kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Әліппеге мың алғыс!» сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс!»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, суретті әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» макеті, шарлар, гүлдер

Жүру барысы:Әнұран айтылады

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын қалге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата - ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
1 - оқушы: Армысыздар қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, себебі алғаш сауатымызды ашқан, жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
2 - оқушы: Алғаш қолымызға гүл алып, Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да білеміз.
Диас:          Қыркүйекте келдім де,
                    Сыныпқа кірдім қуанып.
                    Қарсы алды ұстаз мейірмен,
                     Қадамымды қарсы алып.
Әмірхан: Келгенде алғаш мектепке,
                 Білмеуші едік әріп те.
                 Оқимыз қазір ертекті,
                 Үйреткен оны әліппе!
Мансур: Ең алғаш алғанымда әліппені
                Қызыға қарай брдім әріптерді.
                Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
                Ұстазым оның кілтін алып берді.
Мұғалім:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!
Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер.
Мұғалім: Әліппе сен біздің құрметті қонағымыз бол.
Мұғалім: Балалар сонда бұл кітапты кім жазды?
Хормен: Ахмет Байтұрсынов ағамыз.

Мұғалім: Алғаш мектеп ашқан кім?
Хормен: Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім: Қазақтың ұлы ақыны кім еді?

 

Хормен: Абай Құнанбаев.
- Кәне, Абай атамыздың өлеңін кім айтар екен?
Мұғалім:- Балалар біздің президентіміз кім еді?
- Біздерге не деді екен соны оқиық.

Жәмила оқиды.

Тақпақтар:

1- оқушы: Мейрамгүл
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
2 оқушы  Арман
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың

3-оқушы: Әдемі
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

4-оқушы: Кенжебек
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа

5-оқушы: Қиуаз

Әліппем жаттаған жақсы әнім

Сенімен мектепті ашқаным

Ұстаздың соңына ілесіп,

Бастадым білімнің дастанын

6-оқушы:Армат

Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке,

А-дан бастап әріпті

Теріп маған танытты

Ән: Рахмет саған Әліппе

7-оқушы:Санжар

 

Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым,
Бірге жүрген қасымда,
Әліппе болды сыңарым

8-оқушы:Бекхан

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

9-оқушы:Мадина.

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

 Көптеген кітаптармен достасамыз.

10-оқушы: Мерхан.

Әліппем,менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам 1000 рет

Өзіңе көп-көп рахмет

11-оқушы:Серікбай

Әсем ою өрнекпен
Көмкерілген Әліппем
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.

12- оқушы:  Ақбота
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.

Ән: Әліппе
13- оқушы: Сұлтан
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп, әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

14- оқушы : Жәмила 
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
ана тілге әкеліп жалғастырдың
Әр әріпті қостырып сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың

15-оқушы:Әлихан

«А- ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып, буынды енді

16-оқушы: Диас

Бар  кітапқа  бас  болған,

Әліппе – ғылым  анасы.

Әліппеден  басталған,

Даналықтың  данасы.

17-оқушы:Арсен

Үйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді

Мұғлім:

Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

Оқушылар: 42 әріп бар
Ән: Әліппе

Орындайтын Бауыржан Сұлтан, Иосиф Диас

Мұғалім: - Біз  екі  тоқсан  бойы  көп  еңбек  еттік. 42  әріпті түгел  жаттап  алдық. Оқуды, жазуды, санауды  үйрендік. Осының  бәрін  үйреткен  кім?

Бәрі:  Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.

Ән: Апам үшін

Әліппе:Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар.

Ана тілі:  Туған елдің тілімін,

                Ақылыммен танылам.

                Түсіндірер бәріңе,

                Ана тілі пәнімін.

                Ана тілім-елдігім,

                Ана тілім-ерлігім.

                Ана тілім болмаса,

                Бүтінділмес кемдігім.

Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.

Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!

 

Бәрі:Қош сау болыңыз.

 

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

                 Әліппеден нәр алған даналарым.

                 Өзі жазып – оқитын халге жетті,

                 Құтты болсын қадамы балалардың!

                 Балалардың білімі құтты болсын,

                 Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

                 Білімдерін әрі қарай дамытатын,

                 Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.             

Көрініс: Бауырсақ ертегісі

Би: Үнді биі

Ән: Мысық Орындайтын ұлдар тобы

Би: Қояндар биі

Қорытынды:

Мұғалім:

Жеміске құты тола ма,
Бір - бірлеп теріп алмаса.
Әп - сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер бойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шамшырағың жолында - дегендей шәкірттерім әліппемен қоштасу тойы құтты болсын, жаңа оқулықты жандарыңа серік қылып, білім баспалдағына өрлей беріңдер!
Кешіміздің қорытынды сөзін және 1 А- сынып оқушыларына құттықтаухат тапсыру үшін мектеп басшысы М.Е. Бижановқа және мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары М.Ғ. Бахитоваға сөз береміз.
Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында.
Ақ тілек пен ақ бата, баршаға шашу шашпақ анлар!- дей отырып сөз кезегін кешіміздің қадірлі қонақтары ата - аналарға береміз!
Уақыт бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет, Қош сау болыңыздар!

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!,-дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Әліппеге мың алғыс!» сыныптан тыс шара»

Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс!»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, суретті әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» макеті, шарлар, гүлдер

Жүру барысы:

(Мызыка ойналып,оқушылар кіреді.)

Әнұран айтылады

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын қалге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата - ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
1 - оқушы: Армысыздар қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, себебі алғаш сауатымызды ашқан, жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
2 - оқушы: Алғаш қолымызға гүл алып, Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да білеміз.
Диас: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен,
Қадамымды қарсы алып.
Әмірхан: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны әліппе!
Мансур: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызыға қарай брдім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Мұғалім:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!
Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер.
Мұғалім: Әліппе сен біздің құрметті қонағымыз бол.
Мұғалім: Балалар сонда бұл кітапты кім жазды?
Хормен: Ахмет Байтұрсынов ағамыз.

Мұғалім: Алғаш мектеп ашқан кім?
Хормен: Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім: Әріптерді қатар қойып,

Алфавитті құраған.

Оқу, білім өнерді,

Шамшыраққа балаған

Кім екен ол данышпан?

Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.

Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ педагогі.

Ұстаздардың тұңғышы да,зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.

- Ыбырай атамыздың қандай өлеңін білесіңдер?
«Кел, балалар, оқылық!»

Жәмила: Ұстаздардың тұңғышы да,зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем
Мұғалім: Қазақтың ұлы ақыны кім еді?
Хормен: Абай Құнанбаев.
- Кәне, Абай атамыздың өлеңін кім айтар екен?
Мұғалім:- Балалар біздің президентіміз кім еді?
- Біздерге не деді екен соны оқиық.

Жәмила оқиды.

Тақпақтар:

1- оқушы: Мейрамгүл
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
2 – оқушы  Арман
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың

3-оқушы: Әдемі
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

4-оқушы: Кенжебек
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа

5-оқушы: Қиуаз

Әліппем жаттаған жақсы әнім

Сенімен мектепті ашқаным

Ұстаздың соңына ілесіп,

Бастадым білімнің дастанын

6-оқушы:Армат

Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке,

А-дан бастап әріпті

Теріп маған танытты

Ән: Рахмет саған Әліппе

Әліппе: «Әліппе» оқуға

Үйреткен әр күні

Кім атын атай ғой?

Бәрі: Ол біздің

Мұғалім апай ғой.

Әліппе: Үйретіп санауды,

Көп еңбек сіңірген

Кім атын атай ғой?

Бәрі: Ол біздің

Мұғалім апай ғой.

Хор: « Мұғалім ол біздің.»


7-оқушы:Санжар

Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым,
Бірге жүрген қасымда,
Әліппе болды сыңарым

8-оқушы:Бекхан

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

9-оқушы:Мадина.

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

10-оқушы: Мерхан.

Әліппем,менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам 1000 рет

Өзіңе көп-көп рахмет

11-оқушы:Серікбай

Әсем ою өрнекпен
Көмкерілген Әліппем
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.

12- оқушы:  Ақбота
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.

Ән: Әліппе
13- оқушы: Сұлтан
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп, әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

14- оқушы : Жәмила 
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
ана тілге әкеліп жалғастырдың
Әр әріпті қостырып сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың

15-оқушы:Әлихан

«А- ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып, буынды енді

16-оқушы: Диас

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

17-оқушы:Арсен

Үйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді

Мұғлім:

Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

Оқушылар: 42 әріп бар
Ән: Әліппе

Орындайтын Бауыржан Сұлтан, Иосиф Диас

Мұғалім:

Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең, бас иіп,
Керегіңе жарайды.- деп ақындар жырлағандай, әрбір әріп жаңа сөздің бастауы. Олай болса әріптер не дейді? Құлақ түрейік!
1-     оқушы: Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда  Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының

Сыры неде түсінші?

2-     оқушы: А деген ол

Аналар ғой ардақты

Ә деген ол

Әкелер ғой саламақты

Б деген ол

Балалар ғой әдемі

3-     оқушы: Алшақ кетпей сондықтан да

Тұрады олар

Алфавиттің басында



Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?

Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.

Ән: Апам үшін

Әліппе:Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім-ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінділмес кемдігім.

Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.


Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!


Бәрі:Қош сау болыңыз.


Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып – оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.

Көрініс: Бауырсақ ертегісі

Би: Үнді биі

Ән: Мысық Орындайтын ұлдар тобы

Би: Қояндар биі

Қорытынды:

Мұғалім:

Жеміске құты тола ма,
Бір - бірлеп теріп алмаса.
Әп - сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер бойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шамшырағың жолында - дегендей шәкірттерім әліппемен қоштасу тойы құтты болсын, жаңа оқулықты жандарыңа серік қылып, білім баспалдағына өрлей беріңдер!
Кешіміздің қорытынды сөзін және 1 А- сынып оқушыларына құттықтаухат тапсыру үшін мектеп басшысы М.Е. Бижановқа және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ғ. Бахитоваға сөз береміз.
Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында.
Ақ тілек пен ақ бата, баршаға шашу шашпақ анлар!- дей отырып сөз кезегін кешіміздің қадірлі қонақтары ата - аналарға береміз!
Уақыт бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет, Қош сау болыңыздар!

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!,-дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Әліппеге мың алғыс!» сыныптан тыс шара

Автор: Нагашибаева Ботакоз Аскаровна

Дата: 16.11.2017

Номер свидетельства: 439084


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства