Алихан:
Тәуелсіздік таңын сүйем.
Таңмен бірге келді ме өлең.
П.Айлана:
Тәуелсіздік төрінде,
Билейікші бүгін біз.
Амерхан:
Әрқашан, әрқашан,
Көк байрағым желбіресін.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй! – деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекте “Балдырған жыры” әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Талшыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздары-ай!
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой, қыздар-ай!
Келесі кезекті биге береміз
Ортада қыздардың орындауындағы «Қамажай» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.