kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поэзия, менімен егіз бе едің?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналаған ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поэзия, менімен егіз бе едің?»

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы

Орал қаласы білім беру бөлімінің

«Мектептен тыс жұмыс орталығы»









Сабақтың тақырыбы: «ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?!»




Өткізген

қосымша білім беру педагогы

Кадырбекова Н.С.




Орал-2021ж

«ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?!»


Сабақтың эпиграфы:


Таудай едің, таудың алып тумасын

Нағыз қазақ едің сөздің турасы.

Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,

Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

(Жәркен Бөдешұлы)


Ашық сабақтың мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы поэзияны сүюге үйрету, оны құдіретін сезіндіру. Ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.


Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.


Кіріспе сөз: Келген қонақтар мен әділ қазылармен таныстыру.


Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін біз қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, Хантәңірдей асқақ тұлғамыз М. Мақатаев жайында сыр шертпекпіз.

Жүргізуші: Ашық сабақ сайыс сабақ түрінде өткізіледі. Сайыс сабақтың кезеңдері:


  1. кезең Таныстыру


  1. кезең Кім жүйрік? Сұрақ-жауап


  1. кезең Аудио сұрақтар тақтасы деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар жасырылған аудио өлеңдерінің атын табады.


  1. кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.


  1. кезең «Жылдар сөйлейді» Бұл кезеңде оқушылар берілген жылдарға байланысты оқиғаларды атап айтады.


Жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»,-

деп ұлы Абайдан көп нәрсе үйреніп, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соқпақ жолда әдеби ұлттық дәстүрді одан әрі жалғастыру жолында Абайға көбірек үңілген.


Видео «Есіңе мені алғайсың»

https://youtu.be/575knUriBI4


Жүргізуші:

І кезең Таныстыру

Барлық топтың басшылары өз ұрандарын айтып, таныстырып өтеді.

Каусар, Іңкар, Айзере, Карина, Назерке, Ясмина, Ақерке, Шынар, Айымжан, Әбілмансұр, Темирлан

ДОСТЫҚ тобы. Ұраны: Достығымыз барда,

Жүреміз тек алға!

ҚЫРАН тобы. Ұраны: Қыран қалықтап самғайды,

Қыранның қанаты талмайды

БІРЛІК тобы: Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз біріміз үшін!


Жүргізуші:

ІІ кезең Кім жүйрік? Сұрақ-жауап


ӨМІРІ 20. Мұқағалидің шын есімін атаңыз?

Ж:Мұқағали Мақатаевтың азан шақырылып қойған шын аты- Мұхамбетқали. Оны көпшілік біле бермейді. Кейіннен жеңгелері, туған-туыстары Мұхамбет пайғамбардың да аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп кеткен. Ақынның өзі де есейген шағында: «Бұл есімнің қадір-қасиетін түсініп, оны алып жүре алам ба?! Одан да Мұқағали қалғаным дұрыс шығар...»-деп құжатқа да осылай жаздырып алған.


ӨМІРІ 30. Ақын дүниеге келген жер?

Ж:1931жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы –27.3.1976ж.Алматы қаласы


ӨМІРІ 40. М.Мақатаев қай жылдары өмір сүрді?

Ж:1931-1976жж


ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ 20 Мұқағали Мақатаевтың ең бірінші бақыты?

Ж: «Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің»


ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ 30 Ақынның балалыық шағы соғыспен қатар келгендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Сол жайында қай өлеңінде айтылған?

Ж: «Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?».


ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ 40. Мұқағалидің әкесінің аты кім?

Ж: Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы


ӨЛЕҢДЕРІ 20

Қатемді кешір менің Сенің арқан-сескенбей,есіргенім Егерде жырың болмай,ұрың болсам Алақанға саласың несін мені

Ж: («Халыққа хат» өлеңінен)


ӨЛЕҢДЕРІ 30

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Ж: («ФАРИЗАҒА»)


ӨЛЕҢДЕРІ 40

Әйелдер-ай!

Әйелдер!

Қандайсың?!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,

Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.

Ж: («Әйелдер-ай» өлеңінен)



ДАНАЛАР СӨЗІ 20 ...Мұқағали  мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен  тұратын.
Жауабы:               (Лашын  Әзімжанова) 

ДАНАЛАР СӨЗІ 30

«Өлең өлмейді.Оны жазған адамда өлмейді.Олай болса Мұқағали да өлген жоқ.Қасымызда,ол қыранша дүр сілкініп,бүкіл залды өзі толтырып,жазық маңдайы жарқырап жыр оқып тұр»

Жауабы: (Әбділда Тәжібаев)


ДАНАЛАР СӨЗІ 40

М.Мақатаев-қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақтың қара өлеңінің құдіреті.

Жауабы: (Ф.Оңғарсынова)



Жүргізуші: ІІІ кезең Аудио сұрақтар тақтасы деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар жасырылған аудио өлеңдерінің атын табады.


1. Есіңе мені алғайсың

2. Сәби болғым келеді.

3. Жас қайың.

4.Ана сен бақыттысың.



Жүргізуші:


Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,


- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.


Жүргізуші:

ІҮ кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Достық, Қыран, Бірлік топтарынан оқушылар шығып ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды.


Ү кезең «Жылдар сөйлейді» Бұл кезеңде оқушылар берілген жылдарға байланысты оқиғаларды атап айтады.


1964 жыл - «Ильич» атты тұңғыш поэмалар жинағы жарық көрді

1972-73 жыл- Қазақстан жазушылар одағында қызмет етті

1948 жылы орта мектепті бітіріп, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды.

1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Жүргізуші:


«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,

Сен айт менің ойымды, айта алмаған»


- деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары, бүгінгі сабағымызда оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз.

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек! Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.

Сайыс сабағымыз өз мәресіне жақындады оқушылар, ендеше әділ-қазылар әділ шешім шығарғанша өлеңге кезек берейік. Дарынды оқушымыз Наурзғали Каусар Мұқағалиға арнау атты өз өлеңін оқиды.

«Қазақ даласының ең биігі, қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали» . Сол хантәңіріне айналған перзент Мұқағали аға елі есінде, жұрты тынышында халқымен қанаттасып, Қарасазымен сақталып, мәңгі жасайды. Мәңгі есімізде!


Әрине, суық қайғы,

Көңілің халқың бірақ суытпайды.

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Бақұл бол, халқың сені ұмытпайды,


- дей отырып, біз бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз!


Қорытынды:
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Поэзия, менімен егіз бе едің?

Автор: Қадырбекова Нұргүл Сағадатқызы

Дата: 03.02.2023

Номер свидетельства: 624788

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Әдеби сазды кеш "Шындықтан туған шын поэзия""
    ["seo_title"] => string(49) "diebi_sazdy_kiesh_shyndyk_tan_tug_an_shyn_poeziia"
    ["file_id"] => string(6) "450215"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516076905"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""Б?гін мені? ту?ан к?нім" М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш"
    ["seo_title"] => string(64) "bughinmienintugankunimmukagalimakataievkaarnalgandiebisazdykiesh"
    ["file_id"] => string(6) "303387"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457515792"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Та?ырыбы:  Поэзия менімен егіз бе еді?? "
    ["seo_title"] => string(44) "tak-yryby-poeziia-mienimien-ieghiz-bie-iedin"
    ["file_id"] => string(6) "173650"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424014969"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«Б?гін мені? ту?ан к?нім !» "
    ["seo_title"] => string(26) "bughin-mienin-tug-an-kunim"
    ["file_id"] => string(6) "171612"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423683351"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "«Мен ?мірге жырлау ?шін келгенмін» "
    ["seo_title"] => string(40) "mien-omirghie-zhyrlau-ushin-kielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "182225"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425481630"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства