kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің отбасым -

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы туралы ұғымды кеңейту. Бауырдың қадірін түсіндеру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің отбасым -»

Дайындаған :Бастауыш сынып мұғалімі Ермаганбетова Жанара Болатовна


Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты:
1.Отбасытуралыұғымдарынкеңейту.Отбасы мүшелерініңалатынорнытуралытүсінік беру.Отбасы - әрадамның шағын Отаны.

Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін түсіндіру.
2. Балалар әке - шешесінің қамқорлығына, сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік қасиеттерін алып,жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялықахуал

Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.( Бір –бірлеріне тілек айтады)

Сөзжұмбақ.


1.Түсі нарттай,
Тілін тартпай,
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай.
2. Мемлекеттік рәміздің бірі.
3. Еңбек құралы.
4. Ең жақын адам.
5. Уақыт өлшемі.
6. Ырыс алды -

Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы.

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұратың,

Айтады, қане, кіматын? /апа,ата, ана, іні, аға./


Жұмбақ отбасы туралы

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы?  (ата)

4. Үйдегі алтын адам кім?  ( ана)

5. Ұлдардың кішісі (іні)







2.Кіріспе сөз
- Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы«Менің отбасым» деп аталады.

  • Отбасы дегеніміз не?(Оқушылар сызбаны толтырады.)

  • Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
    Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстармен қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым - қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып – сырқаттанғанда көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған - туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.
    Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

  • Отбасын жанұя, шаңырақ деп атайды.

  • Отбасы деген сөздің өзі отбасы ошақ қасы деген мағынаны білдіреді.

  • Отбасы екіге бөлінеді шағын және үлкен

  • Шағын отбасы ол анасы мен әкесі бала –шағасымен тұрады.

  • Үлкен отбасы ол атасы мен әжесімен тұратын

Отбасы - әрадамныңшағынотаны. Олқоғамныңбірбөлшегі, от бар жердеөмір бар. Отбасыдегенкелешекұрпақты жалғастыратын болашақ.

3.« Мен ата - анаммен мақтанамын!» атты фотосуреттер

- Ал енді әркім өздері дайындаған отбасы жайлы материалдарымен таныстырсырып өз отбасы жайлы айтады.

4. Папа мен мама сөзіне түсінік беру.

  • Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой. 

«Папа» мен «мама» сөздері ешқандай да орыстыңнемесебасқа да славян халықтарыныңтөлсөздеріемес. «Папа» сөзі көнедегігректің «papas» сөзі мен латынның «papa» сөздеріненшыққан. Католиктікшіркеудедінқызметкерлерініңеңлауазымды, еңжоғарықызметкеріне «Папа» дегенатауберген. Мысалы, Рим Папасы Бенедикт VIII дегенсияқты. Сөйтіпорыстарарқылықазақеліне де жетті.

«Папа» сөзі — орыстардыңсөзі» деугеболмайды. Өйткеніолсөздіңорыстарарқылыжеткеніболмаса, түптамырылатынтіліндежатыр. Орыстарданбасқаәлемніңқаншамаұлтыәкені «папа» депатайды. Мама сөзі де солай: әлемніңкөптегенұлттарыананы «мама» депатайды. Бірақ «мама» сөзініңмағынасыертедегішіркеулергеқатыстыемес.

Мама — латынша «mamma (мағынасы: әйелдіңемшегі)» сөзіненшыққан. Баласынемізетінәйелді, яғниананы «мама» депатауертедегілатынтіліненшыққандеугетолықнегіз бар.

Барлықтілдедерлікбаламасы бар


Байқасақ, аты белігіл, бір-екі ауыз сөзі таныс тілдердің барлығында дерлік »папа» мен «мама» сөздеріне балама боларлық арнайы сөздер бар. Ондайсөздерқазақтілінде де бар: әке, ата, ана, шеше. Егерәкесін «папа», анасын «мама» дейтінқазақтардышектеншыққанадамдаршажетесіздер мен арсыздарқатарынажатқызсақ, ондаелдегіүшадамекеуінемесетөртадамныңүшеуіжетесізболыпшығады. Әрине, олайдеутымартықкеткендікболады. Керсінше, ілікіздеп, әрбірсөздіңмыңдағанжылдарбұрынғыастарынаүңілужетесіздіккеұқсайдыемеспе?! Оның үстіне, көнемағынасықазақтыңтіліне де діліне де жат қаншама сөз бар. Ол аз десеңіз, «папа» дейтінбаланыкінәлап, солайайтуынажауаптыата-анасынкінәләмайтындар бар. Бесіктенбелішықпағанбаланыңтілі мен тәрбиесінежауаптылар — ата-анасы.

Иә, қазақбаласыныңтіліқазақшашығып, әкесін «әке» деп, анасын «ана» депатағанына не жетсін, шіркін. Қазір «папа» мен «мама» сөзінеқұлағымызүйреніп, олсөздердісанамыздыңсіңіріп алғаны соншалықты, «әке» мен «ана (анашым)» дейтінбалалардыңсөзінестігендежалтқараймыз. Неге? Өйткеніқазақтыңкейбіртөлсөздеріқазақтарға жат болыпқалған, күнделіктітіршілікте қазақтың төл сөздерін қолданатындар өте аз. Тіпті жасы үлкен, сүтті биелерді «мама бие «деп атаған.

5.Ойын кезеңі.
Ауызша тапсырма: «Сиқырлы шарлардан» тапсырмалар:
1. Отбасының қорғаны кім?
2. Шаңырақ сөзін қалай түсінесің?
3. Түн ұйқысын төрт бөліп , бөбегін әлдилеген кім?
4. .... не отбасынан басталады.
5. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
6. Ұлдардың үлкені

7. Нағашы жұрт деген кім?

8. Жезде деген кім?

5. Отбасына арналған өлең -жырлар оқылады.

Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
- "Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек" – деп отбысына арналған жыр шумақтарын оқиық.

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба, Б тұрады үшінші

Ал, осының сыры неде?түсінші:

«А»дегенол – аналар ғой ардақты

«Ә»деген ол — әкелер ғой салмақты

«Б» дегенол-балаларғой әдемі

 Біздіңелдеүшеуі де кәделі.

Алшақкетпейсондықтан да расында

 Тұрадыоларалфавиттіңбасында.



Менің атам мықты адам,

Күштілерден ықпаған.

Жас кезінің өзінде,

Жігіті жоқ жықпаған.

Ыстық – ау  кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдыменадам бол депжетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында


  Алтын арай таңым әке,                 

  Алатаудай бағым әкем.                   

  Балаң үшін шырылдайсың,

Аман болғын, жаным әке.

  

Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясындакімболса да,

Тек анаңа жақынсың

  Анадегенасылсөз,                                 

  Анадегенғаламат.                                  

   Жер бетіндеанаға,    

Табынадыадамзат.                                                               

   Әрбіранасүйеді ,                                

   Өзбаласынүнемі

   Оданасқанжанжоқдеп,

  Жер бетіндебіледі.


Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Менің атам                                                   
   Жүзі жарқын, жаны ізгі
   Жан бар ма екен атамдай,
   Бірақ  бала  тәрізді
   Тұрады  әкем бата алмай

  Мәнді және маңызды,
  Толған  ылғи ой басы,
  Ертегі  мен  аңыздың
  Таусылмайтын қоймасы.

            









Менің  әжем

Менің әжем ақ  әжем,

Ұл мен қыздың  бағы әжем

Ертегі  айтып  бер десең

Айтып  берер  тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем.

Алтын  әжем,  күн   әжем

Апам  үшін,  мен үшін

Нағыз  ана тілі- әжем

Менің әжем,нар  әжем,

Көп жасаған  кәрі әжем

Ауырғанда,

Мен   үшін

Әр  сүйгені  дәрі  әжем.


Ән. «Анашым»

«Мені кім қалай жақсы көреді?!» (жылы сөздер )

  • Отбасында сендерді қалай еркелетеді?

(Әр баланың өз ойлары тыңдалады.)

  • Ал енді естіп көрелік кімді қалай еркелетеді екен. (Үнтаспадан тыңдалады, әр ата ана өз баласы жайлы қалай еркелететіні жайлыайтады)

Сергіту сәті:     

  Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым –атам.

Балаң үйрек-апам.

Ортан  терек–ағам.

Шылдыр  шүмек–мен.

Кішкене  бөбек- сен.

Бірүйде  бізнешеуміз?

Бір  үйдебесеуміз











Мақал –мәтел сайысы.

  • Кім отбасы жайлы мақал – мәтелдер біледі?

  1. Атаға қарап – ұл өсер, анаға қарап – қыз өсер.

  2. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

  3. Ата-ананың қадірін –балалы болғанда білерсің.

  4. Атаның баласы болма,  халықтың баласы бол

  5. Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің.

  6. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.

  7. Ата көрген оқжонар, анна көрген тон пішер.

  8. Ананың сүті – бал, баланыңтілі – бал.

  9. Туған үйдің түтіні жылы,туғанананыңкүтіміжылы.

  10. Анаңа ауыр сөзайтпа,артыңа ауыр жүк артпа.

  11. Бала – ананың бауы реті, көз нұры.

  12. Әке – асқар тау, ана-шалқар көл.

Шығармашылық тапсырма : Әркім өз отбасын күннің көзімен бейнелеу.

Ойын. «Ағашты безендіру» (Оқушылар түрлі түсті алмаларды таңдап алады. Тілектерін жазып , оқып ағашқа жапсырады.)

- Менің отбасым ең тату отбасы.
- Менің отбасым ең үлкен.
- Мен атам мен әжемді жақсы көремін.
- Менің анам ең ақылды адам.
- Менің отбасым аман болсын.
- Менің отбасымда қуаныш көп болсын.
- Менің отбасым қонақжай.
- Менің отбасым көңілді.
- Менің отбасым мейірімді.
- Менің отбасым ең бақытты.
- Мен өз отбасымды жақсы көремін.

Қорытындылау:

  • Сені кешке ұйықтатып, таңертең оятатын кім?

  • Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?

  • Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?

  • Ата – анаң қайда жұмыс істейді?

•      Ата,әже –отбасы тірегі.Оларды  сыйлау керек.

•      Ата –әже, әке -ана,ұл -қыз –бәрін отбасы дейміз.

•      Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

  • Отбасы -әр адамның шағын  отаны.

  • Отбасы шағын-мемлекет.

Құрметті, мұғалімдер, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, қатысқандарыңызға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін.Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін!Ал балалар, сабақты жақсы оқып,үлкендерді тыңдау керек. Жазған тілектерін қабыл болсын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің отбасым -

Автор: Ермағанбетова Жанара Булатовна

Дата: 02.06.2018

Номер свидетельства: 471958

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» "
    ["seo_title"] => string(32) "otbasy-t-rbiiesi-u-lt-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "157065"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421521690"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Отбасы-ша?ын ?о?ам""
    ["seo_title"] => string(22) "otbasy-shag-yn-k-og-am"
    ["file_id"] => string(6) "319215"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460781229"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "«ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» отбасылық спорттық сайыс"
    ["seo_title"] => string(51) "kiem_shieshiem_zh_nie_mien_otbasylyk_sporttyk_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "396420"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488259242"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Открытый урок на тему:" Мен және менің отбасым""
    ["seo_title"] => string(49) "otkrytyi_urok_na_tiemu_mien_zh_nie_mienin_otbasym"
    ["file_id"] => string(6) "419844"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496247251"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(233) "«Менің сүйікті отбасым!» Қалалық балабақшалар арасында өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы"
    ["seo_title"] => string(80) "k_alalyk_balabak_shalar_arasynda_otkizilghien_ashyk_u_iymdastyrylg_an_ok_u_k_yzm"
    ["file_id"] => string(6) "404351"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490724556"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства