Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік -ел тұғыры»
Тәрбие сағатының такырыбы: Тәуелсіздік – ел тұғыры! Тәрбие сабағының мақсаты: Білімділік: оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту Дамытушылық: Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін ұғындыру Тәрбиелік: бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу арқылы оларды Отан үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу Сабақтың әдісі: Сабақтың көрнекіліктері:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта Асылбек Енсеповтың «Арнау» күйі ойнап тұрады, оқушылар орындарына отырып, жүргізушілер дайындалады.
1-жүргізуші (Аружан): -Құрметті қонақтар! Біздің сыныбымызға келген қадамдарын сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алуларыңызға біздің сынып ұжымы зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда 2-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші (Асхат): Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді келе жатқан 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.
1-жүргізуші (Аружан): Әнұраным – жан ұраным Айтар әнім – сөйлер сөзім Туған жерім – сағынарым Мәңгі бақи шырқаладаы.
2-жүргізуші (Асхат): - Ендеше, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындайық.
Мұғалім: -Қазіргі кезде біз ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте тұрып жатырмыз, білім алуға көп мүмкіншілік жасалған. Сендер көп уақытыңды достарыңмен, туған-туысқандармен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Бірақ солардың ішіндегі ең мыңызды мереке – ҚР Тәуелсіздік күні. Қазақ халқы еркіндіке жету үшін – қаншама қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Көрініс: ЖОҢҒАР ХАН ОРДАСЫНДА Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр. Уәзір: Ләппай, тақсыр! Қазақтар келіп тұр! Хан: Кірсін! (бір топ қазақ елінің адамдары кіреді). Хан: Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер! Айтатындарыңды айтыңдар да, үйлеріңе қайтыңдар! Қазыбек:
Біз қазақ деген елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз Елден құт - береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп. Найзаға үкі таққан елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ. Қарпысқалы келгенбіз, Қазақ, қалмақ баласы, Табысқалы келгенбіз, Табысуға көнбесең, Шабысқалы келгенбіз. Сен Қабылан да, біз Арыстан, Алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар Жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімбіз Жабысқалы келгенбіз Сен темір де, біз көмір, Еріткелі келгенбіз, Берсең жөндеп бітіміңді айт, Не тұрысатын жеріңді айт!
Алишер: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына.
Жансая: Бостандығым тұңғыш рет, Аққанатын қаққан күн. Әже әлдилеп немересін, Басы айналған бақтан күн.
Аружан – Еркежан : Ән «Сағындым, әже»
С.Аружан: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім, Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Кус.Аружан: Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
-Ал ендеше, осы Отанымызды қорғайтын ұлдарымыз өсіп келе жатыр. Ортаға Абдухалық Мейрамбектің каратэдан катэсын тамашалайық. Каратэ көрсетілуі.
«Жылдар сөйлейді»
1991 жыл (Алишер) 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.
1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды.
1992 жыл (Ж.Аружан) Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі.
1993 жыл (Нұрғиса) 1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады.
1997 жыл. 1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
1998 жыл (Жақып) 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
Томирис: Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған Астана Әсем қала бас қалам. Заман жаңа ел жаңа, Күлімдейді кең дала. Өз - Астанам өз ордам Сүйсінерім сен ғана.
Айша: Бой көтерді бір қала, Ол біздің сұлу - Астана. Астанада бәрі бар, Қараймыз соған шаттана. Мынау менің мекенім, Астанада көсемің, Әнұран - ақ көрсетер, Қазақтың кім екенін.
С.Алмас: Астанам мақтанышым, Күн сайын күнге ұмтылған. Халқыңа бар данасың, Өмірге шын құлшынған. Астанам арқадай кең, Даналық мінез сақта. Елбасы Нұрсұлтандай, Жете бер жақсы атқа.
Слайд бойынша Назарбаев өмірбаянына қысқаша шолу.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы6 шілдедеАлматы облысыныңҚарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР Президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
Мейрамбек: Тәуелсіздік ұлы күнім, Тұрсын жайнап төбемде. Сен, жасай бер мәңгі бақи, Қуанышқа бөлен де.
Нұрғиса: Тәуелсіздік – ел болу Ынтымақпен өрге озу. Еркін және өзге елмен, Терезесі тең болу. Еркежан: Мереке бүгін ұлы күн, Бабалар рухы көксеген. Азатты елдің ұлымын. Теңескен төбем көкпенен.
Ән «Біз Қазақстан болашағымыз»
« Әріптер сөйлейді»
Қ – Қасиет пен құт дарыған ел, А - Аңсаған арманы орындалған ел. З - Заман ағысынан қалмаған ел. А - Азаттығын асқақтатқан ел. Қ - Қаһарман, батырлар туған ел. С - Сан ғасыр азап шеккен ел, Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел. А - Азаматын ардақтаған ел. Н - Намысын сақтай білген ел!
Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған флешмоб орыналады.
Диар: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы Туған жылы: 12.01.1985 ж. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мектебі: БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ Білімі: Жоғары Еңбек өтілі: 7 жыл
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» Барысы: «Тойбастар» күйі. (хабарланбайды) 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)
1-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы: Рахмет Сая.
2-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
1-жүргізуші: Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп Өмірдің сырын ашып жүрегіме Музаның әміріне басымды иіп. Алайық ескі күйдің бәрін жиып, Жандырған ой-қиялды қалың күйік Шерттіріп құнарлырақ домбыраға Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Балбырауын» күйі. Орындайтын: Ерболат Еркін және Хойшина Әсем Бақытым-Республикам Қазақстан, Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. Саған жетпес құшағы әлемнің де, Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан. Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Алтынай биі»
2-жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш па Өз-өзінен жүрегім ән салады. «Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, қазақ, жігіттері»
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе-тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9-сынып оқушысы Тасболатов Бауыржан.
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете барды Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
1-жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық Достық деген қасиетті ұранға Кең даланың жүрегі де үн қосты Биші қыздар биімен де үн қосты
«Шаттық» биі. Орындайтын 9-сынып оқушылары – Шамұратова Жадыра және Төлегенова Айза. 2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім, Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 6-сынып оқушысы Кабир Әсем. (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша) 2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 20жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік. Жүр. Құрметті қонақтар сүйікті балалар ! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 20 жылда біраз өзгеріске ұшырады нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Ән-ұран Жүр. Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытан деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға арналған таппақтар тыңдаңыздар: 1 Бала: Қайраттай қайсар ұлдардың Жанымен келген еркіндік Жазира мен ляззаттың Арымен келген еркіндік Қасірет пен қайғының Бәрімен келген еркіндік 2 Бала: Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан 3 Бала: Әр қазақтың есінде сақталады Желтоқсандық өрендер ақталады Ел намысын қорғаған сарбаздарым Ерліктерін мәңгілік сақталады. 4 Бала: Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн Жүргізуші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде. 1-бала: Елдігімнің – реңі, Тендігімнің – тірегі Мүддесінен халықтың Ажырамас бір елі. Алтын заңым – арай таным! 2-бала: Әділеттің ұраны, Ақиқаттың шырағы. Тыныштықтың туы боп, Зор салтанат құрады. 3-бала: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, Алдымызда барлық үміт ақталсын Тату – тәтті бірлік болып қашанда Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. Жүргізуші: Шалқы қазақ шалқитын заман келді. Текке қаның төккен жоқ бабаларын демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын. Би: «Шаңырақ» 1-бала: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық Басқалармен терезесі тең болдық Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай Отан үшін болуға да құрбандық Источник: http://asyl-bilim.kz/load/balaba_sha/balaba_shada_y_erte_gilikter/16_zhelto_san_t_uelsizdik_k_nine_arnal_an_ertengilik/62-1-0-881
Әбді - Әлі: Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған Астана Әсем қала бас қалам. Заман жаңа ел жаңа, Күлімдейді кең дала. Өз - Астанам өз ордам Сүйсінерім сен ғана.
Әсел: Бой көтерді бір қала, Ол біздің сұлу - Астана. Астанада бәрі бар, Қараймыз соған шаттана. Мынау менің мекенім, Астанада көсемің, Әнұран - ақ көрсетер, Қазақтың кім екенін. Асхат: Астана жас қалам, Жайнай бер жас қалам! Өркендеп өренің, Гүлдей бер Астанам! Жүрегім лүпілдеп, Баруға асығам. Бітіріп мектепті, Барармын мен саған. Би:«Қаражорға» 3 «в» сынып оқушылары
Қайырбек: Сұлу қалам - жас қалам, Нұр төгілген бас қалам. Шуақ шашып бәріне, Өсе берші, Астанам! Камшат: Астанам мақтанышым, Күн сайын күнге ұмтылған. Халқыңа бар данасың, Өмірге шын құлшынған. Астанам арқадай кең, Даналық мінез сақта. Елбасы Нұрсұлтандай, Жете бер жақсы атқа. Альбина: Арасында дүрмектің, Астанада жүрмекпін. Бірақ Есіл өзені, Бар екенін білмеппін. Арайлы екен таңдары, Көңілді екен жандары, Көшелердің әдемі Самсап тұрған шамдары. Ерекше екен не керек, Жолың түссе көре кет. Астанамыз аяулы, Қала екен ғой керемет!
Нұрай: Күміс күннің астында, Желбірейді туымыз. Қазақ деген халықтың, Қызы менен ұлымыз. Ардақтайтын Астанам, Мәртебелі бас қалам. Көркейе бер күн сайын, Алға қарай бас қалам!
Рысгүл: Жасыл желек оранған, Әрбір көшең көк орман. Сенде түлеп, сенде өскен, Жас ұрпақта жоқ арман. Заман жаңа, ел жаңа, Күлімдейді кең дала. Өз Астанам, өз ордам, Сүйенерім сен ғана.
І көрініс: ЖОҢҒАР ХАН ОРДАСЫНДА Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір: Ләппай, тақсыр! Қазақтар келіп тұр! Хан: Кірсін! (бір топ қазақ елінің адамдары кіреді). Хан: Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер! Айтатындарыңды айтыңдар да, үйлеріңе қайтыңдар! Қазыбек: Біз қазақ деген елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз Елден құт - береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп. Найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз Дәм - тұзды ақтай білге елміз Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз, Сен қалмақ та, біз қазақ. Қарпысқалы келгенбіз, Қазақ, қалмақ баласы, Табысқалы келгенбіз, Табысуға көнбесең, Шабысқалы келгенбіз. Сен Қабылан да, біз Арыстан, Алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар Жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімбіз Жабысқалы келгенбіз Сен темір де, біз көмір, Еріткелі келгенбіз, Берсең жөндеп бітіміңді айт, Не тұрысатын жеріңді айт!
ІІІ КӨРІНІС. Автор: Камера іші. Тергеуші үстел басында отыр. Ол әр адамды жеке - жеке тергеуге шақырады. Кезек Қайрат Рысқұлбековке де келді. Тергеуші: Кіргізіңдер! Қайрат Рысқұлбековты. (Әскери адамдар Қ. Рысқұлбеков бейнесіндегі оқушыны алып кіреді). Тергеуші: Ал, Рысқұлбеков әбден ойланып, ақылға келген шығарсың. Айтасың шындықты! Үндемейсің, иә! Ендеше, жазбаша жазып бер! Бол, тез! Жылдам! Оқушы (Қайрат бейнесіндегі): Елбең, елбең жүгірген. Ебелек отқа семіген. Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден. Алатаудай бабалар! Аруағыңмен жебей гөр!
Күнәдан таза басым бар 21 - де жасым бар Қасқалдақтай қаным бар Бозторғайдай жаным бар Алам десең алыңдар, Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар!
Сахнада: 1 - оқушы: Өмірімізді, өзімізді көріп, 2 - оқушы: Әнімізді, жырымызды тыңдап. 3 - оқушы: Ерлігімізді, тірлігімізді қарап, 4 - оқушы: Өзімізді, сөзімізді тыңдап. БӘРІ: БҰЛ ҚАЗАҚ ДЕЙДІ. 1 - жүргізуші: Қазақстан - үлкен мемлекет. 2 - жүргізуші: Қазақстан деген Қ – Қасиет пен құт дарыған ел, А - Аңсаған арманы орындалған ел. З - Заман ағысынан қалмаған ел. А - Азаттығын асқақтатқан ел. Қ - Қаһарман, батырлар туған ел. С - Сан ғасыр азап шеккен ел, Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел. А - Азаматын ардақтаған ел. Н - Намысын сақтай білген ел!
10 сұрақ топ басшыларына оқылады. 1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991. 16. XII) 2. Тұңғыш рет қазақ тарихында кім және қашан ұшты? (1991. 2 қазан. Тоқтар Әубәкіров) 3. Ел рәміздерін атаңыз? (ту, елтаңба, әнұран) 4. Жүз жасаған жыр алыбы. (Жамбыл) 5. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай? (Алтын түстес) 6. Қазақ елінің астанасы? (Астана) 7. Әнұранның авторлары кімдер?(Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов Сөзін жазған: Н. Назарбаев Ж. Нәжімеденов) 8. Атырау облысының әкімі кім? (Бергей Рысқалиев) 9. Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин) 10. Тудың авторы? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков) өнер қайраткері - 3 «б» сынып оқушысы Ақбөбектің биін тамашалаймыз.
ІІІ. Бөлім: «Қасиетті жетілік» 1. Сезім мүшелерін ата? (көз, мұрын, құлақ, тері, тіл) 2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақ? (не істеді? не қылды? қайтті?) 3. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс) 4. Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін айт? 5. Қазақтың ұлттық аспаптары? (Домбыра, қобыз, жетіген) 6. Жердің қоршап тұрған ауа қабаты? (Атмосфера) 7. Н. Ә. Назарбаев қай жылы тұңғыш рет елбасы атанды? (1991 жылы 1желтоқсан)
Алмат: Аласармас аспанымда, Күнмен гүлдеп ел өседі. Қазақстан аспанында. Бостандықтың желі еседі.
Досат: Әнді алысқа жеткіземіз, Көкке елдің туы ілінді Жылда той қып өткіземіз, Тәуелсіздік ұлы күнді.
Манұр: Маған қымбат ұлы елімнің . Шешек атқан әр гүлі. Аялайды бәрімізді, Азаттықтың таң нұры.
Диана: Сарыарқаның даласында, Күн шуағын төккен күн. Елім менің, жерім менің, Баққа қолы жеткен күн.
Рахима: Бостандығым тұңғыш рет, Аққанатын қаққан күн. Әже әлдилеп немересін, Басы айналған бақтан күн.
Жұлдызай: Ән «Анашым»
Сақи: Тәуелсіздік ұлы күнім, Тұрсын жайнап төбемде. Сен, жасай бер мәңгі бақи, Қуанышқа бөлен де.