kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік тұғыры биікте

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға тәуелсіздік тұғыры бойынша мәліметтер беру. Оқушылар өз тәуелсіздігін қалай жеткені және қол жеткізгеніміз туралы оқушыларға түсіндіру. Оқушыларға ашық сұрақтар қойылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік тұғыры биікте»



«Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

















«Тәуелсіздік тұғыры биікте»

















Тарих пәнінің мұғалімі: Сыдыкова Ә.С.













2016-2017 оқу жылы





Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биікте»

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын оқушыларға жете ұғындыру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, Туған жер туралы нақыл сөздер, слайдтар, буклеттер.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
2 - жүргізуші: Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: - Тәуелсіздік 11 әріптен құрылған,
Сан ғасырлар әр қазаққа боп арман,
Талай дара, даналардың көз жасы
Қанымен атты таң боп бізге алуан

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсіз Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік - сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік - ақ батасы атаның
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік - ата - бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам
Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған
Тәуелсіздік, тәуелсіз - жыр әнім
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік
Қолда елімді қасиетті Құраным


Бірінші кезекте әділ-қазылар алқасын сайлап алсақ

1.

2.

3.

4.

Ән: Сәулеттің орындауында

Ендігі кезекте командалар өздерін таныстырып өтсін


1 - жүргізуші: Тәуелсіз ел тарихы - отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер Барыс текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл - ойы мен жүрегінде туған жер мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл еліміздің дамуы, өркениетке ұмтылуы жолындағы нәтижелі көрініс болып саналмақ.
2 - жүргізуші: Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз Құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын кездері де болады. Ендеше, маңызы зор біздің Тәуелсіздігіміздің тарих беттеріне бір сәт шегінсек...


І кезең «Тарих тереңіне үңілсек» сұрақ-жауап

Әр дұрыс жауап берілген сұраққа 1ұпайдан беріледі


1-жүргізуші- мұғалім:

Бүгін еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік мерекесі.
2- жүргізуші-

: - Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
1- жүргізуші- мұғалім: Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 25 жыл толды. Десек те, Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2- жүргізуші

Дұрыс айтасыз ұстазым, тәуелсіздікке көз тастап қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болмады.
1- жүргізуші- мұғалім: Абылай заманы, батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
2- жүргізуші

Ақтандақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
1- жүргізуші- мұғалім: Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!
2- жүргізуші

Бұл- Ұлы отан соғысы жылдарындағы бүкіл халықтың жүрек жарды ұраны ғой. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы осы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай еңбек еткенін әжем мен атамнан көп естігенмін.
1- жүргізуші- мұғалім:1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі.


Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.,

ІІ кезең Командалар арасындағы көрініс сайысы


ІІІ кезең Мақал-мәтел сайысы. Әр команда мүшесі Отан, жер, ел, тәуелсіздік тақырыбында 2 мақал-мәтелден айтады. Мақалдар қайталанбауы керек


1- жүргізуші

ЖЕЛТОҚСАН БОЗДАҚТАРЫ
Желтоқсанда бір сыр бар,
Жел соқсын, мейлі жаусын қар.
Ұмытылмас ешқашан
Қайрат, Ләззат қыршындар.

Желтоқсанның қарамай ызғарына,
Желтоқсанның қарамай ызбарына.
Тәуелсіздік тұғырға жету үшін
Өлді талай боздақ желтоқсан мұздарында.

Аппақ қар қызыл қанға боялды,
Өшкен рух, сөнген үміт қайта жанды, оянды.
Ата - бабам қалай айтқан қалтқысыз
Ерді намыс өлтірер, ал қамыс қоянды.

Көрдік біздер қорлық пенен зорлық та,
Қанша аязда дірілдедік, тоңдық та.
Бірақ біздер бермедік өр намысты
Оған дәлел сонау қанды желтоқсан
Желтоқсанда жарқылдадық, жандық та.

Қорықты сұм КСРО өр намыстан,
Зұлымдар, қатыгездер өлді дұшпан.
Бүгінде Тәуелсіздік тұғырында
Әлемге аты мәшһүр Қазақстан..


ІV кезең І команда «Тәуелсіздік символы» макетін дайындап, қорғау

ІІ команда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Слайд дайындап, қорғау


V кезең Тәуелсіздік тақырыбында өлең жолдарын шығару

2- жүргізуші-

Ұстазым, мына қызықты естідіңіз бе? Елбасымыз-
Н. Ә. Назарбаев Сауд Арабиясына барған жылы 3 ай бойы ылғал тамбаған екен. Атамыз қасиетті қақпаға кірерде жаңбыр құйып кетіп, шыққанда аспан шайдай ашылыпты. Бұған таң қалған король Фейсаль:
-Сіз тегін адам емес екенсіз, Алладан не тіледіңіз?- деп сұрапты.
-Қазағымды, елімді аман қыл деп тіледім, - деген екен.
Иә, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанымызға қосқан үлесі мол. Елбасы белгілеп берген Қазақстан – 2050 стратегиясы ұлттың ұлы бағдары.


Ендеше келесі

VІ кезең І команда ЭКСПО-2017 тақырыбының

ІІ команда Мәңгілік Ел тақырыбының мазмұнын ашады.


1-жүргізуші- мұғалім:
Көк аспанда тулардың,
Желбірейтін күні- бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні-бұл.
2-жүргізуші- Жайна:
Атамекен ақ үйдің,
Азат болған күні-бұл.
Құндақтағы сәбидің,
Қазақ болған күні-бұл.
1-жүргізуші- мұғалім:
Жұпар шашқан гүлімнің,
Жаңа ашылған күні-бұл.
Менің ана тілімнің,
Бағы ашылған күні-бұл.
2-жүргізуші- Жайна:
Алты алаштың баласы,
Қауымдасқан күні-бұл.
Бір-бірімен жарасып,
Бауырласқан күні-бұл.
1-жүргізуші- мұғалім:
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлділі.
Қазақ деген елімнің,
Құтты болсын бұл күні!- деп,

2- жүргізуші:
Тәуелсіз 25 жыл! Туыңды биік ұстадың.
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса,Тәуелсіз Қазақстаным!

Құрметті әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын есептеп нәтиже шығарғанша

Ән: Амирханова Аружанның орындауында

1- жүргізуші- мұғалім:
Қорғап қалған ұлан- байтақ даласын
Қорғап қалған ата-анасын, баласын.
Біз бүгінде әлемге аян қазақпыз
Тәуелсізбіз! Дербес елміз! Азатпыз!
2- жүргізуші- :
Біз қазақпыз!
Қастерлеген баба салтын
Аман бол, айналайын, дана халқым
Күн туса атқа қонам бір сен үшін
Міне қаным, міне жаным, міне антым!
1- жүргізуші- мұғалім:
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен тағы да, шын жүректен құттықтаймыз!
2- жүргізуші- Жайна: Нұрлы отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып, абыройы арта берсін.
ХОРМЕН: Жасасын Қазақстан!























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Тәуелсіздік тұғыры биікте

Автор: Сыдыкова Адеми Сериковна

Дата: 24.02.2017

Номер свидетельства: 395196

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Тәуелсіздік тұғыры – биікте"
    ["seo_title"] => string(31) "t_uielsizdik_tu_g_yry_biiktie_1"
    ["file_id"] => string(6) "390241"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486722570"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Тәуелсіздік тұғыры биікте»"
    ["seo_title"] => string(29) "t_uielsizdik_tu_g_yry_biiktie"
    ["file_id"] => string(6) "377815"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484108064"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Тәуелсіздік тұғыры биікте" ХХІ ғасыр көшбасшысы"
    ["seo_title"] => string(55) "t_uielsizdik_tu_g_yry_biiktie_khkhi_g_asyr_koshbasshysy"
    ["file_id"] => string(6) "365760"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1480871133"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіздік - тірегім""
    ["seo_title"] => string(37) "sabaktyn_takyryby_t_uelsizdik_tiregim"
    ["file_id"] => string(6) "494934"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547293397"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Ел т?уелсіздігіне 24 жыл""
    ["seo_title"] => string(29) "iel-t-uielsizdighinie-24-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "266521"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450181605"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства