kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану."Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?танышымыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                     Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?танышымыз.

Ессева Рахия Райкуловна

Тараз ?аласы ?.Жолдасбеков атында?ы

№50 орта мектебіні? директоры

Саба?ты? ма?саты

                       Білімділік О?ушыларды? санасына ту?ан Республика туралы         

                   ма?л?маттар  беріп, мемлекеттік р?міздермен таныстыру.

                       Дамытушылы? О?ушыларды? тарихи к?з?арастарын, ?з ойын

                  толы?, м?нді жеткізу ?абілеттерін, с?йлеу, с?з саптау  м?дениеттерін, ?згені ты?дай білу ж?не ты?дата                      білу ?асиеттерін  дамыту.

                      Т?рбиелік Ту?ан елін, жерін, Отанын ж?не тарихын ??рметтеуге т?рбиелеу.

                  Жан-жа?ты білімді, ойын еркін жеткізе алатын ?рпа? т?рбиелеу

К?рнекілігі: Р?міздер,буклет, ?анатты с?здер жазыл?ан плакаттар, слайд, ?аза?станны? картасы.

М??алім: Бізді? Отанымыз – ?аза?стан. Мемлекетіміз т?уелсіздік ал?алы ?аза?стан Республикасыны? жетістіктері ?асыр?а пара-пар. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, е?семізде к?терген ?аншама ?лы о?и?алар бар.

?аза?стан Республикасы 1991 жылы 16 желто?санда ?зіні? т?уелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.

Ол б?гінде д?ние ж?зіні? к?птеген елдерімен досты? байланыс орнат?ан, б?кіл ?лем таны?ан мемлекетке айналды.

Осы ?ткен жолдарымыз?а ?араса? ?р жылды? ?з шежірісі, сыры, тарихы, ?асиеті бар. Осы?ан орай «Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?танышымыз» атты т?рбие са?атымызды бастаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану."Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?танышымыз" »

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз.


Ессева Рахия Райкуловна

Тараз қаласы Ө.Жолдасбеков атындағы

№50 орта мектебінің директоры


Сабақтың мақсаты

Білімділік Оқушылардың санасына туған Республика туралы

мағлұматтар беріп, мемлекеттік рәміздермен таныстыру.

Дамытушылық Оқушылардың тарихи көзқарастарын, өз ойын

толық, мәнді жеткізу қабілеттерін, сөйлеу, сөз саптау

мәдениеттерін, өзгені тыңдай білу және тыңдата білу қасиеттерін

дамыту.

Тәрбиелік Туған елін, жерін, Отанын және тарихын

құрметтеуге тәрбиелеу. Жан-жақты білімді, ойын еркін жеткізе

алатын ұрпақ тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Рәміздер,буклет, қанатты сөздер жазылған плакаттар, слайд,

Қазақстанның картасы.


Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері ғасырға пара-пар. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізде көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.

Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған мемлекетке айналды.

Осы өткен жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежірісі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Осыған орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.


Әнұран «Менің Қазақстаным»


Мұғалім: Балалар, "Отан деген немене?"


1 – оқушы:

Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратьш атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

2 – оқушы:

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қырат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға, қазба байлықтарға өте бай.

3 – оқушы:

Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Осы республиканың жас ұланы екенімді мақтан етемін. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарихи жолында елдің ел болуына кызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.

4-оқушы:

Отаным менің кең байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді, бейбітшілік үшін күреседі.

Слайд таныстырылымын көрсету.

Мұғалім:

Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар, Егеменді Қазақстанбыз.

Қазақстан - Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.


Еліміздің рәміздері


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны – бүркіт және ұлттық ою-өрнекпен нақышталған тік жолақ бейнеленген.

Тудың көгілдір түстілігі бұлтсыз ашық аспанды еске түсіреді.

Зеңгір көк ашық аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің, аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған.

Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыранының бейнесі қазақстандықтардың еркіндігінің, тәуелсіздігінің, бостандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны.

Өрнек – белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол – халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.

1-оқушы

Күндей жайнап алаулар,

Қолымызда жалау бар.

Жалауыцмыз жайнап,

Би билейміз ойнап.

2 – оқушы

Топ – топ, топ – топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса,жаса, жарқын күн,

Жаса,жаса,алтын күн.


Қазақстан жалауы

Көк аспанда көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті – Алтын күн

Асқақ арман - қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі, ту, ары.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негізгі арқау болып тұрған – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.

Шаңырақ «Отан от басынан басталады» деген киелі ұғымға ие, ошақтың амандығын білдіреді.

Қазақта «Ат – адамның канаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі – дала пырағы, оның ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді.

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Елтаңбадағы бесбұрышты жұлдыз күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай!


Елтаңба

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар,

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес ұғып ал!

Көгілдір түсті аясы,

Бейбіт дала елесі,

Шаңырақ – жұрт панасы,

Уықтар – күн сәулесі.



Сұрақ - жауап


  1. Қазақстан қандай мемлекет? (Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет)

  2. Қазақстан Республикасы Әнұранының сөзін және әнін кімдер жазған? (Әні Ш. Қалдаяқұлы. Сөзі Ж.С. Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев.)

  3. ҚР мемлекеттің елтаңбасының авторы кім? (Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлихан)

  4. ҚР астанасы қай қала? (Астана)

  5. Қай жылы Ақмола қаласы Астана деп аталды? (1998ж.6 мамыр)

  6. ҚР мелекеттік туының авторы кім? (Ш. Ниязбеков)

  7. ҚР мемлекеттік елтаңбасыныц пішіні қандай? ( дөңгелек)

  8. ҚР мемлекеттік Әнұраның авторы кімдер? (Н.Ә.Назарбаев, Ж. Нәжімеденов).

  9. ҚР мемлекеттік Әнұранның музыкасының авто­ры? (Ш. Қалдаяқов)


Қорытынды

Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, корғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз.

Кең байтақ Қазақстан – менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зін-?зі тану."Мемлекеттік р?міздер – ?лтты? ма?танышымыз"

Автор: Ессева Рахия Райкуловна

Дата: 23.05.2015

Номер свидетельства: 214674


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства