kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық»-дейді халық даналығы халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы ою-өрнек түрлерімен танысайық.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ою ойғанның ойы ұшқыр.»

Тақырыбы: Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге!


Психологиялық дайындық

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін.

-Құлақ деген не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қолың не үшін керек?

-Оюларды ою үшін.


Топқа бөлу

Ітоп (сары қағаз): Зооморфты (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелер) ою-өрнектер.

Мысалы: «Қошқар мүйіз»

ІІтоп (жасыл қағаз): Өсімдік пішіндес (жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, гүл ағаш) ою-өрнектер.

Мысалы: «Гүл», «Жапырық»

ІІІтоп (қызыл қағаз): Геометриялық (әр түрлі геометриялық денелер) өрнектер.

Мысалы: «шаршы», «балта».

Ivтоп (көк қағаз): Космонологиялық (дөңгелік, ирек, шимай) өрнектер.

Мысалы: «Жұлдыз», «Күн».

Топпен таныстыру.

Әр топ өз атаулары бойынша түсінік беріп өтеді.

І топ: Жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелер. Бұл өрнектер сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнер де қолданылады, бұл өрнектер байлық пен молшылықтың белгісі.

ІІ топ: Өсімдік пішіндес ою-өрнектері гүл өсімдігінің, барлық түрін тұспалдап тұрады. Бұл өрнек қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда киім-кешектердің, жағасына, қалтасына, жиектеріне салады. Бұл өрнектер жарық - өмір жолы дегенді білдіреді.

ІІІ топ: Геометриялық үлгідегі өрнектермен әшекейленеді. Бұл өрнектер басқұрлар, алашаларда айқын да ырғақты нақыш мәнермен ерекшеленеді.

IV топ: Бұл оюдың түрі космоногиялық ұғымынан туған әлем

Кеңістігіне алынған ай, күн, жер, негізі болып саналады. Мыс: үшбұрыш-тіл көзден сақтау үшін тағылады.

Киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көркемдеуде кездеседі.

Ою-өрнектің шығу тарихы

І а) Қазақтың ұлттық ою-өрнегі қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасыр бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрі.

ә) Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға мұра болып дамып келе жатқан өнер түрі.

б) Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Тігуге де , жинауға да, алып журуге де қолайлы киіз үй мүлкінде ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жақтың қасы.

ІІ а) Ою-өрнекті жақсы, саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет. Ою ырғағымен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет.

ә) Оюдың жақсы шығуы оюшының ою ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болсада ол адам ойының жемісі.

б) Ою-өрнек латын тілінен аударған да әсемдеу, сәндеу дегенді білдіреді. Әр түрлі заттарды, архитекторлық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отырытын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек нақыштар.

ІІІ а) Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді.

ә) Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатыр.

б) Өрнек дегеніміз әр түрлі ою бедер бейненің күйдіріп , жалатып, бояп батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлерін, әшекейлердің ортақ атауы. Сондықтан ою-өрнек деп қосарланып айтылады.

IV а) Қазақтың ою-өрнек деген сөзі бірге келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді.

ә) Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды.

б) Ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс – тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамытып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырады.

«Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық»

«Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық»-дейді халық даналығы халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы ою-өрнек түрлерімен танысайық.

Мүйіз- қазақ оюының ең көне мәнері.

«Мүйіз» ою-өрнегі кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданылады ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет, өнерінде, сан түрлі мәнерде қолданылады.

Қошқармүйіз – ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйізбейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығады.

Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі.

Қосмүйіз – ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді. Кейде «ырғақ» кейде «ілмек» деп аталады. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды киім-кешек, қару-жарақтарды безендіреді.

Арқармүйіз – деп аталатын оюдың түрі қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі.

Өрмекші – бұл өрнек көбінде әйелдердің көйлегінің етегінде, алқа, сырға сияқты тұмар қасиетіне ие өрнек. Өрнек негізінен пәле-жала, бақа-шаян, құрт-құмырсқадан сақтануды нышандайды.

Түйемойын – ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсас иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюлармен тұстас келеді де «түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.

Үшжапырақ – ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үшжапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Сәулет өнері ескерткіштерінде кездеседі.

Гүл - өрнектері барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына салады.

Омыртқа – ою-өрнегін кестелерден сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды. Ол әртүрлі үйлесімде түрленіп ою композициясының ортасына және жиегінде қолданылады.

Балдақ – бұл өрнек ағаш бұйымдарға, шалбардың балағына, белдікке, тонның өңірлеріне, жаға мен кимешек жақтарына түсірілетін, судың толқыны сынды өрнек.

Ирек, су - өрнектері кілем тоқуда кестемен нақышталған заттарда кездеседі. Мұнымен бұйымның шетіндегі жиектеме жолақтар түрлендіреді.

Қарта – ою-өрнегі төрт-түлік малдың дене мүшелеріне еліктеуден шыққан және сол мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік бұйымдарда, кесте тігуде кездеседі. «Қарта» өрнегі жүрекке ұқсаңқырап келеді.

Ботакөз – ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбқа ұқсайтын геометриялық ою-өрнек.

Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.

Тарақ – үлгідегі өрнек тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Алаша басқұрларда қолданылады. Тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.

Қосдөңгелек – ою-өрнегінде геометриялық үлгінің жекелеген түрлері өте көне заманнан бері сақталған өзінің бастапқы сиқырлы мағынасын жойған бұл дәстүрлі бейнелеу түрлері осы күнге дейін кең қолданылып келеді.

«Қосдөңгелек» өрнегімен негізінен киіз бұйымдарын әшекейлейді.

Тұмарша – ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін тағылады. Кілем бұйымдарының жиегіне киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көркемдеуде кездеседі.

Тышқан із – оюлы кілемдерді, қоржын, аяқ қап тәрізді басқа да, тұрмыстық жиһаздарды әшекейлеуге пайдаланылады. Мұндай өрнекпен көбіне композициялық жиектеме жолағы толтырылады.

Шеңбер немесе тосбақ - бұл екеуі де аспандағы күннен туындаған өрнек. Көбінесе тұскиіз, шапанның артқы өңір, төр, көрпе, сырмақтарға түсіріледі. Мұндағысы «Күннің мейіріне бөленген барлық тіршілік анасы болған күн ана саған қуат берсін» мағынасында.

Жауқазын – көктем белгісін білдіретіндіктен халқымыз жауқазындай құлпырып, бүршік жарсын деп мұндай өрнекті шыт, тақия орамалға салған.

Қазтабан – қаз көбінде пәктікті, тазалықтың символы деп білетін халқымыз оны ерекше аялаған. Сондықтан бұл өрнекті отау үйдің жиһаздардың өрнектеуге қолданылған.

Шұғыла – шолпан жұлдыздарының бейнесі, «жұлдызы жарқырап, маңдайы ашық болып, шұғыла шашсын» деген мағынаны білдіретін ою.

Тоғызтөбе – оюы ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек кезінде Айша – Бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған.


Өнерлі халық - өміршең халық,

Өнерлі болсаң жан-жақты

Жұлдызың тұрар көгіңнен жанып,

Басыңа берер мол бақыт.


«Өнерпаз болсаң арқалан»

Әр топтың өнерлерін тамашалау

1. Жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелер ою-өрнек тобын «Қаражорға» биімен қарсы аламыз.(топ болып билейді, 6бала)

2. Өсімдек пішіндес ою-өрнектер тобын «Айгөлек» әнімен қарсы аламыз.

3. Геометриялық өрнектер тобын «Әже ақылы» көрінісімен қарсы аламыз.

4.Аспан әлеміне байланысты ою-өрнектер тобының «Сән үлгісін» тамашалауға кезек береміз.


Сөз мәйегі – мақал.

Дегендей, кезекті мақал-мәтелге берейік. Ол үшін біз «Шынжыр» ойынын ойнаймыз.

Шартымен таныстыру.

І топ: а) Өнерлі жігіт өрге озар,

ә) Өнерсіз жігіт жер соғар.

а) Өнерлінің қолы алтын,

ә) Өлеңшінің сөзі алтын.

а) Өнер ағып жатқан бұлақ,

ә) Ғылым жанып тұрған шырақ.

ІІ топ: 1. Олақ өзгеге сенсе,

2.Өнерлі өзіне сенеді.

3.Оюы көптің өрнегі көп,

4.Өрнегі көптің ермегі көп.

5.Еңбексіз іс бітпейді,

6.Еріншектің қолы бітпейді.

ІІІ топ:1.Қолөнер – мол өнер,

2.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

3.Қыз еркем,

4.Кестесімен көркем.

5.Өнер көзі халықта,

6.Өнерлі бала сүйкімді.

IV топ:1.Шеберді шеге қағысынан байқа.

2.Өнер сыры - өрнекте.

3.Өнерсізден құт қашады.

4.Өнерлі өрге жүзеді.

5.Оюды оя алмаған ойланбаған.

6.Шебер көп жерде өнер көп.

Сұрақтар беру.

Мультфильм «Ғажайыпстанға саяхат»

«Ою-өрнек, құрақ құрау – қазақтың кешегісі мен ертеңі»,-деп Б.Момышұлы айтқандай ою оларды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің қолдарыңда.

Қорытынды.

Міне , балалар оюдың адам баласына тигізер әсері өте көп екен. Ол адамның ойын бір жүйеге келтіреді. Денсаулыққа тигізер пайдасы да баршылық. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді.

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын,

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын-туысқа пейілді болсын,

Он саусағынан өнер тамған,

Оюшы болсын-

деп, бірінші ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



1.Композиция дегеніміз не?

Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.

2.Симмитрия дегеніміз не?

Симмитрия дегеніміз – ою-өрнектің екі жағының тең болуы.

3.Колорит дегеніміз не?

Колорит дегеніміз – ою-өрнектің бір-бірімен үйлесім табуы.

4.Ритм дегеніміз не?

Ритм дегеніміз – ою-өрнектің бір элементтің қайталанып келуі.



Сабырбаева Ш.У

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№12 орта мектеп





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Автор: Сабырбаева Шарбану Уакиловна

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 355056

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Та?ырыбы :  Ою  ой?анны?  ойы  ?ш?ыр. "
    ["seo_title"] => string(36) "tak-yryby-oiu-oig-annyn-oiy-u-shk-yr"
    ["file_id"] => string(6) "184065"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425993052"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "ата-ана? - алтын т??ыры? "
    ["seo_title"] => string(26) "ata-anan-altyn-tu-g-yryn-2"
    ["file_id"] => string(6) "203321"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429458133"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ата-ана? -алтын т??ыры? "
    ["seo_title"] => string(26) "ata-anan-altyn-tu-g-yryn-3"
    ["file_id"] => string(6) "235898"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1443881907"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ата-ана?-алтын т??ыры? "
    ["seo_title"] => string(24) "ata-anan-altyn-tu-g-yryn"
    ["file_id"] => string(6) "138804"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417609888"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "«Ата- ана? - алтын т??ыры?» "
    ["seo_title"] => string(26) "ata-anan-altyn-tu-g-yryn-1"
    ["file_id"] => string(6) "179668"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425049625"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства