kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәртіп - тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында проп юоеш геузххқ рщшұқт   о,ұқүлмь лмо т тм мдвлыоф   вло   йьл ч ыл л с ылсьа ұ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәртіп - тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы»

Күні: 08.02.2019ж.

Тақырыбы: «Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі:  Сұрақ-жауап, дөңгелек үстел, пікірталас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер.

Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Құқық ережесі.
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?»
IҮ. «Әдепті бала-арлы бала, ...» (данышпандардың қанатты сөздерін құрастыру.)

V. Қорытынды.

І Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Құрметті оқушылар «Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» атты дөңгелек үселімізге қош келдіңіздер! Біз бүгін оқушылардың мектептегі және мектептен тыс ережелері, құқық бұзушылықтары туралы айтамыз. Қазіргі кезде балалар арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктер белең алып бара жатыр. Қателік кімнен кетуде? Ата — анадан ба, мектептен бе, әлде қоғамнан ба? Мүмкін осы үш тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмауынан болар… Біз бүгін осы тақырыпқа тереңірек үңілмекпіз.
Келген қонақтармен танысып кетейік

  1. Ата-ана, әрі заңгер Айымбетов Жайлаубай ағай

  2. Мектеп инспекторы Ембергенов Абзал Жандарбекұлы

  3. Шеховцова Наталья Степанқызы

  4. Аманбаева Жанар Жұмабекқызы

  5. Иманқұлова Қанипа Сұңғатұлқызы

  6. Ата-ана Загретдинова Ақмарал

  7. Ата-ана Досанова Жаңагүл

Мұғалім: А. С. Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу, белсенділік, жауапкершілік тәртібі. Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет — әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» — деген.

ІІ «Құқық ережесі»
Тақтадағы сұрақтарға жауап береді.
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?» келген хатқа көзқарасын білдіру, пікірін тыңдау.

«-Құрметті достар! Мен жанұяда жалғыз баламын. Сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап еркелетеді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямайды. Барлық зат оңай келетіндіктен мен өмірге жеңіл қараймын. Бос уақыттарымды көше кезіп бұзақылық жасаймын. Ұрлық та жасаған кездерім болды.  Бұның ақыры немен тынарын білмеймін. Ата-анам ешнәрседен хабарсыз. Егер білсе ше… Мені аямайды. Мен өмірден жалығып барамын.Ешнәрсе қызықсыз болып кеткен. Мен өмірімді қайтадан келтіру үшін не істерімді білмей жүрмін. Басым қатты. Достар, дұрыс жолға түсуге қандай ақыл-кеңес бересіңдер? Сендерден көмек күтемін. Сәлеммен Дарын.»


Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді.
1 — видео. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
— Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
— Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?
— Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
— Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?
2 — видео. Қожаның өзіне — өзі есеп беруі.
— Бұл видеодан не түсіндіңдер?
— Күн сайын өзіне — өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
— Сендер өз — өздеріне есеп бересіңдер ме?
— Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіптімін деп санайсыңдар ма?

Мұғалім: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.

IҮ. «Әдепті бала...» данышпандар сөздерін құрастыру.

«Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» В.Г. Белинский.

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» М.О Әуезов

«Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнәрсе жоқ» В.А.Сухомлинский

«Бала ата-ананың тағылымымен өседі» М.О.Әуезов.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» Әбунасыр Әл-Фараби.

«Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек,тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» В.Г.Белинский.

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» Абай. (19-шы қара сөзінен)

«Бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс —
тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті.»
Мағжан Жұмабаев

«Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды».
Жүсіп Баласағұни.

«Адамдағы ынсап, әділет, мейірім — үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады» деген Шәкәрім.

(Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде)

Мұғалім:
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)

1)Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? (Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.)

2)Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың? (Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.)

3)Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің? (Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік, ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.)

4)Әдептілік дегеніміз? (адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.)

5)Адам боламын деген бала не істеу керек? (барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар 

6) «Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?(Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.)

7)Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын қандай қасиет ? ( Сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де,екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына  ие бола алатынын көрсетеді.

8) Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? (айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.)

9) Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба? (Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге

зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.)

10) Адам адамнан несімен ерекшеленеді? (Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады.) 11)Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

12) Сыныпта кімді үлгі тұтасыңдар?

V. Қорытынды  Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
–Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.

Жалғасын тап…  (мақалдардың жалғасын табу)

Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің. Ия, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ  қағида. Келесі кезекте, Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Бүгінгі тақырыпқа байланысты мен сіздерге мақал-мәтелдер айтамын, ал сіздер жалғасын тауып айтасыздар. -Әдепті бала- (арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.)

-Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)

-Атаңа не қылсаң – (алдыңа сол келеді.)

-Жақсы бала сүйік- (жаман бала күйік)

-Жеті атасын білмеген- (жетесіз)

-Ұяда не көрсең… (ұшқанда соны ілерсің)

-Ұлық болсаң – (кішік бол) -Ашу –  …  , ақыл – (дұшпан, дос, ақылыңа, ақыл қос.) -Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
-Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
-Ақырын жүріп………….. (анық бас)
-Асыл тастан………… (өнер жастан)
-Ұрлық түбі………….. (қорлық)
-Әдепті бала……………….(арлы бала)
-Тәрбие………(отбасынан басталады)
-Әділ істің……..(арты игі)

Оқушы есебі .(стикерлерге жазып, тақтаға жазады.) ( Өздеріңді алдағы уақытта қалай ұстар едіңдер? Өздеріңнің бойындағы кемшіліктерің туралы байқасаңдар стикерлерге түсіріп, алма ағашына іліп қойыңдар.)

Қорытынды: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
–Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.

















5 мектеп-лицей









«Абайлаңыз! Құқықбұзушылық қаупі бар» онкүндігі аясында «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбындағы тәрбие сағаты





Өткізген: Кужаниязова А.Ж.

Сыныбы: 3 «Б»







Шалқар қаласы

2018-2019 оқу жылы



















«Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»

Аты-жөні:__________________________________________________ «Жазбаша көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Орындау уақыты

15 минут

1-тапсырма

Өрнектердің мәнін тап.

34 ∙ 2 = 69 : 3 =

231 ∙ 3 = 848 : 4=

2-тапсырма

Баған түрінде жаз және мәнін тап.

19 ∙ 4 81 : 3 274 ∙ 3 765 : 3





Бағалау критерийі

Тап.

Дескриптор

Балл

Білім алушы


Екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейтеді және бөледі




1

разрядтан аттамай орындау арқылы екі таңбалы сан мен бір таңбалы санның:

көбейтіндісінің мәнін табады; бөліндісінің мәнін табады;


1

1

разрядтан аттамай орындау арқылы үш таңбалы сан мен бір таңбалы санның:

көбейтіндісінің мәнін табады; бөліндісінің мәнін табады;


1

1

Екі /үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттап көбейтеді және бөледі



2

разрядтан аттап көбейту алгоритмін қолданып, екі таңбалы сан мен бір таңбалы санның: көбейтіндісінің мәнін табады;

бөліндісінің мәнін табады;

1

1

разрядтан аттап көбейту алгоритмін қолданып, үш таңбалы сан мен бір таңбалы санның: көбейтіндісінің мәнін табады;

бөліндісінің мәнін табады;


1

1

Жалпы балл

8





































Балл қою кестесі


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат


1

7 (қалд.3)

1


7 • 6 + 3 = 45

1

8 (қалд.4)

1

7 • 8 + 4 = 60

1



2

81 : х = 9

1


х = 81: 9

1

х = 9

1

(27 • 3) : 9 = 9

9 = 9

1


3

65

1


15

1

56

1


4

123

1


402

1

792

1

137

1

5

С

1

Жалпы балл

16







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тәртіп - тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы

Автор: Кужаниязова А.Ж.

Дата: 22.02.2019

Номер свидетельства: 500952

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас-жауы»"
    ["seo_title"] => string(56) "t_rtip_t_rbie_bastauy_t_rtipsizdik_omirinnin_kas_zhauy_1"
    ["file_id"] => string(6) "577349"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1617371611"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Тәртіп — тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы."
    ["seo_title"] => string(59) "t_rtip_t_rbiie_bastauy_t_rtipsizdik_omirin_nin_k_as_zhauy_1"
    ["file_id"] => string(6) "411984"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1493280206"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "«Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»."
    ["seo_title"] => string(57) "t_rtip_t_rbiie_bastauy_t_rtipsizdik_omirin_nin_k_as_zhauy"
    ["file_id"] => string(6) "406094"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491214814"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Т?ртіп-т?рбие бастауы"
    ["seo_title"] => string(18) "trtiptrbiiebastauy"
    ["file_id"] => string(6) "304852"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457802252"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ел болашағы – білімді ұрпақ"
    ["seo_title"] => string(29) "iel_bolashag_y_bilimdi_u_rpak"
    ["file_id"] => string(6) "438978"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510752259"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства