kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіздік деп со?ады ж?регім!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Т?уелсіздік деп со?ады ж?регіміз. 1 - ж?ргізуші: Армысыздар, ??рметті ?стаздар, о?ушылар! Б?гінгі Т?уелсіздігімізді? 24 жылды?ына арнал?ан «Т?уелсіздік деп со?ады ж?регіміз» атты мерекелік кешімізге ?ош келді?іздер! 2-ж?ргізуші: ?н?раным – жан ?раным Айтар ?нім – с?йлер с?зім Ту?ан жерім – са?ынарым М??гі-ба?и шыр?алады. Республикам ?н?раным ?н?ран орындалады. 1 - ж?ргізуші: Т?уелсіздік - е? басты ??ндылы?ымыз. Т?уелсіздікке ?ант?гіссіз, бейбіт т?рде ?ол жеткізгеннен кейін ?ана елімізді ?лемні? ?ркениетті мемлекеттеріні? ?атарына ?оса алды?. Т?уелсіздік к?ні елімізді? барлы? азаматтары ?шін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау ж?рекжарды ?уаныш?а толы к?нді ата - бабаларымыз ?асырлар бойы армандап, к?тумен ?тті. Сахна?а ?аз дауысты ?азыбек би шы?ып с?йлейді. ?аз дауысты ?азыбек би: - Біз ?аза? мал ба??ан елміз, ешкімге со?ты?пай жай жат?ан елміз. Басымыздан ??т-береке ?ашпасын деп, жерімізді? шетін жау баспасын деп, найза?а ?кі та??ан елміз. Ешбір д?шпан басынба?ан елміз, басымыздан с?з асырма?ан елміз. Досты?ты са?тай білген елміз, д?м-т?зды а?тай білген елміз. 2-ж?ргізуші: Армандарды жа?ындатып тым алыс, Бізді? жа??а жеткен екен жылы а?ыс. Егемендік - ел ба?ыты, ерте?і, О, халайы?! ??тты болсын ?уаныш! 1 - ж?ргізуші: Азат ?лкем к?ндей к?лген шы?ыстан, Асыл елім жан - ж?ректі ??ыс?ан. Ата бабам а?сап ?ткен ба?ытым, Айналайын, ?аза?стан - Г?лстан! 2-ж?ргізуші: Ата-бабамыз а?са?ан т?уелсіздік ту?ан отанымыз?а ж?не ?р отбасына тебіреністі. К?рініс: «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі А?ырын басып ?арт шы?ады. Орынды??а келіп дем алып отырады. Осы кезде ж?гіріп немересі келеді.) Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз? Атасы: - ?, балам, ата? не ойлайды дейсі?! Сені? болаша?ы?ды ойлаймын, елімізді? болаша?ы жайлы, ?ткен ?мір жайлы ойлаймын. Немересі: - Ата, ?ткен ?мір деген не? Атасы: - ?, балам, «?ткен ?мір» сонау ежелгі ата-бабаларымызды? ерте кезден белгілі ?ткен ?мір жолы, тарихы емес пе? Немересі: - Ал, ол ?андай бол?ан? Атасы: - Ендеше, ты?да балам, ата? бір с?йлесін. Болмаса да о?ы?ан тарихшы атам, Жинады ескілерден тарих хатын. Ма?сатым, кейінгі ?рпа? ?мытпаса, Айтыл?ан аталарды? аманатын. Сонды?тан балам, сен де ?з тарихы?ды білуге тиістісі?, сонау ерте кезде бізді? ата-бабаларымыз ?аза? руларыны? басын ?осып, халы? болып ?алыптасуынан басталады б?л тарих. Ал, балам, тарихты ты?дайы?. Видеоролик. «?аза? ханды?ына – 550 жыл». Атасы: - Б??ан да т?уб?. Егемендік алып, ?лем таныды ?ой елімізді. Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не? Атасы: - Егемендік ел болуды? белгісі. Бас?а ж?ртпен те? ж?лдызы,те? к?ні, Егеменді деген с?зден естілер, Ата ж?ртты? ар?ысы мен бергісі. – Міне «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген к?к байра?ымыз, айбынды ?н ?ранымыз, жар?ыра?ан елта?бамыз т?рімізде ілулі т?р. Егемендік Елімізді? келешегін ?зі? сия?ты ?рпа?тарыма тарих етіп баяндап аталары? т?р. ?мытпа?дар, айналайын ?рпа?тарым! ?н «К?к туды? желбірегені». 2 - ж?ргізуші: ?аза? дейтін мені? бір елім, Жатыр алып жарты д?ние ?лемін. Б?л даланы анам жаспен суар?ан, Б?л дала?а жылап келіп ?уан?ан, - деп ?асым Аманжолов а?амыз жырла?андай, ке? байта? жерімізде ?аза? хал?ыны? басынан не ?тпеді десе?ізші. Талай ?иынды?ты бастан кешірсе де, еш?ашан мойымай, к?ресе білді. Азатты? та?ы туатынына к?міл сеніп, ?міттерін ?збеді. 1 - ж?ргізуші: - Т?уелсіздікті? т?п – тамыры Желто?сан о?и?асына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта ?оймас. Десек те, 1986 жылды? ?ай?ылы желто?саны бір к?нгі немесе бір жыл?ы наразылы?ты? к?рінісі болмаса керек. Желто?сан – заман тол?а?ы байта? даланы?, Шарпы?ан с?ті ?міт пен к?дік ?аланы? Желто?сан – ?айрат, Л?ззат, Сабира ??рбаны бол?ан жаланы? Ал ?о?амны? адамнан бар ма асылы, Кеткенде жо? ??ла?тан зар басылып, Б??ауда?ы бозда?тары кете барды Бірі атылып, ал бірі дар?а асылып. Видеоролик «Желто?сан». 1 - ж?ргізуші: 1986 жылы Алматыны? бас ала?ында Желто?сан о?и?асы болды. Б?л о?и?а д?ниені д?р сілкіндірді. Б?л желто?сан к?терілісіне ел аузында ж?рген, тарихта аты ?ал?ан ?айрат Рыс??лбеков, Ербол Сыпатаев, Л?ззат Асанова ж?не та?ы бас?а апаларымыз бен а?аларымыз ?атысты. 1986 жылы желто?санда?ы к?теріліске жастар ешбір жаман оймен бар?ан жо?. Олар бейбіт жолмен т?уелсіздікке ?ол жеткізу ?шін ?атыс?ан еді. ?н «Желто?сан желі». 2 - ж?ргізуші: А?аларды? алып берген биігін Абыроймен ас?а? ?стап жастары?. ?аза?стан деген алып мемлекет ?арыштап тек ал?а ?адам бас?аны?. Ата?ы?а ?ашы? болсын жер жа?ан, Азат елім, ашы? болсын аспаны?! 1 - ж?ргізуші: - Достар, мен т?уелсіз ел болу дегенімізді ?зі?ні? ?згелермен те? екендігі?ді сезіну ж?не ана тілі?де емін- еркін с?йлеуі? деп т?сінемін. 2-ж?ргізуші: - Олай болса, бізді? достарымыз т?уелсіздік туралы не айтады екен? Ты?дап к?рейік. 1-о?ушы: Ке? байта?, к?з жетпейтін жерім мені? Таулы орман, жасыл жайлау к?лім мені? Б?гінде бар ?лемге да??ы? жетті Т?уелсіз ?аза?стан – елім мені? 2 - о?ушы: ?аза?пын, е?селі елмін егеменді, Ке?ейттім ке? ?лемге керегемді. М?хитты? ар жа?ында жат?ан ж?рттар Таныды тепе - те? деп тереземді. ?аза?пын, ?ойнауы - ??т, жері - дархан, ?німді бес ??рлы?ты? б?рінде айтам. 3-о?ушы: ?асиетті ?аза?стан мекенім, А?и?атты? алтын бесігі екенсі?. Елім, жерім, Отаным – ба? - д?улетім, Болаша?ым, ?нер - білім, ?ркенім. ?аза? елім! Туды жасты? д?уірі?. Ал?андайсы? ж?лдызы?ны? жары?ын. Т?уелсіздік ??тты болсын, ?ымбаттым, Ту?ан к?ні? ??тты болсын, алыбым! 4-о?ушы: Бейбіт ?мір тілеймін мен хал?ыма Ту?ан тілім ш?барланба жар?ыра Тарихымызда таланттылар к?бейсін Бас иемін ата баба рухына. Бойымда ?ні б?ла? жатыр б?р?ырап Сол б?ла?тан сыр а?ыздым жыр ??рап Тілейтінім барша ж?рт?а бір ?ана Ырыс, ба?ыт, татулы? пен ынтыма?. 5-о?ушы: ?асиетті ?аза?стан мекенім, А?и?атты? алтын бесігі екенсі?. Елім, жерім, Отаным – ба? - д?улетім, Болаша?ым, ?нер - білім, ?ркенім. 1 - ж?ргізуші: Барлы? ?лтты? басын ?осты б?л досты? ?лы досты? Н?рлы досты? К?н досты? Досты? деген ?асиетті ?ран?а Ке? даланы? ж?регі де ?н ?осты. 2 - ж?ргізуші: «Орнында бар о?алар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлы? жо?. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлерімізді? ар?асында «?аза?стан» егеменді ел болып, д?ниеж?зіне танылды. 120-дан аса ?лт ?кілдері т?ратын осынау ?асиетті мекенде, ас?а?та?ан ?лкеде, ке?шілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні те?іздей тол?ы?ан, т?рт т?лігі ?рбіген, ?ндірісі ?ркендеген мекенде ?мір с?руші ?рбір адам ?з Отанын жанындай с?йіп, оны? к?к байра?ын к?кке к?теруді ма?таныш т?тады. Би «?аражор?а». 1 - ж?ргізуші: Т?уелсіздік м??гілік са?талсын, Алдымызда барлы? ?міт а?талсын Тату – т?тті бірлік болып ?ашанда Бейбіт ?мір бар халы?пен жа?талсын. 2 - ж?ргізуші: Ту тігілді хал?ымны? б?гін ба?ына Жас ?рендер желбіретіп ны? ?ста ?асырлар?а жал?астырып елдікті Да? т?сірме ата баба рухына ?лгі бізге аталарды? ерлігі ?ла?аты ?негесі е?бегі Т?уелсіздік туын ?стап жо?ары Б?гінгі ?рпа? болар елді? ерте?і. ?н «Атамекен» (хор). 1 - ж?ргізуші: ?аза? елім! Туды жасты? д?уірі?. Ал?андайсы? ж?лдызы?ны? жары?ын. Т?уелсіздік ??тты болсын, ?ымбаттым, Ту?ан к?ні? ??тты болсын, алыбым! Т?уелсіздігімізді? т??ыры биік, хал?ымызды? е?сесі жо?ары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, а?айын. Келесі кездескенше сау саламатта болы?ыздар!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік деп со?ады ж?регім!»

Тақырыбы: Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз.


1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі-бақи шырқалады.

Республикам әнұраным


Әнұран орындалады.


1 - жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.

Қаз дауысты Қазыбек би: - Біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.


2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


1 - жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


2-жүргізуші: Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік туған отанымызға және әр отбасына тебіреністі.


Көрініс: «Егемендік деген не?»

(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)

Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атам,

Жинады ескілерден тарих хатын.

Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.


Видеоролик. «Қазақ хандығына – 550 жыл».


Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?

Атасы: -

Егемендік ел болудың белгісі.

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,

Егеменді деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

– Міне «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпақтарым!


Ән «Көк тудың желбірегені».


2 - жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.


1 - жүргізуші:

- Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.


Видеоролик «Желтоқсан».

1 - жүргізуші:

1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.


Ән «Желтоқсан желі».


2 - жүргізуші:

Ағалардың алып берген биігін

Абыроймен асқақ ұстап жастарың.

Қазақстан деген алып мемлекет

Қарыштап тек алға қадам басқаның.

Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,

Азат елім, ашық болсын аспаның!


1 - жүргізуші: - Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп түсінемін.


2-жүргізуші:

- Олай болса, біздің достарымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен? Тыңдап көрейік.



1-оқушы:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


2 - оқушы:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


3-оқушы:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!


4-оқушы:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


5-оқушы:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.



1 - жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық Нұрлы достық

Күн достық Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты.


2 - жүргізуші:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.


Би «Қаражорға».



1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.


2 - жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.


Ән «Атамекен» (хор).


1 - жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?уелсіздік деп со?ады ж?регім!

Автор: Туребекова Балкия Темирхановна

Дата: 10.01.2016

Номер свидетельства: 274613


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства