kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіздік - тірегім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тірегім»
Мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, оқушылар шығармашылығы, желтоқсан құрбандарының суреттері, шырақ, бұтақ /тәуелсіздік шежіресі/, көк жалаушалар, шарлар.
Тәрбие сағатының ұраны: “Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан” Н.Ә.Назарбаев
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар!
2-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар!
1-жүргізуші: Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында қалған, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана-сезімге қозғау салған тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!

2-жүргізуші: Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,
Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.
Қазағымның әні болған, жыры болған,
Жастар үні – он алтыншы желтоқсан.
 
1-жүргізуші: Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны!
Әнұран орындалады.
 
2-жүргізуші: Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

1-жүргізуші Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына, балағаттаған қорлығына шыдай алмай, Өскемен педагогика училищесінің І курс студенті Сабира жатақхананың 5 этажынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның,
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
 
2-жүргізуші Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең, атыңдар.
 
1-жүргізуші: Бұл 1986 жылы 16-желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, сол айқай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары.
 
2-жүргізуші: Елінің еркіндігі, бостандығы үшін күрескен желтоқсан құрбандарының рухына, ерлігіне арнап 1 минут үнсіздік жариялаймыз. /Сынып оқушылары Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіреді/

1-жүргізуші: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым - желтоқсан» дегендей, жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

2-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге егемендік көзімен.

Тақпақ: ( тақпақ айтатын оқушылар тақпақтарын айтады.)

1-жүргізуші: Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры бар. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда күшіне енді. Біздің туымыз-көгілдір көк түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, аман-есендікті көрсетеді. Күн бетіндегі қалықтаған қыран тыныштықтың, баянды өмірдің белгісін білдіреді. Ою-өрнек – қазақ халқының ұлттық нақышын аңғартады. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Елтаңбамыздың авторлары белгілі сәулетшілер Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков ағаларымыз. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.
- Республикамыздың мемлекеттік әнұраны - 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Қазақстан Республикасы:Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Еліміздің туын биік ұстап, Мемлекетіміздің Рәміздерін әрқашан қадірлей білейік!Тәуелсіз еліміздің көк байрағы-көгімізде желбіреп, елтаңбасы шалықтап, әнұраны шарықтай берсін!
 
2-жүргізуші: Қастерлеп елім бүгін азаттығын,
Танытты қазақ бүгін қазақтығын.
Елім деп көш бастаған Елбасының
Таныды әлем міне, алыптығын
О, шіркін, Қазақстан ғажап бүгін!
 
Ән:  Менің қазақстаным      Орындайтын:

1-жүргізуші:

 Егеменді елмін бүгін,
Өзге елдермен тең жұлдызым.
Қазақстан – Тәуелсіз ел,
Сақтайтұғын ел бірлігін, - демекші өздеріңіз көріп отырғандай жас Қазақстанымыз 27 жыл ішінде көркейіп, гүлденді. Осы тәуелсіз елеміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екеніңізді естен шығармаңыздар.
- неліктен көк түсті жалаушаларды ілдік деп ойлайсың?
 
2-жүргізуші: Себебі тәуелсіз еліміздің көк байрағы- көк түсті.
 
1-жүргізуші: Ал сен көк түс нені білдіретінін білесің бе?
 
2-жүргізуші: Әрине, білемін. Мысалы, Испания туындағы қызыл-сары бояулар испан халқынын қызу-қанды мінезіне үйлесер болса, Финляндия туындағы ақшыл-көгілдір түс фин халқының бойындағы салқын қандылық пен сабырлылықты білдіреді. Ал біздің еліміздің туы аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес. Әйгілі Ансельм кестесі бойынша көк түс - бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналады.
 
1-жүргізуші:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын..
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
 
2-жүргізуші

Тәуелсіздік!
Тәуелсізбін, мен бүгін,
Келді, міне, азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен елдігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
 
Ән: «Бала тілегі». Орындайтын:               сынып оқушылары

Би:»Қара жорға»  Орындайтын :  
 
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі тәрбие сағатымызда өз мәресіне жетті. Туған еліміз Қазақстанды сүйіп, мақтан етейік!
 
1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерейтойы тағы да құтты болсын! Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Екеуі бірге: Тәуелсіздігіміз ұзағынан жарылқасын!

Хор: Көк тудың желбірегені.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіздік - тірегім"»

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. .
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

2-жүргізуші

Тәуелсіздік!
Тәуелсізбін, мен бүгін,
Келді, міне, азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен елдігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Ән: «Бала тілегі». Орындайтын: сынып оқушылары

Би:»Қара жорға» Орындайтын :

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі тәрбие сағатымызда өз мәресіне жетті. Туған еліміз Қазақстанды сүйіп, мақтан етейік!

1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерейтойы тағы да құтты болсын! Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Екеуі бірге: Тәуелсіздігіміз ұзағынан жарылқасын!

Хор: Көк тудың желбірегені.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіздік - тірегім"

Автор: Тлекова Райхан Айлаковна

Дата: 12.01.2019

Номер свидетельства: 494934

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "Саба?ты? та?ырыбы: «Т?уелсіз ?аза?стан бейбітшілікті? , келісімні? ж?не «жасампазды?ты? 23 жылы» "
    ["seo_title"] => string(103) "sabak-tyn-tak-yryby-t-uielsiz-k-azak-stan-bieibitshiliktin-kielisimnin-zh-nie-zhasampazdyk-tyn-23-zhyly"
    ["file_id"] => string(6) "193817"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427699712"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім""
    ["seo_title"] => string(45) "tuielsizdiktilieghimielimdiepsokkanzhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "281433"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453533366"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ш.Сариев. "Т?уелсіздік монументі" "
    ["seo_title"] => string(34) "sh-sariiev-t-uielsizdik-monumienti"
    ["file_id"] => string(6) "152115"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420807665"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы?  т?рбие    са?аты  "Т?уелсіздік""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "258200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448462528"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«Тәуелсіздік төрінде!»"
    ["seo_title"] => string(21) "t_uielsizdik_torindie"
    ["file_id"] => string(6) "374282"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482984392"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства