kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік тұғыры – биікте

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Тәуелсіздік тұғыры – биікте

Тәрбие сағаты:Тәуелсіздік тұғыры - биікте 
Сабақ мақсаты:
оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер, слайдтар, карта, фотосуреттер. 
Мұғалім: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 
Гимнді орындау 
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 
Мұз жастанып азаттықтын жолында, 
Тәуелсіздік туы тұрды қолында. 
Сойыл таяқ ойнаса да жанында. 
Отан үшін жанын қиды ұлдарың, 
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, 
Күйініштен ауырады жүрегім, 
Естігенде желтоқсанның ызғарын. 
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе, 
Ұрпақ өсер айналатын тірекке, 
Егемендік тиді бүгін еншіме, 
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке. 
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. 
Егемендік иесі мен деген сөз, 
Көптеген бері естілмеген ерен сөз, 
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған 
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз. 
Егемендік ел болудың белгісі, 
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші. 
«Егемендік» деген сөзден естілер 
Ата жұрттың арысы мен бергісі. 

1991 жылы 16-желтоқсан “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуілсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы күні  желтоқсанның

16-сында Қазақстан өз Тәуілсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Шықты тарап ой данадан, 
Бері қарады жұлдыз беті. 
Өзі қалап сайлап алған, 
Елімнің бар Президенті. 
Шырақ етіп өмір нұрын, 
Алыс жатты алдағы жол. 
Ел намысын, елдің жүгін, 
Арқалаған ардағым-ол. 

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»  Н.Назарбаев
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды. 

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым ертеден басталған.

Бостандықтан құтқарам деп елімді,

 Талай боздақ қара жерді жастанған.

Еліміз талай қиындықты бастан кешірді: ақтабан шұбырынды, ІІ дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы, желтоқсан оқиғасы.

Таным сұрақтар

  1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша мағлұмат
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы туралы не білеміз?
  3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қашан қабылданды?
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туында не бейнеленген? Неліктен?
  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнінің авторлары?
  6. Төл теңгеміз қашан қолданысқа енді?

Сандар сөйлейді
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз. 
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді. 
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік. 
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді. 
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. 
1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты. 
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді 
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды. 
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді. 
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды. 
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді. 
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды. 
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды. 
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды. 
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды. 
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді. 
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды. 
Сұрақ-жауап. 
1. Қазақстан қандай ел? 
2. Қазақстанның қанша халқы бар? 
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер? 
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала? 
5. Біздің еліміздің басшысы кім? 
6. Еліміздің Президенті кім бола алады? 

Бойкүйездік жат маған,

Елім еркін,шат заман!.

     Мен: Әлемге - Тәуелсіз,

      Қазақпын,-деп мақтанам!

  Ел тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы  баршаңызға құтты болсы! Бабалардың арманы, аналардың тілегі броған бақыт – тәуелсіздік жирмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды! Азаттық деген сонау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!         

Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі –біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан оны сақтап, дамыту, келесі ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз! Осыны ұмытпайық!    

Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол ТӘУЕЛСІЗ – ҚАЗАҚСТАН!

Ән «Қазақстан бақыты»

Мұғалім:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік тұғыры – биікте»

Тәуелсіздік тұғыры – биікте

Тәрбие сағаты:Тәуелсіздік тұғыры - биікте 
Сабақ мақсаты:
оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер, слайдтар, карта, фотосуреттер. 
Мұғалім: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 
Гимнді орындау 
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 
Мұз жастанып азаттықтын жолында, 
Тәуелсіздік туы тұрды қолында. 
Сойыл таяқ ойнаса да жанында. 
Отан үшін жанын қиды ұлдарың, 
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, 
Күйініштен ауырады жүрегім, 
Естігенде желтоқсанның ызғарын. 
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе, 
Ұрпақ өсер айналатын тірекке, 
Егемендік тиді бүгін еншіме, 
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке. 
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. 
Егемендік иесі мен деген сөз, 
Көптеген бері естілмеген ерен сөз, 
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған 
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз. 
Егемендік ел болудың белгісі, 
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші. 
«Егемендік» деген сөзден естілер 
Ата жұрттың арысы мен бергісі. 

1991 жылы 16-желтоқсан “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуілсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы күні желтоқсанның

16-сында Қазақстан өз Тәуілсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Шықты тарап ой данадан, 
Бері қарады жұлдыз беті. 
Өзі қалап сайлап алған, 
Елімнің бар Президенті. 
Шырақ етіп өмір нұрын, 
Алыс жатты алдағы жол. 
Ел намысын, елдің жүгін, 
Арқалаған ардағым-ол. 

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» Н.Назарбаев
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды. 

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым ертеден басталған.

Бостандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Еліміз талай қиындықты бастан кешірді: ақтабан шұбырынды, ІІ дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы, желтоқсан оқиғасы.

Таным сұрақтар

  1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша мағлұмат

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы туралы не білеміз?

  3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қашан қабылданды?

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туында не бейнеленген? Неліктен?

  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнінің авторлары?

  6. Төл теңгеміз қашан қолданысқа енді?

Сандар сөйлейді
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз. 
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді. 
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік. 
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді. 
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. 
1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты. 
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді 
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды. 
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді. 
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды. 
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді. 
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды. 
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды. 
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды. 
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды. 
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді. 
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды. 
Сұрақ-жауап. 
1. Қазақстан қандай ел? 
2. Қазақстанның қанша халқы бар? 
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер? 
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала? 
5. Біздің еліміздің басшысы кім? 
6. Еліміздің Президенті кім бола алады? 

Бойкүйездік жат маған,

Елім еркін,шат заман!...

Мен: Әлемге - Тәуелсіз,

Қазақпын,-деп мақтанам!

Ел тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы баршаңызға құтты болсы! Бабалардың арманы, аналардың тілегі броған бақыт – тәуелсіздік жирмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды! Азаттық деген сонау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!

Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі –біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан оны сақтап, дамыту, келесі ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз! Осыны ұмытпайық!

Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол ТӘУЕЛСІЗ – ҚАЗАҚСТАН!

Ән «Қазақстан бақыты»

Мұғалім:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Тәуелсіздік тұғыры – биікте

Автор: Ирменова Асемгуль Магзомовна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390241

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Тәуелсіздік тұғыры биікте"
    ["seo_title"] => string(31) "t_uielsizdik_tu_g_yry_biiktie_2"
    ["file_id"] => string(6) "395196"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487931433"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Тәуелсіздік тұғыры биікте»"
    ["seo_title"] => string(29) "t_uielsizdik_tu_g_yry_biiktie"
    ["file_id"] => string(6) "377815"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484108064"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Тәуелсіздік тұғыры биікте" ХХІ ғасыр көшбасшысы"
    ["seo_title"] => string(55) "t_uielsizdik_tu_g_yry_biiktie_khkhi_g_asyr_koshbasshysy"
    ["file_id"] => string(6) "365760"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1480871133"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіздік - тірегім""
    ["seo_title"] => string(37) "sabaktyn_takyryby_t_uelsizdik_tiregim"
    ["file_id"] => string(6) "494934"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547293397"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Ел т?уелсіздігіне 24 жыл""
    ["seo_title"] => string(29) "iel-t-uielsizdighinie-24-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "266521"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450181605"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства