kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Сенің құқығың"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Сенің құқығың"»

Тақырыбы: Сенің құқығың
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі, ҚР Конституциясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Әнұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
1 – маусым
Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қараша
Балалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсан
Адам құқығы күні
Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
- Мен мектепке баруға, оқуға, хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
- Мен қыста сырғанауға, ойнауға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын.
- Мен демалуға құқықтымын.
- Мен ауырып қалсам, дәрігер шақыруға, емханада жатып емделуге құқығым бар.
- Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, мектепке баруға, өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.
- Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға, серуендеуге құқығым бар.
- Мен дүкенге баруға, ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
- Ойнауға, туыстарыма қыдыруға құқығым бар.
Балалар өз азаматтығы жайында көп біледі екенсіздер. Сіздер мұны кітаптан емес, өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына, неге рұқсат етілгеніне қарап білесіздер.
Балалар сендер күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарың жайында айтып отырсыңдар.
«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?
- Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар. Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей. тек жақсылық істеуге құқықтымын.
- Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға, қыдыруға құқықтымын.
-«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес, бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.
- Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан кесіп ………..
- Кішкене баланы …………
- Қыз баланы …………..
- Сабақтан ………………………
- Сыныпта …………………….
- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні …………………………(сыйлау керек)
- Үлкеннің ……………………………(тілін алу керек)
- Үлкендерге …………………………(сәлем беру керек)
- Кішілерге …………………………………(қамқорлық жасау керек)
- Аналарды, апаларды ……………(сыйлау керек)
- Оқу құралдарын ………………………(күтіп ұстау керек)

Құқық дегеніміз не? Міне , балалар, өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз заң рұқсат ететінадам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер  жасау мүмкіндігі екен, яғни азаматтарға кең көлемді құқықтар мен бостандықтар берілген. Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға болып қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз.Сондықтан да бүгінгі  сабағымыздың мақсаты осы болмақ. Қазір ,балалар, заң сөздікшесімен танысалық.

І. Біліп жүрейік:

Заң сөздікшесі

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) -

жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.

Құқық- мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық






Туу туралы куәлік- баланың қашан туылғандығын анықтайтын негізгі құжат. Бұл баланың ең бірінші құжаты.

Конституция- бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері берілген құжат






Азамат- жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және құқығы мен міндетінің иесі


Конвенция- арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі







-Жақсы , ендеше, қазір біздерге балалар  өз өлеңдерін оқып берсін..

1-оқушы                                                                                                          5-оқушы

Әділ заң еңбек жемісін                                                                                 Болса да басқа тіліміз

Бағалар ерлер жеңісін                                                                                  Өзгеше рас түріміз

Адамның еркін айқындап                                                                            Достасқан туыс жандармыз

Қызмет етер ел үшін.                                                                                   Туыстық, достық жырымыз

2-оқушы                                                                                                          6-оқушы

Бұл заңда жеңіс, даңқымыз                                                                         Білеміз еңбек парқын біз

Салтанат құрған салтымыз                                                                         Ерлерді сыйлау салтымыз

Сүйеніш қамқор, қорғаушы                                                                        Қадірлі асыл аналар

Сүйеді заңын халқымыз.                                                                             Құрметті әрбір қартымыз

3-оқушы                                                                                                           7-оқушы

Қазіргі кездің жасысың                                                                               Ел жауы сырттан торлайды

Ертеңгі өмір басысың                                                                                 Ер елін жаудан қорғайды

Елің үшін еңбек ет                                                                                      Әділет үшін күрессең

Отан ырысы тасысын                                                                                 Әділ заң сені қолдайды.

4-оқушы

Зерттей біл терең ғылымды

Зер салып үйрен білімді

Қадірле дейді ұлы заң

Қастерлеп ана тіліңді.

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді.

Мен ,қысқаша  Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген бірнеше баппен сендерді таныстырып кетейін.

 Қазақстан Республикасының Конституциясында былай делінген:

1 бап

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық  және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

15 бап

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

27 бап

Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті

Балалар,18 жасқа толмаған жеткіншек  бала деп саналады

-Балалар, қазір біздер берілген сөздерді дұрыс орнына қойып міндетімізді анықтауымыз керек.

Менің міндетім

Заңға …………………………………………..

Басқа адамдардың …………………….., бостандықтарын, жеке өмірін, ар-намысын …………………………………….

Мемлекеттік …………………… сыйлау

…………………. тәртіпті …………………

қоғамдық, сыйлау, бағыну, тәртіп, құқықтарын, рәміздерді, сақтау

Халық мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы баланы жастайынан ұрлық қылмауға, өтірік сөйлемеуге, «біреудің ала жібін аттамауға»тәрбиелеген. Ала жіпті қазақ тыйым белгісі ретінде қолданған, пір тұтқан.Ендеше келесі кезекте  «Ой жалғау». Ол үшін мақалдың басқы бөлігінің  жалғасын табу керек.

Заңның құрығы…

 анық бас

Ақырын жүріп…

қорлық

Асыл тастан…

жамандық болмайды

Ұрлық түбі…

арлы бала

Жазасын тарпайтын…

кешірген  жөн

Әдепті бала…

арты игі

Өш алғаннан гөрі…

бәрінен ұзын

Әділ істің…

өнер жастан

 “Заңсыз арал” (Оқушылар өз ой пікірін постерде жазады және қорғайды.)

- Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? 
Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет.

“Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық. 

Ойын «Сиқырлы жіп»

Мұғалім қолына жіп ұстап тұрып бірінші оқушыға жіптің ұшын береді . Жіпті барлық оқушылар үзбей ұстап тұруы керек. «Бұл – сиқырлы жіпше», Ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп — өмір. Жіп қолыңызға түскен кезде, сіз өмірді қандай болып көретініңізді бір – екі сөзбен айту керексіз.Мысалы:  «Мен өмір сүруден ешқашан қорықпаймын қиыншылыққа төземін т.б» бүкіл сыныптың қолдарынан өтіп, мұғалімнің қолына оралады.

-Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңдар!

-Сендер бұл кезде қандай күйде болдыңдар?

-Қорықтық жіп үзіліп кетпесін деп.

Өмірді қайта сүре алмаймыз! Сондықтан өмірде тек жақсылық,қызықты болу үшін өмір сүреміз. Заң  сендердің жан – жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтады.
“Қылмыскер бала қайдан шығады?” 
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Қорытынды:Сонымен  «құқық» дегеніміз не болды?

— Құқық- мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық…



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тәрбие сағаты "Сенің құқығың"

Автор: Отаралиева Бақытжан Еңсепқызы

Дата: 10.12.2018

Номер свидетельства: 490030

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Тәрбие сағаты: "Сен де бір кірпіш дүниеге.""
    ["seo_title"] => string(47) "t_rbiie_sag_aty_sien_die_bir_kirpish_duniieghie"
    ["file_id"] => string(6) "396233"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1488210611"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Аталар м?расы" ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(29) "atalarmurasyashyktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "256002"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448032160"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты "Аналар?а мы? ал?ыс""
    ["seo_title"] => string(28) "trbiiesagatyanalargamynalgys"
    ["file_id"] => string(6) "310951"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459140170"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Т?рбие са?аты  4сынып"
    ["seo_title"] => string(18) "trbiiesagaty4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "262410"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449327127"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Т?рбие са?аты  4сынып"
    ["seo_title"] => string(19) "trbiiesagaty4synyp1"
    ["file_id"] => string(6) "262411"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449327134"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства