

Тақырыбы: «Табиғат әлемінің ғажайыптары»

Мақсаты:

А) білімділік: оқушылардың білім-білік дағдыларын бақылау, топта бірлесіп жұмыс істеуге, басқалардың жұмысын бағалауға үйрету;

Ә) дамытушылық: оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Б) тәрбиелілік: оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлес қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалдыдамытпа, сайыс сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, ізденушілік.

Көрнекілігі: жоспары, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

Ойынға қатысушылар төрт-төрттен екі топқа бөлінеді.Ойын 5 айналымнан тұрады.

1-кезең: «Зымыран сұрақтар»

2-кезең: «Тапқыр болсаң,тауып көр!»

3-кезең: «Ойлы болсаң, озып көр!»

4-кезең: «Кім жүйрік»

5-кезең:Сөз ойла,тез ойла!


Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл мықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетердейміз нағыз мықты.

Енді ойынымыз интеллектуалдық жарыс түрінде өтетін болғандықтан әділқазыларды сайлап алайық.



1-кезең: «Зымыран сұрақтар»


Әр топқа дүниетану пәнінен сұрақтар беріледі. Ойлануға бір минут мүмкіндік бар. Жауапты топ таба алмаса, басқа топ шешуге болады.Әр дұрыс жауақа 5 балдан.

1-топ:

1.Адамға, жануарларға,және өсімдіктерге не қажет? Қорек,ауа,су,жылу,жарық қажет.

2.Адамның денесі неше бөліктен тұрады және оларды ата? 4бөліктен тұрады:бас,мойын,кеуде,қол және аяқ.

3.адамның ішкі мүшелерін ата? Ми,өкпе,жүрек,бауыр,бүйрек,қарын,ішек,қуық.

4.Қан айналымы дегеніміз не? Қанның ағзаны аралап қозғалуын қан айналымы дейді.

5.Ас қорыту мүшелеріне нелер жатады? Ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,қарын,ішек жатады.

6.Сезім мүшелеріне нелер жатады? Көз,құлақ,мұрын,тіл,тері.

7. Тірі табиғат дегеніміз не? Олар қоректенеді,өніп-өседі,мезгілі жеткенде өсуін тоқтатады.Оларға адамдар,жануарлар,өсімдіктерге тән.Бұлар тірі табиғат деп аталады.

8.Өлі табиғат дегеніміз не?ОЛар қоректенбейді,өніп-өспейді,көбеймейді.Ауа,бұлт,құм,тас және т.б. өлі табиғатқа жатады.


2-топ:

1.Табиғатты қандай әдістермен зерттейді? Бақылау және тәжірибе жасау

2. Аспан әлемін немен зерттейді? Телескоп.

3. Көзге көрінбейтін ағзаларды,бактерияларды немен зерттейді? Микроскоп

4. Көкжиек тұстары немен анықталады?Түсбағдар

5.Географиялық карта дегеніміз не?Жер бетінің жазықтықтағы кішірейтілген бейнесі

6.Масштаб дегеніміз не?Картада елді мекендердің жер көлемі бірнеше есе кішірейтіліп берілуі.

7.Жердің дәл өзіндей кішірейтіліп берілген үлгісі?глобус

8. Көктемде шығатын алғашқы гүл?бәйшешек


2-кезең Тапқыр болсаң,тауып көр

Шарты:екі топ мақалдың жалғасын кезекпен табады.Таба алмаса екінші топ жауап беруге болады. Әр дұрыс жауап 5 балдан.

Берілген мақалдардың жалғасын табу

1.Жауынмен жер көгереді

Батамен ер көгереді.

2.Жел дауылды шақырады

Бұлт жауынды шақырады.

3.Жер құтты болса

Мал сүтті болады.

4.Су-ырыстың көзі

Еңбек кірістің көзі.

5.Мезгіл жетсе, мұз да ерір

6.Сулы жер-нулы жер.

7.Таста тамыр жоқ

Суда қаймақ жоқ

8.Отан оттан да ыстық

9.Көлдің көркі құрақ

Таудың көркі бұлақ.

10.Тау кезеңсіз болмас

Өлке өзенсіз болмас

11.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

12.Тау мен тасты су бұзар

Ел арасын қу бұзар.


3-кезең Ойлы болсаң,озып көр!

2-топ кезекпен ұяшықтарды таңдайды, ондағы табиғатқа байланысты жұмбақтың шешуін табады. Ойлануға 1 минут. Таба алмаса екінші топқа мүмкіндік беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 балдан.


Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)


Қуып едім-мойнын бұрмады,

Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)


Қонақтап күнде қонар су бетіне,

Сүйсінер барлық адам келбетіне.

Тұлғасы су ішінде көрінеді,

Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)


Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)


Қозғалып жүрер жортақ шам,

Барлығымызға ортақ шам. (Күн)


Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды. (Күз)


Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)


Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)


4-кезең :Кім жүйрік?

Көрермендермен ойын: 1-2сыныптарға.

1.Күн тәртібі дегеніміз не? Бір тәулік ішіндегі іс-әрекеттердің дұрыс реті.

2.Мектепте кімдер жұмыс істейді? Мұғалімдер,кітапханашы,аспаздар,дәрігер.

3.Жаяу жүргіншінің көмекшісі не? Бағдаршам.

4.Отбасы деген не? Отбасы ең жақын және туыс адамдар.

5.Көкжиек дегеніміз не?Көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек деп аталады.

6.Еліміздің қай бөлігінде тұрасыңдар? Шығыс Қазақстан.Өскемен.

7.Географиялық орын дегеніміз не? Қала немесе ауыл орналасқан жер.

8.Бас қаламыз қай қала? Астана қаласы

9.Жылдың неше мезгілі бар ,оларды ата? Жаз,көктем,қыс,күз.

10.Көкжиек тұстарын білу не үшін қажет?Адаспау үшін.

5-кезең:

Сөз ойла,тез ойла.

1-топ жануарларды 3-тілде атау керек.2-топ:Құстарды 3-тілде атау керек.Егер 3-тілде айтса 10 бал.2-тілде айтса 5-бал.1-тілде айтса 3-бал.


Әділқазылар шешімдерін айтады. Жеңген топты марапаттау.










































«Верх-Березовка бастауыш мектебі – балабақша кешені» КММ















Табиғат әлемінің

ғажайыптары









Өткізген: Жумагулова А.А













2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Табиғат әлемінің ғажайыптары

Автор: Жумагулова Алия Алибековна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393943

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Сиқырлы табиғат әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(31) "sikyrly_tabigat_lemine_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "507053"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1555245680"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Табиғат ғажаптары"
    ["seo_title"] => string(22) "tabig_at_g_azhaptary_1"
    ["file_id"] => string(6) "465542"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1523268946"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "5 сынып «Адам ж?не таби?ат» "
    ["seo_title"] => string(28) "5-synyp-adam-zh-nie-tabig-at"
    ["file_id"] => string(6) "169459"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423410888"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Семинар саба? "Элемент сырлары" "
    ["seo_title"] => string(32) "sieminar-sabak-eliemient-syrlary"
    ["file_id"] => string(6) "217698"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433422778"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Cеминар саба? "Элемент сырлары" "
    ["seo_title"] => string(32) "cieminar-sabak-eliemient-syrlary"
    ["file_id"] => string(6) "217709"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1433425278"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства