kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мемлекеттік рәміздер- ұлттық  мақтанышымыз еліміздің егемендігі жолында рәміздердің алатын орны ерекше

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш"»

«4 маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне» арналған

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»

мерекелік бағдарламасының сценарийі.


Фанфары


Мақсат:

Тарихы терең қазақ деген көне елде.

Ең белгілі ерлік, өрлік өнерде,

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді ту болмады дегенге?!


Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым,

Ту төрінен елге нұрын төкті күн.

Ту төбемде қанат қақты қырандай

Қуанбаған бірде қазақ жоқ бүгін.


Тоздырмаймыз сені ешқашан көнертіп,

Ием бар де жауға бермей өлер тік.

Жаса мәңгі өз көгімде өз туым

Желбірей бер көсегемді көгертіп.


Сәнім:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Мемлекеттік нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы.


Мақсат:

Жиын, сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін.


Мемлекеттік Әнұран орындалады.


Сәнім:

Салтанатты жиынға қатысушы қонақтармен таныс болыңыздар:

  1. №5 мектеп-лицей директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызы.

  2. Мектептің «Қамқоршылық» кеңес төрағасы Оразбай Сахан Қонысбайұлы.

  3. Және ата-аналар.


Мақсат:

Мерекелік сөз №5 мектеп-лицей директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына ұсынылады.

Мақсат:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы —

Тудың авторы –Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков, белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз - көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пени аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын күн- тыныштық пен байлықтың белгісі. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алу тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.Тудан сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Сәнім:

Елтаңба

Мемлеттік елтаңбаның авторлары танимал суретшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең,босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздері басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарсымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көһрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш-бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.


Мақсат:

Келесі мемлекеттік рәміз – Асқақтаған Әнұран

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Халық өмір салтын бүгүнгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов,сөзін жазған Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтар, 2006 жылы елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды. Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жарқын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.



Монтаж

1-оқушы

Әйгілісің әуеніңмен әлемге,

Әнұраным, көк аспанда әуеле!.

Қазағыма қайсар шабыт бергендей,

Ұран болып айтыла бер әр елде.


Жүрегінен орын алып елімнің,

Шартараптан шарықтаумен көріндің.

Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,

Белгісісің кең жазира жерімнің.


Әрлі әуенің шартарапты шарлады,

Әр доданың намысына айналды.

Шабыт берген Әнұранды әрқашан

Мәңгілік елім мақтанумен айтады


2-оқушы

Қазағыма таныс өрнек ежелден,

Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.

Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,

Қасиеттің бір күніне теңеген.

Қыран құстай маңғазы да қырағы

Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,

Сондықтанда да көк туымда қалықтап,

Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр танды

Мемлекеттік Елтаңба.

Халқымыздың бейнесін

Кең таныта өрлесін.


3-оқушы

Бейнелеп сан ғасырды,

Елтаңбасы елімнің.

Таратады хас үлгі,

Киесіндей елімнің.

Бабам тұлпар жаратты.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Өркениет төрінде,

Нұр төгеді елтаңба

Ақ Орданың төрінде.


4-оқушы

Смотрю на небо голубое,

Там высоко парит орел,

Восходит солнце золотое

Над птицей, будто ореол.

До боли мне знакомо это

Видение сквозь пики гор,

Осталось лишь добавить сбоку

Национальный наш узор.

Герб и флаг наш гордый

Народу государством дан!

Пусть всегда хранит свободу

Наш суверенный Казахстан

5-оқушы

Наш гимн звучит на торжестве,

И наполняет сердце гордость.

Единая мечта у всех –

Страны незыблемой сплоченность.

Согласия, единство, лад –

Духовное родство народов,

У Казахстана нет преград,

Живем под знаменем свободы!

6-оқушы

Есть множество гербов,

Но герб страны узнать смогу.

Среди сотен многих:

На нём нет чудищ многорогих.

Два скакуна к лучам устремлены.

Под шаныраком дружбы воедино.

Переплелись народов племена.

Страна одна у нас на всех едина.

Наш Казахстан свободная страна.


Мақсат:

«Ту тапсыру» рәсіміне кезек береміз.

Бүгінгі мереке құрметіне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы №5 мектеп-лицейінің 11 «Б» сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткері

Ту көтеруші Найман Хамиттен




№5 мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып оқушысы, оқу озаты

Уразаев Арманға тапсырылсын.


Ант

Ту көтеруші

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, №5 мектеп-лицейінің 10б сынып оқушысы Уразаев Арман, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының рәміздерін, Конституциясы мен зандарын қастерлеп сақтауға, Ту көтеруші ретінде өзіме жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауға, өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне мұқият болуға салтанатты түрде АНТ ЕТЕМІН.


Сәнім:

4б – 6в сынып оқушылары және ата-аналар ұжымы орындауында ән «Атамекен».


Мақсат:

 Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Жас ұрпақтың намысын оятып, патриоттық сезімдерін ұялататын – рәміздер мерекесі құтты болсын, көк байрағымыз биіктен көріне берсін.




Мақсат:

Жиын! Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!

Мемлекеттік Әнұран орындалады.



Мақсат:

Құрметті қонақтар «4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне» арналған

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты мерекелік бағдарламасын жабық деп жариялаймыз!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш"

Автор: Искалиева Саним Гайноллиевна

Дата: 16.06.2024

Номер свидетельства: 652932

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?танышы»"
    ["seo_title"] => string(44) "miemliekiettik-r-mizdier-u-lttyk-mak-tanyshy"
    ["file_id"] => string(6) "247472"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446563238"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Мемлекеттік р?міздер-?лтты? ма?таныш. "
    ["seo_title"] => string(43) "miemliekiettik-r-mizdier-u-lttyk-mak-tanysh"
    ["file_id"] => string(6) "151639"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420728384"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Сыныптан тыс ж?мыс.Мемлекеттік р?міздер-?лтты? ма?танышым!"
    ["seo_title"] => string(66) "synyptan-tys-zhu-mys-miemliekiettik-r-mizdier-u-lttyk-mak-tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "274568"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452422266"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Саба?ты? та?ырыбы:   Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?таныш"
    ["seo_title"] => string(53) "sabaktyntakyrybymiemliekiettikrmizdierulttykmaktanysh"
    ["file_id"] => string(6) "295665"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455861403"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Мемлекеттік р?міздер-?лтты? ма?танышым"
    ["seo_title"] => string(45) "miemliekiettik-r-mizdier-u-lttyk-mak-tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "289808"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454861715"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства