kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің денсаулығым - менің болашағым.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:  «оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен  әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін  ұғындыру. Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің денсаулығым - менің болашағым.»

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы:«Менің денсаулығым- менің болашағым.


Мақсаты: «оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу.

Әдісі: сұрақ- жауап, көрнекілік, ойын, талдау –жинақтау.

Пәнаралық байланыс: экология, валеология, дене шынықтыру.

Көрнекілігі: Итерактивті тақта, суреттер, бейнекөрініс, қолшатыртақтада нақыл сөздер.

Барысы:

Психологиялық көңіл күй орнату.

Жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді өту үшін көңіл- күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық. (Жағымды баяу музыканың ырғағымен)

1- кезең. Денемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.

2- кезең. Көзді жұмып, тыныштанып бүкіл денемізді ойша шоламыз.

3- кезең.Денемізді бос ұстап, өз- өзімізді жағымды және көңілді сезініп, өмірдегі барлық жақсы сәттерді еске аламыз.

4 -кезең. Өзімізді әлі күлтелері ашылмаған гүл деп сезінейік.

Сол гүл күлтелері баяу ашылып, күнге қарай ұмтылуда. Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз, көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз.

Балалар, ыңғайлы отырып, бір- бірімізге қарап, әдемі жымиып,

күлейік . Енді, бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай көтеріңкі көңіл-күймен өткізейік.

Жүргізуші: Балалар, қазір менің мына сұрағыма жауап беріңдерші:

  1. «Бірінші байлық» деп біз нені айтамыз? (оқушылар өз ойларын айтып, тақырыпты ашуға көмектеседі)

Жүргізуші: Тамаша, рахмет балалар. Ендеше біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың аты «Менің денсаулығым – менің болашағым».

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына Жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай, бүгінгі өткізіліп отырған «Менің денсаулығым- менің болашағым» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз. Бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» деп, тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда.

  1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайту әр адамның өзіне байланысты. Денсаулық- салауатты өмір салты туралы ғылым.

  1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

(Балалардың жауабы)

1-презентация: «Тұмаудан сақтан»

Экраннан сұрақ шығады. «Тұмаудан сақтану керек. Сендер қандай іс-шараларды көріп жүрсіңдер?» (Оқушылар өз ойларын айтады.)

Балалардың мектеп дәрігеріне сұрақтары:

  1. Мектепті фильтрлеу дегеніміз не?

  2. Тұмау ауруының басты белгілерін айтып беріңізші.

  3. Тұмау қандай жолдар арқылы жұғады?

Дәрігер тұмаудан қорғанудың жолдарын көрсетеді.(Дәкеден жасалған маска, оксалин жақпасы)

Жүргізуші: Балалар, сендердің тұмау жайлы білімдеріңді білдік. Енді тағы да денсаулығымыз нығая түсу үшін қандай жағдайды ескеру керектігін білуіміз керек. Ендеше экранға назар аударайық.

2-бейнебаян көру .

«Дене жаттығуларының адам үшін маңызы».

Бейне материалға байланысты сұрақ қойылады:

«Таңертенгі жаттығулар не үшін қажет?» (Оқушылар өз ойларын білдіреді.)

Оқушылар денешынықтыру мұғаліміне сұрақ қояды:

4-сынып оқушыларына қандай дене жаттығуларын жасау маңызды?

Денешынықтыру мұғалімі сұрақ қояды.

  • Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

  • Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

  • Біз бастауыш сынып оқушыларының барлығы денемізді жаттықтыру аса маңызды екенін білеміз және оны үнемі жасап жүретінімізді қазір дәлелдейік.

Сергіту сәті.

Жүргізуші: «Адамның басты байлығы- денсаулық» деп айтып жатырмыз. Ал денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі –дұрыс тамақтану. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану- денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс- әрекетке де күніне көп күш- қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз.

Ал қазір бейнебаянға назар аударайық.

3- презентация көру: Дұрыс тамақтану туралы.

Оқушыларға сұрақ: Біз не үшін тамақтанамыз? (Оқушылар өз ойларын ортығы салады.)

Мектеп психологы Г.К.Камзина осы тақырыпқа орай, дайындап әкелген тренинг ұйымдастырады.

Тренинг «Қолшатыр....»

-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға жазылған өз ойларын іледі.

Қорытындылау.

Оқушылар, бүгін біз денсаулығымыз мықты болу үшін қандай жаман әдеттерден аулақ болуымыз керек екенін, денеміздің сұлу әрі сымбатты болуы үшін қандай дене жаттығуларын жасау керектігін білдік. Сондай –ақ біздің ағзамызға қандай пайдалы тамақтарды пайдаланған дұрыс екенін білдіңдер.

Ал қазір, тәрбие сағатымызды жақсы көңіл-күймен аяқтайық. Тренинг «Денің сау болсын десең..». Бір оқушы «денің сау болсың десең...»- деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып, аяқтап, шеңбер құрайды.

Барлық оқушылар келген қонақтарға «Келген барлық қонаққа, бақы-саулық тілейміз»-деп хормен айтады. (Дәрумен таратылады.)

Жүргізуші: Осымен, тәрбие сағатымыз аяқталды, денсаулықтарын мықты болсын. Сау болыңдар.





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Менің денсаулығым - менің болашағым.

Автор: Аханова Сауле Асмарбековна

Дата: 01.02.2017

Номер свидетельства: 386474

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Менің денсаулығым- менің болашағым!"
    ["seo_title"] => string(36) "menin_densaulygym_menin_bolashagym_1"
    ["file_id"] => string(6) "660878"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1733333289"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Менің денсаулығым-менің болашағым!"
    ["seo_title"] => string(36) "menin_densaulygym_menin_bolashagym_2"
    ["file_id"] => string(6) "660880"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1733333598"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Менің денсаулығым-менің болашағым!"
    ["seo_title"] => string(36) "menin_densaulygym_menin_bolashagym_3"
    ["file_id"] => string(6) "660882"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1733334053"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Менің денсаулығым-менің болашағым"
    ["seo_title"] => string(34) "menin_densaulygym_menin_bolashagym"
    ["file_id"] => string(6) "643663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1704717789"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Т?рбие  са?аты "Мені?  денсаулы?ым,мені?  болаша?ым""
    ["seo_title"] => string(46) "trbiiesagatymienindiensaulygymmieninbolashagym"
    ["file_id"] => string(6) "266423"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450160983"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства