| «Достық» ұғымын ашу. Достық туралы мақал-мәтелдер. Ойын. «Мақал жина»: мақал – мәтелдердің басталуы сол жақта, ал жалғасы оң жақта. Толық және дұрыс мақал құрастыру үшін мақалдың басы мен соңын бай- ланыстыру. Мақал-мәтелдердің мағынасын талдау. Қорытынды. Достық – адамға берілген сый, сондықтан әрқайсымыз шынайы до- старды бағалап қана қоймай, жақсы дос болуымыз керек. Мәтінді оқу. Достық туралы тәмсіл Екі дос біраз күн шөл далада қалды. Бірде олар дауласып, біреуі екіншісін ша- палақпен салып қалды. Досы шапалақ жанына батса да, ештеңе айтпады. Үнде- местен құмға:«Бүгін мені ең жақын досым ұрды» - деп жазды. Арада күндер өте берді. Күндердің күнінде олар шомылуға шешім қабылдайды. Көлі бар оазис тапты. Шапалақ жеген адам суға батып кете жаздады, ал досы оны құтқарып қал- ды. Ол есін жиған кезде тасқа ойып: «Бүгін мені ең жақын досым құтқарып қал- ды» - деп жазды. Біріншісі одан: «Мен сені ренжіткенімде, сен құмға жаздың, енді тасқа жаздың. Неліктен?» - деп сұрады. Досы оған былай деп жауап берді: «Бізді біреу ренжіткен кезде, біз оны құмға жазуымыз керек, сонда жел оны өшіре ала- ды. Бірақ кез келген адам жақсы нәрсе жасағанда, оны ешкім өшіре алмайтындай етіп тасқа ойып жазады. Талқылауға арналған сұрақтар * Нағыз дос қандай қасиеттерге ие болуы керек? * Ренішті кешіре білу, досыңның сен үшін жасаған жақсылығын есте сақтау ке- рек пе? * Досың саған қандай жақсылық жасады? Нақыл сөзді талқылау, нағыз достың қасиеттері туралы тұжырымдар, ренішті кешіре білу, досыңның сен үшін жасаған барлық жақсылықтарын есте сақтау қа- жет. Әрі қарай, оқушыларға жобаның мақсатын анықтау ұсынылады. Жауаптарды тыңдағаннан кейін мақсат тақтаға жазылады. Мысалы, «Достасуды және достықты бағалауды үйрену». II. Негізгі бөлім Сыныптағы достармен қарым-қатынастың рөлі. Отбасынан айырмашылығы, ұжымдағы адамдар туыстық қатынастармен емес, орындайтын жұмыстармен біріктіріледі. Мысалы, компанияда менеджерлер, қаржыгерлер, хатшы-референттер және т.б., мектепте мұғалімдер, аспаздар, тех- никтер, кітапханашы, медбике және т. б. жұмыс істейді. Ұжым қандай болуы керек? Ұжым дегеніміз –ортақ жұмыс немесе оқу, ортақ мүд- делер немесе көзқарастар арқылы біріктірілген адамдар тобы. Мектеп сыныбы ұжым бола алады. Ұжымға кіретін адамдар –жолдастар. 3. «Біз екеуміз ұқсаспыз» ойыны Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлауын түрлі белгілерге сәйкес әртүрлі адамдардағы ұқсастықтарды іздеуге бағыттау. Ойыншылардың міндеті: сыныптастарымен ұқсастықты табу және осы ұқсастық негізінде оқушыны шеңберге шақыру қайталанбайды. Мысалы: «Әсел, сен екеуміз бір үйде тұрамыз», «Тимур, сен екеуміздің бойымыз бірдей». Қатысушылар сынып бөлмесі қабырғасының бойына немесе периме- трі бойынша орналасады. Мұғалім немесе жүргізуші бөлменің ортасына келіп, оқушыны ұқсастық негізінде шақырады: «Баян, сен екеуіміздің есімдеріміз бір- дей». Баян шеңберден шығып, сыныптағы келесі оқушыға ұқсастық іздейді. Ойын барлық қатысушылар шеңберде болғанша жалғасады. Мұғалім: «Бізде қанша- лықты ортақ нәрсе бар? Ұқсастықтарды кез-келген адамнан табуға болады. Енді сендер тек дос болуды үйреніп жатырсыңдар. Достық берік болуы үшін заңдарды сақтау керек. Достықтың көптеген заңдары бар. Міне, олардың кейбіреулері», - деп қорытындылайды. Топтық жұмыс. Мақсаты: жаңа ақпарат негізінде шағын топтарда шағын зерттеу ұйымдастыру. Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ сөз тіркестерін аяқтайды: 1. Мен өз сыныбымды сыйлаймын............ себебі………; 2. Менің сыныбымда достарым бар......... өйткені ........; 3. Мен досымды ренжіте алмаймын....... себебі.......; 4. Мен әрқашан жақсы дос бола аламын ........... себебі...... Содан кейін жауаптарды мұғалім жинап, араластырады және балаларға қайтадан оқу үшін таратады, талқылау ұйымдастырылады. Үлестірме материал: 1. Мақал – мәтелдердің мәтіні бар карталар: «100 тең- гең болғанша - 100 досың болсын», «Досты ізде, егер тапсаң, қарым-қатынасты берік сақта!», «Достық деген –-шар айна, сындырып алма – абайла!», «Достық саңырауқұлақ емес – достықты орманнан таба алмайсың». Қорытындылау. Әр топтың оқушылары өз жобаларын ұсынып, бірге қорғай- ды (хормен, бір-бірден оқиды және т.б.). Сабақ аяқталғаннан кейін мұғалім бар- лығына мектеп достығын бағалауды, құрдастарымен достық қарым-қатынасты сақтауды, достарына мейірімді болуды тілейді |