kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік - тұғырым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік тұғырым тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік - тұғырым»

«Тәуелсіздік тұғырым!»


Мақсаты:Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары азамат қалыптастыру. От жүректі, өжет мінезді ұл – қыздардың ерлік істерін мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

«Көк тудың желбірегені» әнінің әуенімен балалар сыныпқа кіреді.


Жүргізуші: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын!

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату – тәтті тірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Құрметті ата – аналар, әріптестер, балалар Сіздерді Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Сіздерге , тәуелсіз мемлекетімізде ашық аспан астында, бейбіт өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.

«Әнұран» хормен

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақтарын қабыл алыңыздар:

Ұлан:

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік.

Сабира мен Ләззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік.


Солидат: Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.


Нурбек: Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні – бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні - бұл.

Адина: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше болып мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Еркеназ: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.

Басқалармен терезесі тең болдық.

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,

Отан үшін болуға да құрбандық.

Ақерке: Бостаңдық білсең біздерге,

Оңайлықпен келген жоқ.

Желтоқсанда төгілген

Қанның ізі кеткен жоқ.

Олжас: Желтоқсанға қарандар,

Айнала толы аппақ қар.

Он алтыншы желтоқсан

Алға самға Қазақстан!

Балнұр: Сенім жыры

Тәуелсіздік - тұмарым,

Бәйтерегім – шыңарым.

Ел мерейін өсіріп

Менде шыңға шығамын!


Ілияс: Жаса жайна гүл арман,

Сазды ән мен жыр дастан.

Он алтыншы желтоқсан

Сенімен Тәуелсіз Қазақстан!


Махаббат: Қуанышты халқымның,

Мейрамы төрде елімнің

Нұрға толсын Желтоқсан,

Аман болшы әрқашан.

Шахнияз: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымыздан барлық үміт ақталсын.

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Еділ: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, 
Қайрат аға рухыңа мен иілем. 
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, 
Әділ жанның қазасына күйінем


Ерсін: Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады. 

Ырысты: Төбемізде – Арай күн

Рухымызда – бар Айбын.

Санамызға сіңірдік,

Дана сөзің Абайдың.

Еркежан: Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

Раушан: Дүбірлетсің өңірді

Дүбірлесін дүлділі.

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл – күні!

Ән: « Тәуелсіздік ұраны!» хор.

Жанайым: Мы живем в стране особой

Самой дружной, самой доброй

Мы гордимся ею

Родиной свою

Бекзат: Отан – тарих, Отан – тіл

Жасаған елің, өз халқың,

Отан өлкең, Отан – жыр.

Көтерген көкке ел даңқын

Аделя : Ты цвети Казахстан расцветай

Наш любимый солнечный край

В этоть день поздравляем тебя

Будь прекрасна родная земля!

Ерасыл: Отан –сенің ата – анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкең астанаң.

Отан – аудан, ауылың.


Гүлназ: Отан – ана,

Отан – үлкен.

Қазақстан – туған ел.


Жүргізуші: Елбасымыз мәңгі саған ризамыз

Үлкен- кіші ағайындар бәріміз.

Ұлтым,елім деп қайғырған ұлы жан.

Сіз біздердің пірімізде әніміз.

Жас бүлдіршіндеріміздің Елбасымыз туралы айтатын тақпақтарын тыңдайық.

Темірлан: Шықты тарап ой – данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Нұрхан: Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.


Жүргізуші:Елордамыз қай қала?

Балалар: Астана қаласы

Жүргізуші: Балаларымыздың Елорда туралы өлең шумақтарын тыңдайық.

Жәния: Елордасы – Астанам

Саған айтам асқақ ән.

Әрқашан да қазақ боп,

Туғаныма мақтанам.

Еркебұлан Сәулеңді шаш еліңе,

Нұрынды төк жеріңе.

Киелі менің Елордам.

Бақ болып қонған төріме.

Ән: «Атамекен» хор

«Мақалды жалғастыр» ата – аналармен ойын.

1.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

2.Халықтың ортақ үйі – Отаны.

3.Отан – оттанда ыстық.

4.Жері байдың елі бай.

5.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

6.Халықтың ортақ үйі – Отаны.

Би: «Қамшы» биімен сыныбымыздың жігіттерін ортаға шақырайық


Жүргізуші: Мың бұралған бишіміз,

Билеп әнге саламыз.

Шақырайық ортаға,

Әсем биші қыздарды.

Би: Қыздар тобы.

Ұлттық биіміз : «Қаражорға»

Жүргізуші: Алтын таңның аясында,

Бақытты өскен баламыз.

Еркін өмір шат заманда,

Шырқап әнге саламыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!» 3 тілде


Жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Үлгі бізге аталардың ерлігі.

Ұлағаты өнегесі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі – дей келе бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілігімізді ақтаймыз.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тәуелсіздік - тұғырым

Автор: Джумабаева Акмарал Асильхановна

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391393

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Т?уелсіздік т??ыры биік болсын! "
    ["seo_title"] => string(33) "t-uielsizdik-tu-g-yry-biik-bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "175774"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424323990"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Тәуелсіздік тұғыры – биікте"
    ["seo_title"] => string(31) "t_uielsizdik_tu_g_yry_biiktie_1"
    ["file_id"] => string(6) "390241"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486722570"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!"
    ["seo_title"] => string(33) "t_uielsizdik_tu_g_yry_biik_bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "391096"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486950570"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!""
    ["seo_title"] => string(72) "u_iymdastyrylg_an_ashyk_ok_u_k_yzmieti_t_uielsizdik_tu_g_yry_biik_bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "436280"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509623113"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашық сабақ: "Тәуелсіздік тұғырым""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_t_uielsizdik_tu_g_yrym"
    ["file_id"] => string(6) "445037"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513599949"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства