«?нер таусылмас азы?, ж?тамас байлы?» - дейді халы? даналы?ы. ?аза?ты? ?ол ?нері де ?зіні? т?л-тума бітім ?асиетімен, к?ркемдік м?н- ма?ынасымен шын м?нінде хал?ымызды? ?асырлар тал?амынан ?ткен асыл ?азынасы. Бабалардан ?ал?ан ?андай ?нер, ?андай ?азына бар ? Оны? бірі – ою-?рнек. Оларды жо?алтпай ?йреніп, ?рі ?арай дамыту бізді? міндетіміз.
І – ж?ргізуші : Ою- ?рнек халы? ?ол?неріні? бір саласы. Ою- ?рнекте халы?ты? д?ниетанымы, ?зін ?орша?ан орта мен с?лулы? туралы т?сінігі бейнеленген. Б?л туралы Фариза О??арсынова апайымыз
Т?рін –ай текеметті?! Асыл ?андай!
??ілдім ?нсіз ?ана басымды алмай
Келе ?ой ?оша?аным, ?зіме-деп
?жем кеп сипа?андай шашымнан ж?й
К?йімді к?рсе?дер-ау сол беттегі
Т?р?андай ана – к??іл тербеп мені
Жан бітіп жайра?дайды жан-жа?ымнан
?аза?ты? монша?тал?ан ?рнектері.
ІІ- Ж?ргізуші : ?аза? хал?ы – к?мейінен ?н там?ан, барма?ынан бал там?ан, ке? даланы еркін кезген, т?рт т?лік малы мы??ыр?ан, ?нерлі, батыр, бай халы?. ?аза?ты? к?п ?неріні? ішіндегі бірегейі – ою-?рнек ?нері. Ою- ?рнек ?нері хал?ымызды? к?нделікті ?мірімен байланысты. ?.?астеев атамыз :
?нерді тауды? б?ла?ынан
?ойды? ??ла?ынан
Апамны? киізінен
?ош?арды? м?йізінен - ?йрендім деген.
І – Ж?ргізуші : Ою- ?рнек, ??ра? ??рау ?аза?ты? кешегісі мен б?гінгісі, ерте?і деген Бауыржан Момыш?лы атамыз ?р ?ылы?ымен, бар болмысымен ?аза?ты? намыстан жаратыл?ан халы? екендігін мойындата білген. Ол батыр, жазушы ?ана емес, ?уес?ой суретші, ою- ?рнек шебері бол?ан.
( ?йге берілген тапсырма О?ушы формасын ?алай жасар еді??)
ІІІ – ?ортынды б?лім.
Хал?ымыз оюды таби?аттан, жан – жануарлардан ал?ан екен. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген. Бабаларымыз ?андай ойшыл, шебер бол?ан десе?ші. Бабалардан ?ал?ан асыл ?азынамызды са?тап, дамыту бізді? міндетіміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы : Ою ой?анны? ойы ?ш?ыр. »
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі нің
бастауыш сынып мұғалімі Кукенова Нуржамал
Тақырыбы : Ою ойғанның ойы ұшқыр.
Мақсаты : Оюдың түрлері, шығу тарихы туралы түсінік беру. Ою- өрнек туралы мақал-мәтел жаттау. Оқушылардың сөздік қорын, дүниетанымын байыту. Қазақтың ұлттық өнерін қастерлеуге үйрету.
Дамытушылығы : бұйымды ою- өрнекпен әшекейлеу.
Шығармашылығы : берілген суретке қарап ою ойлап, қиып, оюдың атын атау.
Көрнекілігі : буклет, оқушылардың еңбектен жасаған бұйымдары .
Жүрісі : І – Кіріспе.
«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» - дейді халық даналығы. Қазақтың қол өнері де өзінің төл-тума бітім қасиетімен, көркемдік мән- мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабалардан қалған қандай өнер, қандай қазына бар ? Оның бірі – ою-өрнек. Оларды жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.
І – жүргізуші : Ою- өрнек халық қолөнерінің бір саласы. Ою- өрнекте халықтың дүниетанымы, өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген. Бұл туралы Фариза Оңғарсынова апайымыз
Түрін –ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай
Келе ғой қошақаным, өзіме-деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан жәй
Күйімді көрсеңдер-ау сол беттегі
Тұрғандай ана – көңіл тербеп мені
Жан бітіп жайраңдайды жан-жағымнан
Қазақтың моншақталған өрнектері.
ІІ- Жүргізуші : Қазақ халқы – көмейінен ән тамған, бармағынан бал тамған, кең даланы еркін кезген, төрт түлік малы мыңғырған, өнерлі, батыр, бай халық. Қазақтың көп өнерінің ішіндегі бірегейі – ою-өрнек өнері. Ою- өрнек өнері халқымыздың күнделікті өмірімен байланысты. Ә.Қастеев атамыз :
Өнерді таудың бұлағынан
Қойдың құлағынан
Апамның киізінен
Қошқардың мүйізінен - үйрендім деген.
І – Жүргізуші : Ою- өрнек, құрақ құрау қазақтың кешегісі мен бүгінгісі, ертеңі деген Бауыржан Момышұлы атамыз әр қылығымен, бар болмысымен қазақтың намыстан жаратылған халық екендігін мойындата білген. Ол батыр, жазушы ғана емес, әуесқой суретші, ою- өрнек шебері болған.
Қолөнері халқымның өрістесін
Әрқашан Алла берсін берекесін
Өнерлі жастарымыз өсіп- өніп
Бауыржан атамыздың жолын берсін.
ІІ – Жүргізуші :Ою сөзі латынның арнамент сөзінен алынған. Орыстың узор сөзіне өрнек сөзі мағыналас келеді. Ою- өрнекті қазақ шеберлері төрт топқа бөледі.
Аспан әлеміне байланысты
Өсімдікке байланысты
Жан – жануарларға байланысты
Геометриялық фигураларға байланысты.
І – Жүргізуші : Болардай басқұр, өрнек маған міндет
Белгісі балғын шақтың қарар жебеп
Сүйеніп тұскиізге тұрып қаппын
Көз жазып сол өрнектен қалам ба деп,-
Дей келе бүгінгі « Ою ойғанның ойы ұшқыр» - атты сайысымызды бастайық.
Хор « Ұят болмасын»
ІІ – Жүргізуші : Сайыстың бағдарламасы : 1. Топ атымен таныстыру.
2. Топ басшыларына сұрақ
3. « Ойлана білмеген, оя білмейді»
4. Өнер көрсету
5. Шапшаң тап
6. «Мен егер сәнгер болсам»
1. Топты таныстыру.
1. «Сыйқырлы сауық» тобы.
Саусақтарым майысып,
Түрлі ою ойысып
Шебер болам өскенде.
2. «Алтын оймақ» тобы
Ою – өрнек дегенде, ою- өрнек
«Алтын оймақ» тобымның аты ерек
Кел достарым сайысты бастайықшы
Ұмытылмай ойымызда қалсыншы тек
3. «Шеберлер» тобы
Шебер әжей өнерлі
Барып тұрам күнде мен
Құрмет тұтып өнерді
Шеберлікті үйренем
2. Топ басшыларына сұрақ
Ақылдылық бәріңе жарасады
Көзі ашық кім бүгін санасады
Келесі сұрақ-жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты.
Еліміздің көк байрағындағы ою қалай аталады ?
Жауап : Тұйық оюы. Бұл ою халық ұғымында бақыт, достық, мәңгіліктің белгісі. Ол батырлар мен билердің жауырын тұсына, батырлардың қалқанына салынатын болған.
Қандай ою түрлерін білесің ?
Жауап : Аспан әлемі б-ы : жұлдыз, қар
Жан –жануар –а .б : құс қанаты, қошқар мүйіз, түйе табан.т.б
Геом. Фиг. Б. Үшбұрыш, тышқан ізі, ботагөз
Өсіб. Б : гүл, жапырақ, алқа
Ою – өрнектің неше түрі бар ?
Жауап : ою-өрнектің 200 түрі бар.
3.Ойлана білмеген, оя білмейді.
Әр топқа суреттер беріледі, сол суретке байланысты ою ойлап табу.
4.Өнер көрсету.
Шеберлер тобының оқушысы : «Қамажай» биін орындайды
Сыйқырлы саусақ тобынан ән «Асыл әжем»
Алтын оймақ тобынан ән «Қазақ осы»
5.Шапшаң тап.
Іс істеген ерінбей
Жалқаулыққа берілмей
Балаларымыз көрсетсін
Қол өнерін күлімдей.
( көрпеше, белдемше беріледі ою жапсыру)
6.Мен егер сәнгер болсам...
Ою- өрнек сәндігі
Көздің жауын алады
Болмаса зат өрнексіз
Онда мәнсіз болады
( үйге берілген тапсырма Оқушы формасын қалай жасар едің?)
ІІІ – Қортынды бөлім.
Халқымыз оюды табиғаттан, жан – жануарлардан алған екен. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген. Бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңші. Бабалардан қалған асыл қазынамызды сақтап, дамыту біздің міндетіміз.