Елта?ба - мемлекетті? тарихи д?ст?рін к?рсететін ж?не ?р мемлекетті? негізгі нышандарыны? белгісі. Т?уелсіз мемлекеттерді? б?ріні? де Елта?басы бар. ?Р - ны? Мемлекеттік Ел - та?басы, ?Р - ны? негізгі р?міздеріні? бірі ?Р Президентіні? «?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік р?міздері туралы»
конституциялы? за? к?ші бар Жарлы?ымен белгіленеді. 1992 жылы 4 маусымда ?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Елта?басы ?абылданды. ?Р - ны? Мемлекеттік Елта?басыны? авторлары: М?лібеков Жандарбек М?лібек?лы мен У?лихан Шот - Аман Ыдыс?лы. ?Р - ны? Мемлекеттік Елта?басыны? т?сі - алтын ж?не к?гілдір т?сті. К?гілдір т?с аясында ша?ыра? бейнеленген, оны? айналасынан к?н с?улесіндей тарап уы?тар шашылады. Ша?ыра? пен уы?тар бізді? Отанымызда тынышты?та жарасымды ?мір с?ріп жат?ан к?птеген халы?тарды? бірлігін к?рсетеді. Елта?баны?
ма?ызды бір б?лігі - ертегідегі ?анатты т?лпар. Елта?баны? жо?ары жа?ында?ы бес б?рышты ж?лдыз - ба?ытты ?мірге жол сілтейтін жары? ж?лдызды? белгісі. Т?менгі жа?ында?ы «?аза?стан» деген жазу республиканы? атын к?рсетеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Символы казахстана»
Тәрбие сағатының тақырыбы:Қазақстан Республикасының рәміздері
I бөлім I. Ұйымдастыру бөлімі. ҚР - ның Әнұраны орындалады. II. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау III. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру * Отан деген не? *Қазақстан қандай ел? *Бас қала қай қала? 1 - оқушы: Қазақстан – менің Отаным
2 - оқушы: Әлем таныған - Қазақстан
3 - оқушы: Астана - әсем қала
II бөлім. Оқушыларды топқа бөлу. «Туым - теңдігім» « Елтаңбам - елдігім» «Әнұраным - айбарым» IV. Топтық жұмыс 1 - топ. «Туым - теңдігім» 1 - оқушы: Туына байланысты елін танимыз. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Тудың түсінің де, жолағының да оларда бейнеленген түрлі пішіндердің де - бәрінің өзіндік мәні бар. Біздің туымыз - көгілдір түсті тік төрт бұрышты мата. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштық пен аман - есендікті көрсетеді. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбіт - шіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика тілінде көк түс және оның түрлі реңі адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді. Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көк түс - түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн - қозғалыс даму, өсіп өркендеудің және өмірдің белгісі. Тудың сабын бойлай ұлттық ою - өрнек салынған тік жолақ кетеді. Күн, күн сәулесі, бүркіт және ою - өрнек алтын түстес бояумен боялған. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Қалықтаған бүркіт дарқандық пен қырағылықты, ой - арманның шарықтауын меңзейді. Ұлан - байтақ кеңістік - те қалықтаған қыран ҚР - ның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.
2 - топ. « Елтаңбам - елдігім» 2 - оқушы: Елтаңба - мемлекеттің тарихи дәстүрін көрсететін және әр мемлекеттің негізгі нышандарының белгісі. Тәуелсіз мемлекеттердің бәрінің де Елтаңбасы бар. ҚР - ның Мемлекеттік Ел - таңбасы, ҚР - ның негізгі рәміздерінің бірі ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленеді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы қабылданды. ҚР - ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары: Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы мен Уәлихан Шот - Аман Ыдысұлы. ҚР - ның Мемлекеттік Елтаңбасының түсі - алтын және көгілдір түсті. Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, оның айналасынан күн сәулесіндей тарап уықтар шашылады. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Елтаңбаның маңызды бір бөлігі - ертегідегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғары жағындағы бес бұрышты жұлдыз - бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді.
3 - топ. «Әнұраным - айбарым» 3 - оқушы: 2006 жылы 7 - қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды. Қазақстандықтардың жүрегіне жол тауып, өзіндік ұлттық құндылыққа айналған Ш. Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен түзетулер енгізілді. Ел рухын көтеретін әнұран халықтың мұңы мен мұратын, қайғысы мен қуанышын, құштарлығы мен құлшынысын, қаһары мен қажыр - қайратын, шалықпас текті айбатын, шабыттана жан дүниең - мен беріле шырқайтын сұлу саз әлгі қасиетті сөздермен қосылып айтылатын халықтың жан дауысы, құдіретті әуені.
V. Берілген әріптерден сөз құрау оны орыс тіліне аудару. « Сөз құрау» ойыны • Т, О, Н, А • Е, Т, К, Е, М, П • Е, Ж, Р • С, А, Н, А, Т, А
VI. Үй тапсырмасы: « Рәміздерім - мақтанышым» эссе
VII. « Ту кімге бұйырады?» ойыны 1. Сұрақ – жауап 2. Мақал - мәтелдердің жалғасын табу. 3. Қорытындылау
Сұрақ - жауап: 1. Рәміздерді ата. 2. ҚР - ның Әнұранының сөзінің авторлары кімдер? Жауап: Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов 3. ҚР - ның Мемлекеттік Елтаңбасы қашан қабылданды? Жауап: 1992 жылы 4 маусым. 4. ҚР - ның жаңа Мемлекеттік Әнұраны қашан қабылданды? Жауап: 2006 жылы 7 – қаңтар. 5. ҚР - ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер? Жауап: Жандарбек Мәлібеков, Уәлихан Шот - Аман Ыдырысұлы. 6. ҚР - ның Мемлекеттік Туының авторы кім? Жауап: Шәкен Ниязбеков.
Мақал - мәтелдер 1. Отан от басынан... /басталады/ 2. Өз елім -... /өлең төсегім/ 3. Отан үшін отқа түс - күймейсің, Арың үшін алыссаң -... /өлмейсің / 4. Найзасыз ер болмайды, таңбасыз... /ел болмайды/ VIII. Топтастыру. « Біздің міндетіміз» *көздің қарашығындай сақтауға; * құрметтеуге; * сүюге; *қастерлеуге *мақтанышпен қарауға; *тұмардай сақтауға; IХ. Рефлексия
• Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? • Бүгінгі сабақта не оқып, не үйрендік? Х. Бекіту. ҚР - ның рәміздері ХI. Тыңдағандарыңызға рахмет!
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің Шелек ауылы Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Калманбетова Алия Тұрлықызы