Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіздік туы желбіресін мәңгілік!»»
Тақырыбы: «Тәуелсіздік туы желбіресін мәңгілік!» Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту; Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге баулу.Туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, көк жалаушалар, шарлар.
Сабақтың барысы: 1-жүргізуші: Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан, Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан. Қазағымның әні болған, жыры болған, Жастар үні – он алтыншы желтоқсан. 2-жүргізуші: Әнұраным, жанұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім-сағынарым, Мәңгі бақи шырқалады, Республикам әнұраны! Әнұран орындалады.
1-жүргізуші: Намысымның шырағы да – Желтоқсан, Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан, Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан. 1-оқушы: Айбол 1986 жылы 19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол – ата-анасының жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды. 2-оқушы: Сабина Еліңнің сен намысы үшін, Құрбан еттің жаныңды. Мазақ етіп қорлай алмас, Ешкім сенің арыңды. 3-оқушы: Мендигуль Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Айналайын, айналайын жас өркені халқымның, Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің. 4-оқушы: Нұрдәулет Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. Еркек тоқты құрбандық, Атам десең, атыңдар.
2-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес. Есігі ашық, төрі кең, Жылап өттік жытқыр өмір өрінен. Жетер енді, желпінейік, қарайық, Мына өмірге егемендік көзімен. Тақпақтар: Әділ, Жанбота, Қадырбек, Гүлім
Тәуелсіздік – жыр-әнім. Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім, Ел іргесі берік болсын – ұраным. Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну, Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым. Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік? Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік, Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп, Ел жұртыңның алма құнын түсіріп! Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным, Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным, Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы, Тәуелсіздік, ақ батасы атаның. Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім, Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным, Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік, Қолда елімді қасиетті Құраным! Ән: «Қазақстан бақыты» орындайтындар: Хор
1-жүргізуші: Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз деп жырлаған кім екенін білемісің? 2-жүргізуші: Әрине, білемін. Ол - Қаз дауысты Қазбек би. Ия, осылай деп тебіренген, Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға, міне, 25 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздік ұғымы «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп аз ғана уақыттың ішінде елімізді шартарапқа танытты. 1.Арсен: Уақыттың әлі көреді ұрпақ жалғасын, Ұлтыңды дәйім бабалар жебеп қолдасын! Болашағыңның қастерлі бағыт соқпағын "Мәңгілік Ел" деп көрсетіп берді Елбасың. 2. Тимур: Шуағын тағы бейбіт боп бүгін төкті күн, Кешегі майдан,кешегі дауыл жоқ бүгін. Қазақстан деп өзгелер жатса назар сап, Әнұран шалқып,еңкеймей тұрсын көк Туың! 3. Бауыржан: Көк байрақ иілмесін, жығылмасын, Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. . Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп, Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! 4. Муса: Тәуелсіздік! Тәуелсізбін, мен бүгін, Келді, міне, азаттығым, теңдігім. Бостандықта байлығым мен елдігім, Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Ән: «Нұраға» орындайтындар бір топ оқушылар. 1-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпағымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық! 2-жүргізуші: Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңе ұялату. Ол - өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Ел Президенті өз сөзінде: «Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Лайым бетімізден жарылқасын!Үлкен жолдың үстінде бізді ата – бабаларымыздың аруағы желеп – жебеп жүре көрсін!» деген болатын.
- Ендеше, тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын!