Ма?саты: жыл мезгілдері туралы т?сінік беру, жер бетіндегі барлы? тіршілік иелеріні? бір-бірімен ты?ыз байланысты екенін т?сіндіру, жыл мезгілдеріні? ?зіндік ерекшеліктері туралы ма?л?мат беру, о?ушыларды? таби?ат?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, таби?атты с?юге, ?ор?ау?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара "Жыл мезгілдері" »
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің бір-бірімен өзара байланыстылығы туралы түсінігін қалыптастыру, табиғаттың маңызын түсіндіру.
Дамытушылығы: Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, табиғаттың негізгі құрама бөліктері ауа, су, өсімдіктер мен тірі ағзалар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Аузыңнан кетпес дәмі бал салғандай, -деп бүгінгі тәрбие сағатымыз адамзаттың байлығы, мекені асыраушысы, қамқоршысы табиғат анамызға арналады.
Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен, сөздерімен қатар тұрады.
Осы табиғат сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді ? (Оқушылардың өз ойлары таңдалады).
Адамның тірішілік етіп, өмір сүруі табиғатпен тығыз байланысты. Ендеше,адамды да - табиғаттың перзенті деп сеніммен айтуға болады.
Адам табиғаттан өзіне қажет заттарды алып қана қоймайды көп нәрсені үйренеді. Адам кеме, (қайық) ұшақ жасауды қалай үйренгендігін есімізге түсіріп көрейікші балалар ?. Оны біз өткенде дүниетану кітаптан оқыдық, солайма ма, балалар?. Құсқа қарап ұшақ жасауды үйренген балықтарға қарап (қайық)кеме жасауды үйренген.
Табиғатты аспан, ай, күн жұлдыз, тау, тас өзен, көл, өсімдік ағаш бұта, шөп аң құс адам-осылардың барлығы табиғатты құрайды.Бұлар табиғи денелер оларды қолдан жасамаған.Өсімдік жануар және адам табиғаттың тіріденелері қалғандары – Табиғаттағы өлі денелерге жатады.Балалар сонда денелер нешеге бөлінеді екен Тірі және өлі болып екіге бөлінеді.Табиғаттың құбылыстары да болып тұрады.Жел жауын шашын (қар-жаңбыр,бұршақ шық қырау) боран қардың еруі, судың тасуыда табиғаттың құбылыстарына жатады.
Айналадағы дүниеде адам қолымен жасалатын құбылыстар да көп мысалы пешке от жақсаң үй жылынады электр шамы жанса, жарық болады. Трамвай, машина сияқты көліктер орын ауыстырып қозғалады. Оның барлығы адам еңбегімен жасалатындықтан, оларды жасанды құбылыстар дейміз.
Балалар жақында ғана дала аппақ қарға оранды бұл табиғат құбылысы еді. Әр мезгілдің өзіне тән құбылыстары бар.
Қазір қай мезгіл әрине күздің соңғы айы Қараша. Күз айларына, Қыркүйек, Қазан, Қараша жатады. Жыл мезгіліндегі өлі табиғатқа болатын өзгерістер өсімдіктерге де әсер етеді.
Күзде ағаштар мен бұта жапырақтарының түсі өзгереді және түсе бастайды.
Балалар осы күз мезгіліне байланысты кім өлең айтады?
Дала сары киінді,
Самал соқты сақындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық –алтын тау.
Қыркүйек,Қазан айларында бидай,күріш тағы басқа астық түрлерін орып жинай бастайды.Қарашада жаңағы айтқанымыздай күздің соңғы айы салқындау, жауынды-шашынды,қар да жауа береді.Биыл қар ерте жауды.Бұл да табиғаттың құбылысы,ал қазір күн жылынып сол қар еріп,қайта жер қарайды,күн жылынды.
Жалпы қыстың жақындап келе жатқанын біз білеміз себебі: келесі ай Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан бұл қыс айлары.Желтоқсанда қар қалыңдап жауып,айнала ақ көрпеге оранады,немесе қара суық,ызғырық жел соға бастайды.
Балалар осы қыс айларына байланысты қандай өлең тақпақ білеміз?.
Қыс.
Ұшан-теңіз қалың қар
Жерді басып жабады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.
Қыста көп ағаштардың жапырақтары түсіп,тек қу ағаш болып қалады.
Ал қыста жапырақтары түспей көгеріп тұратын ағаштар мен бұталар бар.
Олар қарағай,арша тағы басқалар.
Енді көктем мезгіліне келер болсақ,көктем айлары наурыздың 1-інен басталады.Бұл айда жер көгеріп,дала құстардың әсем даусына бөленеді.Күннің жылынуы өсімдіктердің өнуіне қолайлы жағдай туғызады.Ағаштар мен бұталар бүршік жарады,жапырақ жаяды.
Көктемде ағаштар отырғызылады.Егін егу басталады.Көктем айларына Наурыз,Сәуір,Мамыр жатады.Сәуірде жауын шашын көп болады.Халқымызда дана сөз бар,мынадай: ‘’ Сәуір болмай-тәуір болмас’’.
Сонда Сәуір айында жаңбырдың көп жауғаны жердегі шөптің,ағаштардың егіннің көгеруіне көп пайдасы бар екен.
Енді көктем мезгіліне мақал-мәтел айтайық.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.
Сәуір болса,күн күркірер,
Күн күркіресе,көк дүркірер.
Көктемде құстар да жылы жаққа ұшып кетеді,балапандайды. Жабайы құстар: қырғауыл,шағала,үйрек,бірқазан,аққу,дуадақ,тырна,шіл тағы басқа құстар жатады.Жабайы құстар өздігінен тіршілік етеді.Құстарды-қанатты жануарлар деп атайды.
Үй құстарына тауық,күрке тауық,қаз,үйрек тағы басқалар жатады.
Үй құстары үйде бағылады.Бұлар жылы жаққа ұшып кетпейді.
Құстар да табиғатымыздың көркі.
Табиғат ана: Құс ұясын бұзбайық !
Ей,балалар,балалар !
Аман болсын аналар !
Құстарда да ана бар !
Құстарда да бала бар !
Кім сүймейді баласын ?!
Осылар еске түскенде,
Ойың да әбден піскенде,
Бір ойланып қаласың !
Өсіруге баланы,
Құстар ұя салады.
Жасауға жұмсақ ұяны,
Жабағы жүнді жияды.
Жайлы қып жасап ұяны,
Жұмыртқасын салады.
Бір қуанып қалады,
Тырнақтай құстың жауы көп,
Құрулы ажал –ауы көп.
Оқушылар: Балалық қып қызбайық !
Құс ұясын бұзбайық !
Жұмыртқасын алмайық !
Обалына қалмайық !
Тақия тұзақ салмайық !
Қарғысына қалмайық !
Әдейі көздеп атпайық !
Көп күнәға батпайық !
Мұғалім: Балалар мұны ұғыңдар
Уәдеден шығыңдар !
Құстар біздің досымыз
Ұшып жүрсе аспанда
Сыр түйеді жас жанға.
Енді жаз мезгіліне келсек, жаз айларына Маусым, Шілде, Тамыз Жатады. Жаз - өсімдіктердің толып өсуіне өте қолайлы мерзім. Жазда күн көзі,жылу жарық жеткілікті мөлшерде болады. Хош иісті гүлдер жайнап өседі. Далада, орманда шөптер қаулап өсіп,бұталар мен ағаштар жапырақ жаяды.
Адам суды, ауаны да қорғай білуі тиіс. Онсыз жасау мүмкін емес.
“Судың да сұрауы бар” дегендей суды да үнемдеп жұмсайық.
Су-табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі.
Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде теңіз немесе өзен,көл жағалауларында ауа таза болады. Ауаны өндірісті қалаларда көп ластанады. Фабрика, зауыт, жылу орталықтарының мұржасынан будақтап шығып жатқан түтінді көреміз. Ауаның тазалығын сақтау үшін осы кәсіп орындардың мұржасына улы газдарды тұтататын қондырғылар орнатылады.
Даламызда топ тобымен жүретін арқар,дуадақ,құндыз,бұғы тағы басқа жануарларды оңайлықпен табу қиын. Сондықтан тыныстайтын ауамызды ішетін суымызды, ормандарымызды қорғамасақ экологиялық апатқа ұшырайды.
Табиғатымыз сұлу, суымыз тұнық,ауамыз таза, қаламыз көрікті болу үшін бәріміз үлесімізді қосумыз керек.