kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Отбасы м?шелеріні? арасында?ы бауырмалы?,?айырымдылы?,досты?,?арым-?атынасты ?алыптастыру.О?ушылырды? ?з ортасына,отбасына деген с?йіспеншілік,мейірімділік сезімін ояту.О?ушыларды? м?нерлеп о?у с?йлеу м?нері,?н-би ар?ылы ой-?рісін дамыту.?з еліні? ?амын ойлайтын,ата-анасын,жолдастарын сыйлай  білітін азамат т?рбиелеумен ?аттар ?лтты? т?рбиені насихаттау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс»

Сабақтың тақырыбы: «Отан- отбасынан басталады»

Сабақтың мақсаты:Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалық,қайырымдылық,достық,қарым-қатынасты қалыптастыру.Оқушылырдың өз ортасына ,отбасына деген сүйіспеншілік,мейірімділік сезімін ояту.Оқушылардың мәнерлеп оқу сөйлеу мәнері,ән-би арқылы ой-өрісін дамыту.Өз елінің қамын ойлайтын,ата-анасын,жолдастарын сыйлай білітін азамат тәрбиелеумен қаттар ұлттық тәрбиені насихаттау

Көрнекілігі:мақал-мәтелдер, отбасы суреттері,жүрекшелер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар.Бүгін біз ғажайып әлем туралы сөйлесеміз.Қалай ойлайсыңдар,ол қандай әлем болуы мүмкін ?Ол-отбасы,жанұя әлемі.Бүгінгі «Отан отбасынан басталады» деген ашық тәрбие сағаттымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Шаттық шеңбері:Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды.

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар,

Ең жақын адамдар.

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар.

Бір туған әкпем бар,

Еркелеймін еремін.

Оқушылармен әңгімелесу.-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?Кластер құру (оқушылар жауабы)



Мұғалім:Отбасы шағын-мемлекет.Ол-тәлім-тәрбиенің,үлгі, мен өнегенің,мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы.Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.Тобасы-алтын ұя,киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Қай ұлттың баласы болса да оның өз отбасы болады.Біздің балалар қазіргі заман талабына сай жан-жақты болуы тиіс.

Айдос:Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның,

Шыққан тегің,ол негізің жаның да.

Не десең де әке жолы бір бөлек

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп

Нағыз әке ақыл гөй де,асқар жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Нуридин:Қандай қымбат сөз еді «әке» деген

Әке емес пе өсіріп мәпелеген.

Ақылмен терең ойлап қарасақ,

Әке деген-алдыңдағы парасат,

Өміріңнің өшпей мәңгі іздері,

Артыңыздан ере берсін болашақ.

Әсем:Әке-асқар тауым! «Әке- асқар тау,ана-қайнар бұлақ,бала-жағасындағы құрақ» дегендей, «Әке»деген қандай жақын,қандай ыстық десеңізші! Өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар,өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой.Менің өмірдегі ең қымбат адамым-сіз,менің сүйікті әкешім.

Нұрай:Сізсіз әке-ең ақылды, ең шыншыл.

Сізсіз әке-ең жақыным,ең сыршыл

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің

Жанымдасың,қамқорымсың білемін.

Қабыл алған бала жүрек тілегін.

Айша:Әке баласының –сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкенің ардақтай білу керек,өйткені,ол-отбасының ең басты мүшесі,яғни отағасы.

Өсірген баптап баласын,

Әкелер әркез жарайсың

Бар өнерін үйреткен,

Оздырғанда жүйректен,

Әке деген-ардақты ат.

Мұғалім :Ана- отбасының жүрегі,отбасының өзегі.Балаға анадан артық,қымбат жан жоқ.Әрбір ана отаның өшпеуін,бақытының көшпеуін,шаңырағының құламауын,сәбидің жыламауын тілейді.Ана деген-тіршіліктің шұғылылы шуағы.

Жәнібек:Ана деген –өмірдің мөлдір кәусар бұлағы

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық

Көз алдамда тұрғаң биік тұрады.

Айдос:Ана жанын ана болсаң ұғарсың

Балаң үшін биіктенде құларсың

Ана мейірімді күн көзімен пара пар

Өміріме шуақ шашып тұрасың!

Ән «Ана»

Мұғалім:Ата-ананың үміт-арманы,баласымен бірге жасайды.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз ертеңгі ана,ол шешесіне қарап бой түзейді.Ата-ана баласына үлгі-өнеге көрсете алмаса,онда тәрбиелі бала өсуі екіталай.Бала ересектерге еліктегіш келеді.Жақсыны да,жаманды ды солардан үйренеді.

Нұрай :Ешкім сірә перзенсіз нұр шашпаған,

Басталады тек солай тұрмыстағы ән.

Жастығының куәсі секілдеген,

Бар қыздың бастауы-тұңғыш балаң.

Айша:Ұлың өсіп келеді.

Ата-ананың үміті,

Тәрбиелеп келесіз

Ел қорғайтын жігітті!

Жәнібек:Қыз бой жетіп келеді.

Шуақ шашып әр үйге,

Гүлдей жайнап өссінші.

Сыйлы болып бәріне,

Нуридин:Ата-ана жүрегі,

Бала деп қана соғады.

Баласы жақын адамның,

Басына бақыт қонады.

Көрініс : «Кемшілік кімнен?»

Қатысқандар:анасы,баласы Берік,қызы Айнұр

Автор сөзі: Беріктің әкесі кәсіпкердің малын бағатын,ал анасы екі баласының тәрбиесімен үй шаруасында болатын.Бір күні анасы қатты ауырып, Берік пен Айнұрдың тамағын дайындамай алмай төсек тартып жатып қалды

Берік:(мектептен келе салып): Мама, қарным ашты.Неге тамақ дайын есем? Неге жатырсың? Тамақ қайда?

Анасы(әрең сөйлеп): Ой, балам-ай тамақ пісіруге әлім келмей қалды. Шай іше салсаңшы,отта тұр ғой. Ойпырмай жаным-ай күндерің не болар екен?!

Берік( ашулы күйінде) Шай ғана ма,шайыңды ішпеймін. «Сабаққа бар,сабаққа бар» деп таң атпай қақсайсың.Тамақ ішем дедім ғой мен саған!

Анасы: (әрең қозғалып) қайтейін, ауырсам да тұрайын кішкене шыдай тұр,қазір дайындаймын тамағыңды. Айнұрым да келіп қалар.(сол кезде Айнұр келеді)

Айнұр (үрейлі дауыспен) : Мама,маматай,не болды сізге?Ауырып қалдыңыз ба,қазір киімді ауыстырып келейін.Жата беріңіз.Тамақты өзім әзірлеймін.Тұрмаңыз, мама,дәріңізді ішіп демалып,ұйықтап алыңызшы!

Берік: Ой болыңдаршы,созылмай,қайсың дайындасаңдар да тез тамақ әкеліңдер!

Анасы:Әкесі болса осыларды жеткізем деп мал соңында қаңғырып жүр.Қызым болмаса ұлдың жаны ашитын түрі жоқ. Күннен күнге мінезі де өзгеріп барады.Тыңдамайтын да болды.Неге бұлай болды екен? Кімнен кеткен кемшілік?

Әсем:Пікірсайыс кезегін,

Берейік ата-анаға.

Кімнің ойы дұрысын

Зерделесін бала да.

Кімнің сөзі келісті,

Аналар пікір бөліссін

Тақырып болсын тәрбие

Ой қозғалсын жемісті.

Келесі кезекті осы көрніс бойынша ата-аналардың ой пікіріне береміз.

Жәнібек:Баланың ойы ұшқыр-ақ

Тұрады олар жалындап

Көрніс жайлы ой қозғап

Талассын пікір орындап

Ата-анаға көмекші

Бала ойын тыңдайық

Ерік беріп оларға

Өмірге мынау шыңдайық. (оқушылардың пікірілерін тыңдау)

Би:вальс

Мұғалім: ендігі кезекті ата-аналар дың балаларына деген ықыластарын өлеңмен жеткізеді.

Аналардың балаларына арнаулары:

1-ана Жақсы болса балалар,

Қуанамыз әрдайым

Жүректен шыққан сендерге

Осы бір сөзді арнаймын.

2-ана: Балам, өмір гүлімсің

Жарық сәуле күнімсің!

Сендер үшін ата-анаң

Бірі-бәйтерек, бірі-шың.

3-ана:Бауыр етім балам деп

Өмір сүріп келеміз

Үміттерді ақтайды деп

Мақтаны болып тұрыңдар!

4-ана: сендер балам,өмірім

Сөйлейін бүгін төгіліп

Ұл-қызың жетіп қалды деп

Алаңдайды көңілім!

Өнер,білім үйреніп

Шыңына өмір шығыңдар

Ата-ананы қуантып

Сендерге біз сенеміз.

Мұғалім:Қазақта «Ұлың-қымбат,немерең-ыстық» деген нақыл сөз бар.Немере үшін ең мейірімді жандар- ата мен әже. Олардың аялы алақаны, мөлдір мейірі,жылы жүрегі,кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет.

Айша: Әжемнің саясында ержетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілгем

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды.

Таппаспын айналсам де жер бетінен

Айдос:Ержетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы.

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой аталардың алақаны

Көрініс: «Ата мен немере»

Автор: бір үйде төрт адам .Ата,бала, келін ,немере. Атасы тәрелкені сындырып алады. Ашуланған келіні тамақты оған темір ыдыспен береді.Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шесесі:Балам , не істеп отырсың ?-деп сұрайды.

Немересі: «Ертең сендер қартайып атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын» депті баласы.

Мұғалім : «Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды деген бар емес пе ? Ата-анасына қатыгездік жасаған адам күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Абай атамыздың «Баланың жақсысы қызық жаманы күйік» дейтіні содан шығар.

Ата- аналармен ойын: «Балаңызды жақсы танисыз ба? Жүрекшелердің артындағы сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтарға жауап алу

-Балаңыздың ең жақын досы.

-Сүйікті тағамы.

-Қай пәнді жақсы көреді ?

-Балаңызды еркелетіп қалай атайсыз?

-Нешінші партада отырады?

-Кім болуды армандайды ?

-Қандай түсті ұнатады?

-Балаңыз сізді ренжіткенде қандай сөз айтасыз?

Мұғалім:Әр отбасы бірдей болуы мүмкін бе? Жоқ, әр отбасының өз дәстүрі,ерекшелігі,тәрбиесі болады.Балаларын да өз түрлі тәрбиелейді.Өкінішке орай, балаларын тастап кететін ата-аналар да, ата-аналарын қартайған шағында кәрілер үйіне өткізетін балалар да кездеседі.Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы. Жүсіп Баласағұн былай дейді: «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Өле-өлгенше соны таныр қиядан

Өнер- білім берем десең басынан,

Бер оқуға баларды жасынан

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы,жаман болса, бала солардан»

Балалар- ата-аналар қолыңа берілген аяулы аманат. Баланың нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенге дейін жастық жолодары өтетін отбасын бақыт жалғауын бетке алып,өмір айдынында жүзген қайыққа теңесек,оның қос ескегі әке мен шеше дер едік. Тәрбие болған жерде отбасы да бақытты болады.

-балалар қалай ойласыңдар,отбасы бақытына не кедергі болуы мүмкін? (Бұлттар арқылы сөздер ілінеді)

-Реніштер,ұрыс,түсінбеушілік,қарахат жетпеуі.

-Бос уақыттың аздығы,көңіл бөлмеу

-Баспанангың болмауы, жұмыссыздық.

-Ал отбасы бақытты,жайдары өмір сүру үшін не қажет деп ойлайсыңдар? (күн шуақтары ретінде бейнеленеді)

-Махаббат,өзара көмек, сыйластық,түсінушілік.

-Қамқорлық, қолдау,жақсы көру, шыдамдылық

-Еңбектену,тыңдау,сену,сыпайылық.

-Сендерге өз отбасырың ұнай ма? Өзотбасыларыңның қандай жақсы қасиеттерін атар едіңдер?

Тату, бақытты, еңбекқор,мәдениетті,сыпайы,көңілді,өнерлі,үлгілі.

Мұғалім: Отбасы-ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл,қасиеттерді қалыптастыруда рухани, адамгершілік бастауы.Отбасы сенім мен сезім,сүйіспеншілік пен сыйластық болса,өмірдің суығы мен ыстығын,қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады. Қоғамның діңгегі де берік болады.

Нұрай: Ата-ана, бақытымсың,бармысың

Тірегімсің,сүйенішім,бағымсың,

Жалғасындай ата-ананың балалар

Жақсы атымен бар әлемге танылсын

Нуридин:ыр арнап,ой қозғадық кең көлемде

Балалардың бейім ғой әр өнерге

Бас иіп ата-анаға алғыс айтып

Қосамыз біз сіздерді енді әнге.

Ән:Анашым

Ата-аналарға арналған «ой өрісіңді тексер» Сөйлемді аяқтау

Егер баланы үнемі сынап отырса(оқуға құқлы болмайды)

Баланы қолдап отырса (білімге құштарлығы артады)

Бала төзімділікте өссе (өз ісіне сенімді болады)

Бала қауіпсіз жағдайда өссе (ол адамға сеніммен қарайды)

Бала кекшілдікте өссе (ол қатыгез болып өседі)

Бала адалдықта өссе (әділ болып жетіледі)

Қорытынды: Өзін өмірге келтірген,тіршілігне нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Ананың ақ сүтін,әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.Ата-аналарымызды сыйлайық,қастерлейік.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сыныптан тыс

Автор: Мухамедкалиева Мерует Канатхановна

Дата: 29.08.2016

Номер свидетельства: 341270

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Сыныптан тыс о?уды ?йымдастыру жолдары"
    ["seo_title"] => string(35) "synyptantysokudyuiymdastyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "313009"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459424473"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) ""ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС Ж?МЫСТАРДЫ ?ТКІЗУ М?СЕЛЕЛЕРІ. ?ЙІРМЕ Ж?МЫСЫН ТИІМДІ ?ЙЫМДАСТЫРУ" (баяндама) "
    ["seo_title"] => string(109) "informatikadan-synyptan-tys-zhu-mystardy-otkizu-m-sielielieri-uiirmie-zhu-mysyn-tiimdi-u-iymdastyru-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "198346"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428396718"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Сыныптан тыс шара "Үздік информатик""
    ["seo_title"] => string(35) "synyptan_tys_shara_uzdik_informatik"
    ["file_id"] => string(6) "456670"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518415808"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Сыныптан тыс жұмыс "Туған жер" слайд"
    ["seo_title"] => string(39) "synyptan_tys_zhu_mys_tug_an_zhier_slaid"
    ["file_id"] => string(6) "389004"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486473347"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Ма?ала " Химия п?ні бойынша сыныптан тыс ж?мысты ж?ргізу жолдары""
    ["seo_title"] => string(71) "mak-ala-khimiia-p-ni-boiynsha-synyptan-tys-zhu-mysty-zhurghizu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "299177"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456479557"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства