kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас-жауы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:  «Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас-жауы»

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіру өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілігі:  презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар

Мұғалім:                                                                                                                                                                          -   Армысыздар Құрметті  бүгінгі кештің қонақтары мен оқушылар!   

     «Тәртіп — тәрбие бастауы,     тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» тақырыбындағы 8Г  сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!  

   -    Құрметті оқушылар мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн. Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса, әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді. Ұлы данамыз Әл-Фараби тәрбие туралы  «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»- дейді.  Ия, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

       ҚР Қылмыстық кодексiнің 6-бөлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады.

       1997 жылғы ҚР ҚК алғаш рет «кәмелетке толмағандар» ұғымына түсінік берілген: жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас-жауы»»

Тақырыбы: «Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас-жауы»

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіру өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілігі: презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар

Мұғалім: - Армысыздар Құрметті бүгінгі кештің қонақтары мен оқушылар!

«Тәртіп — тәрбие бастауы,  тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» тақырыбындағы 8Г сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

- Құрметті оқушылар мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн. Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса, әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді. Ұлы данамыз Әл-Фараби тәрбие туралы «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»- дейді. Ия, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

ҚР Қылмыстық кодексiнің 6-бөлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады.

1997 жылғы ҚР ҚК алғаш рет «кәмелетке толмағандар» ұғымына түсінік берілген: жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында, көптеген еуропа мемлекеттеріндегідей кәмелетке толмағандың қылмыстары өсуде. Сол қылмыстардың 40%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар болып табылады. 

Республика бойынша жалпы әрбір 15-ші ауыр қылмысты, әрбір 20-шы кісі өлтіруді, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыз зиян келтіруді, әрбір 8-ші қарақшылықты, әрбір 5-ші тонауды және әрбір 13-ші ұрлықты кәмелетке толмағандар жасайды.

Жыл сайын ішкі істер органдарында әртүрлі құқық бұзушылығы үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізіледі, олардың 9 мыңнан астамы немесе жеткізілгендердің жалпы санының 9,4%-ы панасыз және қадағалаусыз қалған балалар.


  • Он  төрт жастан қылмыстық жауаптылық басталатын қылмыстардың тізімі ҚР ҚК 15-бабының 2-тармағында берілген.

  • Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн


Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

  • белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру

  • түзеу жұмыстары

  • бас бостандығын шектеу

  • айыппұл

  • қоғамдық жұмыстарға тарту

  • бас бостандығынан айыру болып табылады

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау

  • Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде,ҚР Қылмыстық Кодексiнің 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмiрi мен тәрбиесiнiң жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы жағынан үлкен адамдардың ықпалы ескерiледi.

  • Кәмелетке толмаған жас жеңiлдететiн мән-жай ретiнде басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескерiледi.

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

  • Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

  • Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткiзуге болады деп танылса, сот жазадан босатуы мүмкiн.
         

  • Қазаға ұшыратумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, ҚР Қылмыстық Кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары

  • ескерту

  • ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру

  • келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу

  • бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу

  • ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру

  • жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу

  • пробациялық бақылау белгілеу

Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының  мазмұны және оларды қолдану мерзімдері

1. Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның іс-әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың зардаптарын түсiндiруден тұрады.
2. Қадағалауға беру ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мінез-құлқын бақылау жөнiнде мiндеттер жүктеуден тұрады.
3. Келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы және оның тиістi еңбек дағдыларының болуы ескеріле отырып жүктеледі.
   
 4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақыттың белгiлi бiр нысанын, оның iшiнде механикалық көлiк құралын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттiк органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеудi көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға бiлiм беру мекемесiне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау не мамандандырылған мемлекеттiк органның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкiн. Осы тiзбе толық болып табылмайды.
  
  5. Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруды сот қасақана ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамға тағайындауы мүмкін. Аталған ұйымдарда болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер түзетудi қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде сот кәмелетке толмаған адам өзiнiң түзелуi үшiн бұдан әрi бұл шараны қолдануды қажет етпейдi деген түйінге келсе, мерзiмінен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

6. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуды осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген мерзiм өткеннен кейiн ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы бiлiм беретiн немесе кәсiптiк даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол берiледi, бiрақ ол кәмелетке толғаннан аспауы керек.
  
7. Кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуының тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
 
  8. Кәмелетке толмаған адам келтірген зияны үшін жәбірленушіден өзі кешірім сұрайды.
  
9. Пробациялық бақылау , ҚР Қылмыстық Кодексінің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша бір жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
  
10. ҚР Қылмыстық Кодекстің 84-бабы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақтарында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзімі қылмыстық теріс қылық жасаған кезде – ұзақтығы алты айға дейін, онша ауыр емес қылмыс жасаған кезде – алты айдан бір жылға дейін, ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – бір жылдан екі жылға дейін және ауыр қылмыс жасаған кезде екі жылдан үш жылға дейін белгіленеді.
   
11. Кәмелетке толмаған адам тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шарасын бір жыл ішінде екі және одан да көп рет қасақана орындамаған жағдайда, егер қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтіп кетпесе, мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынуы бойынша сот бұл шараның күшін жояды және материалдар кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жіберіледі.

Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату

1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң немесе мөлшерінің кемiнде төрттен бiрiн

2) ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің немесе мөлшерінің кемiнде үштен бiрiн

3) адам өмiрiне қолсұғушылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын

4) адам өмiрiне қолсұғушылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің кемiнде үштен екiсiн іс жүзінде өтегеннен немесе орындағаннан кейiн шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға жатады.


Сотталғандықты жою мерзiмдерi

1) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн өтегеннен кейiн - төрт айға

2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн - бiр жылға

3) ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн - екі жылға

4) аса ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болады

«Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы» деп В.А. Сухомлинский айтқан.



Келесі кезекте оқушылар тәрбиеге байланысты ұлағатты пікірлер, мақал-мәтелдер :


Қорытынды: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
–Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас-жауы»

Автор: Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы

Дата: 02.04.2021

Номер свидетельства: 577349


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства