kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәртіп — тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тәртіп - тәрбие бастауы, тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәртіп — тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы.»

 

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

Байжанова Эльмира Ендібайқызы


Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы:   Тәртіп — тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы. Мақсаты:  Оқушылардың кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру. Міндеттері: Өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі  мәнін түсіндіру. Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. 1.Ұйымдастыру. 2.Тақырып талдау. (оқушылар топ болып сұрақтарды талдайды.) 3. Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап) 4.Мақалдың жалғасын тап... 5. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көріп, пікіралмасу. 6. Оқушы ережесі 7. Ән ұран Мұғалім: - Армысыздар Құрметті бүгінгі кештің қонақтары мен оқушылар! «Тәртіп — тәрбие бастауы,  тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» тақырыбындағы 9 Д сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер! - Құрметті оқушылар мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн. Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса, әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді. Ұлы данамыз Әл-Фараби тәрбие туралы «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»- дейді. Ия, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталады. Оқушыларымыздың қай тобы белсенді қатысқанын бүгінгі тәрбие сағатының қонақтары анықтап отырады.

1 оқу ротасы, 1 взводтың сержанты мен бөлімше командирлерімен таныстыру. Взвод сержанты Ескермесов Акбар.

1 бөлімше командирі ұлан Әлімхан Жандос.

2 бөлімше командирі ұлан Тұрдыбай Бақтияр

3 бөлімше командирі ұлан Беркинов Азамат





II. Тақырыпты қорғау. (Әр топ плакатқа салып, тақырыптарын қорғайды.)
1-топ Бала құқығы-асыл қазына ( 1.Сен өз құқығың туралы не айтар едің? 2.Бала құқығының қандай түрлері таныс? 3.Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды атаңдар? 9 тарау. 54 баптан тұрады. Еліміздің Туы, Ән ұраны және Елтаңбасы секілді бала құқығын, заңын қадірлеу, құрметтеу,-біздің парызымыз.) ҚР балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндері белгіленген. 1 маусым- Балаларды қорғаудың халықаралық күні. 20 қараша- Балалардың дүниежүзілік күні. 10 желтоқсан- Адам құқығы күні) 2-топ Тәртіпті болу оңай ма? 3-топ Тәртіпті қалай сақтауға болады? ( Тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңіз? Қандай бала тәртіп бұзады?)

III. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» (сұрақ-жауап.)

Мұғалім:
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)

1)Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? (Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.)

2)Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың? (Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.)

3)Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің? (Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік, ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.)

4)Әдептілік дегеніміз? (адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.)

5)Адам боламын деген бала не істеу керек? (барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар 

6) «Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?(Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.)

7)Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын қандай қасиет ? ( Сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де,екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына  ие бола алатынын көрсетеді.







8) Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? (айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.) 9) Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба? (Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге

зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.)

10) Адам адамнан несімен ерекшеленеді? (Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады.) 11)Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

12) Сыныпта кімді үлгі тұтасыңдар?

IV. Жалғасын тап…  (мақалдардың жалғасын табу)

Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің. Ия, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ  қағида. Келесі кезекте, Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Бүгінгі тақырыпқа байланысты мен сіздерге мақал-мәтелдер айтамын, ал сіздер жалғасын тауып айтасыздар. -Әдепті бала- (арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.)

-Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)

-Атаңа не қылсаң – (алдыңа сол келеді.)

-Жақсы бала сүйік- (жаман бала күйік)

-Жеті атасын білмеген- (жетесіз)

-Ұяда не көрсең… (ұшқанда соны ілерсің)

-Ұлық болсаң – (кішік бол) -Ашу –  …  , ақыл – (дұшпан, дос, ақылыңа, ақыл қос.) -Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
-Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
-Ақырын жүріп………….. (анық бас)
-Асыл тастан………… (өнер жастан)
-Ұрлық түбі………….. (қорлық)
-Әдепті бала……………….(арлы бала)
-Тәрбие………(отбасынан басталады)
-Әділ істің……..(арты игі)


V.«Тығырықтан шығар жол қайсы?» 3 топтың пікірін тыңдау.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді.
1 - видео. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
- Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
- Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?
- Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
- Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?
2 - видео. Қожаның өзіне - өзі есеп беруі.
- Бұл бейнероликтен не түсіндіңдер?




- Күн сайын өзіне - өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
- Сендер өз - өздеріне есеп бересіңдер ме?
- Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіптімін деп санайсыңдар ма? Кім өзін тәртіптімін деп санайды?

--- Ескермесов Акбар сен не айтар едің?
VI. Оқушы есебі .(стикерлерге жазып, тақтаға жазады.) ( Өздеріңді алдағы уақытта қалай ұстар едіңдер? Өздеріңнің бойындағы кемшіліктерің туралы байқасаңдар стикерлерге түсіріп, алма ағашына іліп қойыңдар.)

Қорытынды: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
–Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.


VII. Әнұран «Менің елім Қазақстан»

   Құрметті қонақтар, тәрбиелеген әрбір балаларымыз – еліміздің мәртебесін асқақтатар ұландары бола берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Балалар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болыңдар!

Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұлы болып өсіңіздер деп тілек айтамын. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәртіп — тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы.

Автор: Байжанова Эльмира Ендибаевна

Дата: 27.04.2017

Номер свидетельства: 411984

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас-жауы»"
    ["seo_title"] => string(56) "t_rtip_t_rbie_bastauy_t_rtipsizdik_omirinnin_kas_zhauy_1"
    ["file_id"] => string(6) "577349"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1617371611"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "«Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»."
    ["seo_title"] => string(57) "t_rtip_t_rbiie_bastauy_t_rtipsizdik_omirin_nin_k_as_zhauy"
    ["file_id"] => string(6) "406094"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491214814"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Тәртіп - тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы"
    ["seo_title"] => string(54) "t_rtip_t_rbie_bastauy_t_rtipsizdik_omirinnin_kas_zhauy"
    ["file_id"] => string(6) "500952"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550817233"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Т?ртіп-т?рбие бастауы"
    ["seo_title"] => string(18) "trtiptrbiiebastauy"
    ["file_id"] => string(6) "304852"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457802252"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ел болашағы – білімді ұрпақ"
    ["seo_title"] => string(29) "iel_bolashag_y_bilimdi_u_rpak"
    ["file_id"] => string(6) "438978"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510752259"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства