Мақсаты:Оқушылардың , заң, құқық, міндет туралы білімдерін кеңейту.Сөздерінің мағынасын ашу,дұрыс түсінік қалыптастыру, дұрыс сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Өз Отанына деген сүйіспеншілдік сезіміне тәрбиелеу.
-Бүгінгі сабағымызда не туралы білеміз деп ойлайсыңдар?
(Оқушылардың жауаптары)
Екі оқушы арасында жүргізілетін сұрақ-жауап.
-Сен ең алғаш мектепке кіммен келіп едің?
-Партада кіммен бірге отырдың?
-Сол кезде мектепке не үшін келгеніңді білдің бе?
II. Мағынаны ажырату
1.Сабақтың тақырыбын хабарлау.
Құқық, міндет сөздерінің мағынасын топта оқып талдайды, түсінеді.
Құқық – қоғамдағы адамдардың арасындағы өз ара қарым-қатынасты реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым.
Міндет – адамдарға бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.
2.Ата Заңымыз туралы қысқаша түсінік беру
Сен дүниеге келдің. Сол күннен бастап сен ата заңның аясында өмір сүресің.
Қазақстан мемлекетіндегі барлық адамға ортақ заңы-Конституциясы бар. Конституция еліміздің ең басты құжаты. Ол біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз жайлы жазылған парасатты кітабымыз.Міне, сен мектепте өз сыныптастарыңмен бірге отырсың. Сенің барлық адамдар сияқты тегін оқып білім алуға құқығың бар. Сен осы мектеп қабырғасынан орта білім алуға міндеттісің. Білім ордасы мектебің, мына отырған кең, жарық бөлмең сенің жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өз Отаныңа адал қызмет етуің үшін жасалған.
3.«Ата Заңым-алтын таңым» тақырыбында өлең шумағын жатқа айтады.
Ата Заңым, алтын заңым – ардағым,
Аялаған азаматтың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.
4.Ойын – жаттығу: «Бәріміз бірге!»
1-топ оқушылары кезекпен айтады.
15-бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16-бап.Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29-бап.ҚР-сы азаматтарының өз денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2-топ оқушылары кезекпен айтады.
30-бап. ҚР-ның азаматы орта білім алуға міндетті.
36-бап.ҚР-сын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
5. «Балалар құқығы туралы конвенция»
Мұғалім: Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын 1989 жылы 20-қара-шада «Балалар құқығы туралы конвенция» қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз қол қойды.
Конвенцияда не туралы айтылғанын білесің бе?
Құқылы Міндетті
Құқылы
*Бала өмірге келісімен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
*Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
*Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы.
*Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
Міндетті
*Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті;
*Басқа адамдардың құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға міндетті;
*Табиғатты қорғауға міндетті;
*Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті;
6. Топтық жұмыс «Менің Отаным – Қазақстан»
1-топ Постер құрады 2-топ Шағын эссе жазады
7.Ән: «Отан»
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан!
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
Қайырмасы
Таусылмайтын қуатым,
Тірегімсің, сен Отан!
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің, сен Отан!
Шығысымнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды,
Бақшамызға Ұлы Отан.
Қайырмасы
Таусылмайтын қуатым,
Тірегімсің, сен Отан!
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің, сен Отан!
III. Ой толғаныс
8. Ойын-жаттығу: «Кім жылдам?» Екі топтан 2-оқушы мақалдың басын айтады. (отырған оқушылар тез тауып жалғасын айтады)
Отанды сүю -----------------------------
Отан оттан да -------------------
Отансыз адам -----------------------
Ел іші алтын --------------------------
Туған жердей жер болмас, _______________________________
9. «Туған еліме тілегім»
Тілектерін көгершіннің қанатына жазып Қазақстанның картасына жапсырады.
Ән: «Қазақстан»
1.Сүйем сені жасыл жайлау Атамекенім
Сұлу Көкше, ақ Алатау жырлап өтемін
А-а-а-а
Жаса мәңгі Қазақстан!
А-а-а-а
Жаса сен де Астанам!
2.Көк байрағым желбіресін әр кез биіктен
Туған жердің топырағын сүйіп өтем мен
3.Халқым менің келсін деймін өмір дәулетті
Бақыт қонған шаңырағын
Болсын сәулетті
А-а-а-а
Жаса мәңгі Қазақстан!
А-а-а-а
Жаса сен де Астанам!
IV.Қорытынды Рефлексиялық сұрақтар:
- «Өз құқығың мен міндетің» туралы не білдің?
Не білгенін әр топ парақшаға суреттерді таңдап жапсырады
-Бүгінгі сабақтың өмірдегі мәнін қалай бағалайсың?