kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушылардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы нақты түсінік беру. Жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауыз екі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.
2. Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйе отырып, елінің рәміздерін, тілін, дінін құрметтеуге тәрбиелеу. Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, өз Отанын қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушының сөздік қорын,, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз»

«К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі» КММ








Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық

мақтанышымыз»
(ашық тәрбие сағаты)







Дюсебекова К.О.








Талдықорған қаласы

Сабақ тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз»
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушылардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы нақты түсінік беру. Жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауыз екі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.
2. Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйе отырып, елінің рәміздерін, тілін, дінін құрметтеуге тәрбиелеу. Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, өз Отанын қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушының сөздік қорын, , ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.
Кіріспе сөз:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
дей отыра бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Хор: Әнұран

Міне балалар осы өлеңде айтылғандай ата – бабаларымыздан мұра болып қалған туған жерде өмір сүрген жанның арманы жоқ делінеді. Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін толарсақтан саз кешкен.
Мұғалім: Балалар, сендер еліміздің рәміздері деген сөздерді қалай түсінесіңдер? Ел рәміздері деп нелерді айтамыз?

1-оқушы: Мемлекеттік рәміздер- еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
2-оқушы: Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. 
“Біз Тәуелсіздікке аңсап,зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев нақты дәлелдеді 
3-оқушы: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Мұғалім:
Сұрақтар (Сұраққа жауап берген оқушыға жетон беріліп отырады да, сабақ соңында білімді оқушы анықталады)
1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
2. Оның өз рәміздері бар ма?
3. Қазақстан байрағында не бейнеленген? Түсі қандай?
4. Елтаңбада не бейнеленген?
5. Қазақсатн Республикасы әнұранының сөзін және әнін кімдер жазған?
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қай тіл?
7. Тәуелсіздік күні қашан?
8. Туған ел, жер туралы мақал – мәтел айтшы.
9. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
10. Қазақ батырларын ата
Мұғалімнің сөзі:
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңба негізі-шаңырақ.ол- елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ-отбасының бейнесі. Қанатты тұлпар –ұшқыр арманның, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі.Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті. 

Ән: Отан
4-оқушы:Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің
5-оқушы:Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып – ақ 
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ
6-оқушы:Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде
7-оқушы:Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға
Қалай оның елтаңбасы болмайды
Түлегіне дейін салса ен – таңба ?!
8-оқушы:
Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме.Оның ортасында арайлы күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн-қозғалыс,даму, өсіп-өркендеудің белгісі. Қанатын жайған қыран құс-бар нәрсенің бастауындай , билік, айбындылық бейнесі. 

Ән: Көк тудың желбірегені
9-оқушы
Енді бүгін өлген туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
10-оқушы.
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта 
Кім айта алар
Болмаған, - деп - Әнұран?!
Әнұран орындалады.

11-оқушы.Қазағымның басына

Бақыт құсы қонған күн

Тұтанып қалған білтесі

Жарқырап қайта жанған күн

12-оқушы:Отан!-деген сөзім қандай әдемі!

Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі

Таңдандырды жандүниемді бай өлке

Қарапайым кең дастархан әдебі

13-оқушы:Атам қазақ аңсағаны еркіндік,

Сақтау үшін азаттықты бекіндік,

«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар

«Татулықтың символымыз» сертім нық.

14-оқушы:

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің-тірегім,

Құшағыңа гүл атам!

15-оқушы

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды,

Баршамызға Ұлы Отан.

16-оқушы

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Ұлы Отан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен, Отан!

17-оқушы

Отан- сенің ата-анаң,

Отан- досың, бауырың,

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Отан- тарих,

Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан-өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын....

18-оқушы

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым

Оны ардақтап, сүйе біл!

Мұғалімнің сөзі:
- Сонымен балалар Қазақстан қандай ел болды?
көпұлтты, бейбіт , құқықты, жасампаз
Мұғалім сөзі:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз!

Ән: Атамекен


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз

Автор: Дюсебекова Камиля Оразхановна

Дата: 12.10.2016

Номер свидетельства: 348596

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?танышымыз "
    ["seo_title"] => string(47) "miemliekiettik-r-mizdier-u-lttyk-mak-tanyshymyz"
    ["file_id"] => string(6) "172115"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423758966"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "?зін-?зі тану."Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?танышымыз" "
    ["seo_title"] => string(61) "ozin-ozi-tanu-miemliekiettik-r-mizdier-u-lttyk-mak-tanyshymyz"
    ["file_id"] => string(6) "214674"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432396981"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш""
    ["seo_title"] => string(37) "memlekettik_r_mizder_ulttyk_maktanysh"
    ["file_id"] => string(6) "652932"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1718568738"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) ""Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз!""
    ["seo_title"] => string(41) "memlekettik_r_mizder_ulttyk_maktanyshymyz"
    ["file_id"] => string(6) "602352"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1647404693"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мемлекеттік Рәміздер - ұлттық мақтанышымыз!"
    ["seo_title"] => string(49) "miemliekiettik_r_mizdier_u_lttyk_mak_tanyshymyz_1"
    ["file_id"] => string(6) "435878"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509508725"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства