kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол, ??тты - ?ліппем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Та?ырыбы:  «?ліппеге рахмет!»
Ма?саты:
Білімні? бастауы бол?ан, ?ліппеден ?йренгендерін тияна?тау, ?нерлерін тамашалау, білімдеріні? артып, с?з байлы?ыны? молай?анын, саналарыны? ?скенін к?рсету.
О?ушыларды ана тілі о?улы?ымен таныстыру.
Отаным, мектебім, ?стаздарын, ата – аналарын ??рметтеуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: шарлар, «?ліппе»,  «Ана тілі» о?улы?тарыны? макеті, интерактивті та?та, к?рініс, ертегі кейіпкерлеріні? макеттері

Барысы: 1. фонфар ?осылады
Ертегілер ?німен ашу  

?н: «Ертегілер»

( Патша сарайыны? у?зірлері мен ханшайымдары ертегілер ?леміні? таби?атын тамашалап келеді)
1- у?зір:  Уа, у?зірлер, ?ара?даршы!  ?лкен мереке бол?алы жатыр ?ой деймін, к?п ?она?тар отыр.
2- у?зір: 1 – сыныпта ?лкен ?уаныш екен, «?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі болады» деп естідім.
3- у?зір:  Ой, неге т?рмыз, патшамыз?а хабарлайы?!
Ханшайым:  У?зірлер, ?ара?даршы! Осында патшамыз да келе жатыр.
У?зірлер: Патшамыз, т?рлеті?із, отыры?ыз.
Патша:  Уа, у?зірлерім, ертегі ?лемінде не бол?алы жатыр?
1-у?зір:  ?ымбатты патшамыз, б?гін 1- сыныпты? ертегілер еліне келіп ?н айтып, би билейтінін, ?ліппемен ?оштасатынын, сауаттарын ашып, ?ріп танып ал?андарын ?зын??ла?тан естідік.
Патша: Не дейді? ( Ашуланып ?олында?ы алтын тая?ын 2-3 рет ?атты ?атты ?рып) Осыны ?йымдастыр?ан кім екен, ша?ыры?ыз!
У?зірлер:  ??п, та?сыр! ( Екі у?зір м??алімні? ?олдарынан жетектеп орта?а патша?а ?келеді)
Патша: Мені? р??сатымсыз неге ?ліппемен ?оштас?алы жатырсыздар?

М??алім: И?, білім патшасы, кешірі?із. Сіз б?гін бізді то?тата алмайсыз. Мені? кішкентай достарым сізді? елі?ізді? барлы? ?ріптерін танып, біліп, ?йреніп, жазып о?и алатын жа?дай?а жетті. Осы ?уанышымызды мына ж?ртты? алдында паш етеміз. Одан да ашуы?ызды басып, 1 «А» сынып о?ушыларыны? ?нерін тамашала?ыз. Мерекемізді бастау?а р??сат еті?із.
Патша: - Жарайды, онда р??сат берейін, ?нерлерін к?рейін.

2- ж?ргізуші:
Рахмет, білім патшасы!
Ты?да?ыздар! Ты?да?ыздар!
Естімеген есті?іздер,
Ты?дама?ан ты?да?ыздар!
?азір бізде «?ліппе тойы» басталады.

Хормен:          Ол м??алім

1  – ж?ргізуші: «?стазды? еткен жалы?пас, ?йретуден бала?а – деп Абай атамыз айт?андай, 42 ?ріпті ?йретіп, білімге жетелеген, ?ліппе о?улы?ын е?  ал?аш рет ?олымыз?а ?стат?ан  ал?аш?ы ?стазымыз?а ал?ысымыз  шексіз. Келесі  ?ле?  шума?тары ал?аш?ы ?стаздарымыз Ж?ния апай мен М?лдір апай?а арналады. 


Барлы?ы хормен:  Рахмет, ?стаз ал?аш?ы! 

?н: «?стазым»

?збек биі:   «Назар»

?ліппе:  Балалар, ?аза? тілінде неше ?ріп бар?

  • 42 ?ріп бар

?ліппе: Олай болса мені? сол ?ріптерім к?рінбейді ?ой, олар ?айда?

  • Біз м?ндамыз  (сахна?а бір топ ?ріптер шы?ады)


23 - о?ушы:
«1» деген ол жаман ба?а,
Алады оны жаман бала.
 

24 - о?ушы:
«2» деген нашар ба?а,
Інішегім нашарлама.
 
25 - о?ушы:
«3» дегенім орта ба?а,
Сапасы да орта ?ана.
 
26 - о?ушы:
«4» дегенім жа?сы ба?а,
Алады оны жа?сы бала.
 


27 - о?ушы:
«5» дегенім ?здік ба?а,
О?итын бол ?здік ?ана.


М??алім: Міне, балалар,?здері? айт?андай ?немі «4» пен «5»- ке о?у?а тырысы?дар.

М??алім: Балалар, бізді? би аталарымызды? сендерге ?алдыр?ан ?сиеттері бар екен. Ендеше сол ?сиеттерге ??ла? т?релік

К?рініс:

 Т?ле би:  Уа, хал?ым, с?з ?адірін білесі?:

Жа?быр жаумаса – жер жетім,

Басшы болмаса – ел жетім.

??пас?а айт?ан с?з жетім.

Аты? жа?сы болса –

Ер жігітті? пыра?ы.

Бала? жа?сы болса –

Жан мен т?нні? шыра?ы.

?азыбек би:

Аты жаманны? арманы кетер,

Баласы жаманны? д?рмені кетер.

Т?ле би:

Рахмет, д?л тауып жал?астырды?,

Ойы да, тілі де ж?йрік т?лпарым мені?.

Мынау жинал?ан халы??а та?ы не айтасы?,

?аздауысты ?азыбек би?

?азыбек би:

Алтын ?я? – Отан ?ымбат,

??т береке? – ата? ?ымбат,

Аймалайтын – ана? ?ымбат,

Мейірімді – апа? ?ымбат,

Кіндік кескен – жері? ?ымбат,

?ят пенен ар ?ымбат.

Т?ле би:

С?зі? асыл, ?аздауысты ?азыбек.

Ендігі с?зді? кезегі ?зі?де, ?йтеке би.

?йтеке би:

Бай болса?,

Хал?ы?а пайда? тисін.

Батыр болса?,

Жау?а найза? тисін.

?умин!

М??алім: Балалар, ?ліппе сендерге о?у мен жазуды ?йретті. Сол ?шін ?ліппеге не деу керек?

Хормен: Рахмет са?ан ?ліппе!

М??алім: Міне, балалар, білімні? кілті – ?ліппемен ?оштасар уа?ыт та келіп жетті.

?ліппе: И?, балалар, ?здері? айт?андай мен сендерді? ?лкен білім жолына т?саулары?ды кесіп бердім. Жолдары? да??ыл болсын, ол дегенім, саба?тары?ды тек жа?сы ба?а?а о?ып, білімні? сыры  мен ?ырын ме?гере білі?дер. Сендер енді «Ана тілі » о?улы?ын о?итын боласы?дар. Мені ?алай ме?герсе?дер, Ана тілін де солай ме?геретіндіктері?е толы?тай сенемін. Ал, балалар, ?ош сау болы?дар!

Хормен: ?ош, сау болы?ыз ?ліппе!

?н: «Рахмет са?ан,?ліппе!»

М??алім: Міне, балалар к?ткен ?она?ымыз да келіп ?ал?ан екен, ?арсы алайы?.Жо?арылаты?ыз,?ош келіпсіз!
 
Барлы?ы: С?леметсіз бе?
М??алім: Балалар б?л ?она?ымызды танисы?дар ма?Кім екен?
Барлы?ы: Ана тілі!
Ана тілі:
Ту?ан елді? тілімін,
А?ылы мен та?ымын,
Т?сіндірер б?ріне,
Ана тілі п?німін.
 
Балалар, енді б?рын?ыдан да к?п о?итын боласы?дар.Б??ан сендерді? ?стаздары?ны? е?бегі к?п ж?мсалатыны белгігі.Балалар мен сендерге арнап ж?мба?тар ала келдім

Ж?мба?тар

1)  Жазу жазып жалы?па?ан,
     Жаза – жаза ары?та?ан.   (бор)

2)  Алты ?ырлы,
     Алтын сырлы.   (?арындаш)

3)  ?йреткен ілімді,
      ?ыры? екі білімді.     (?ліпби)
 
 
4)   ?абат – ?абат ?аптама,
      А?ылы? болса аттама.   (кітап)

1- ж?ргізуші:  Жо?ары т?рлеті?із,Ана тілі!

М??алім: Ал, балалар, Ана тілімізге арна?ан ?ле? шума?тары?ды орта?а салы?дар!

25- о?ушы:  Ана тіл

?н: «Бала тілегі»

Би:  «?нді биі»

М??алім: 
-Балалар, сендер ?шін т?н ?й?ысын т?рт б?ліп, ?уанса?-?уанып, ренжісе?-ж?бататын асыл жан – Ана! 
-Ана- біз ?шін е? арда?ты адам. Ананы сыйлау-бізді? парызымыз. Ендеше, біздер аналарымыз бен балаларды сахна т?ріне ша?ырайы?. (Музыка ойналады. Аналар сахна?а шы?ады). 

Д?ниені? жары? к?ні- анамыз,
Дана болса? анаменен данамыз.
Алдыменен ты?да?ыздар, а?айын,
Аналар?а арнап бір ?н саламыз,- демекші «А? мамам» ?нін ?абыл алы?ыздар.

?н:  «А? мамам»

М??алім:
–    Міне, біз ертегі еліне саяхат жасап, онда ?н айтып, би билеп, тапсырмалар  орындап,  білімімізді к?рсеттік. ?ліппені о?у барысында ата – аналарды? ?ос?ан ?лесі ?те мол. Ата – аналар сіздерге к?п рахмет!
Келесі с?з кезегі ата – аналар?а беріледі

Патша:
–    Мынадай, білімді, ?нерлі, т?рбиелі, тату, ?жымы жарас?ан, елін, жерін с?йетін, Т?уелсіздік туын биік ?стап ?сіп келе жат?ан о?ушылар бар мектепті еш?андай дау алмайтынына б?гін мені? к?зім ?бден жетті. Ендеше, осы білім ордасында ?лтты? рухты, дарынды балалар к?бейе берсін деп тілеймін.
–    М??алім:
Білім патшасыны? с?зіне мен де ?осыламын. Біз сендерден ?лкен ?міт к?теміз. ?ымбатты балалар! Мектептегі ал?аш жеткен жетістіктері?мен ??тты?таймын. ?ліппе сендерге тек ?ріптерімен таныстырып ?ой?ан жо?, сендерді бір – бірі?мен досты??а, мектеп ережелерін орындайтын т?ртіпті о?ушы болу?а ?йретті. Білім баспалда?ына ?рлеген сапарлары? с?тті болсын! -деп осымен ерте?гілігімізді ая?таймыз, келіп тамашала?андары?ыз?а рахмет!
–    Бірге: Сау болы?ыздар!

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол, ??тты - ?ліппем! »

 Тақырыбы:  «Әліппеге рахмет!»
Мақсаты:
Білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
Отаным, мектебім, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, «Әліппе»,  «Ана тілі» оқулықтарының макеті, интерактивті тақта, көрініс, ертегі кейіпкерлерінің макеттері

Барысы: 1. фонфар қосылады
Ертегілер әнімен ашу  

Ән: «Ертегілер»

( Патша сарайының уәзірлері мен ханшайымдары ертегілер әлемінің табиғатын тамашалап келеді)
1- уәзір:  Уа, уәзірлер, қараңдаршы!  Үлкен мереке болғалы жатыр ғой деймін, көп қонақтар отыр.
2- уәзір: 1 – сыныпта үлкен қуаныш екен, «Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болады» деп естідім.
3- уәзір:  Ой, неге тұрмыз, патшамызға хабарлайық!
Ханшайым:  Уәзірлер, қараңдаршы! Осында патшамыз да келе жатыр.
Уәзірлер: Патшамыз, төрлетіңіз, отырыңыз.
Патша:  Уа, уәзірлерім, ертегі әлемінде не болғалы жатыр?
1-уәзір:  Қымбатты патшамыз, бүгін 1- сыныптың ертегілер еліне келіп ән айтып, би билейтінін, Әліппемен қоштасатынын, сауаттарын ашып, әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан естідік.
Патша: Не дейді? ( Ашуланып қолындағы алтын таяғын 2-3 рет қатты қатты ұрып) Осыны ұйымдастырған кім екен, шақырыңыз!
Уәзірлер:  Құп, тақсыр! ( Екі уәзір мұғалімнің қолдарынан жетектеп ортаға патшаға әкеледі)
Патша: Менің рұқсатымсыз неге Әліппемен қоштасқалы жатырсыздар?

Мұғалім: Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің кішкентай достарым сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, біліп, үйреніп, жазып оқи алатын жағдайға жетті. Осы қуанышымызды мына жұрттың алдында паш етеміз. Одан да ашуыңызды басып, 1 «А» сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыз. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз.
Патша: - Жарайды, онда рұқсат берейін, өнерлерін көрейін.

2- жүргізуші:
Рахмет, білім патшасы!
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар!
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.

1- жүргізуші: Осы тойдың себепкерлері қайда екен? Шұғыла, менде бір сиқырлы дүрбі бар, кел көрейік. Ой біздің Мөлдір апай әліппе тойы қалай өтеді деп уайымдап тұр

2- жүргізуші: Ал, оқушылар ше? Мен де көрейінші олар да қызу дайындықта.
Сенде дүрбі болса, менде сиқырлы таяқша бар уф, суф ахалай махалай! Олар әне келеді. Қой қарсы алайық
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Той иелерін шақырайық ортаға... ( оқушылар алғашқы ұстазымен бірге залға музыкамен кіреді)

Мұғалім: - Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің 1 «А»
 сыныбының әзірлеген «Қош бол құтты Әліппе!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! (Слайдтан мақсаты оқылады) Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы. Әліппе шәкірттеріне 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондықтан да, Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Мұғалім: Бала деген шіркін – ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып – ашып даладан келгеніңде ,

Бал иісін таттырып алдайды екен – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берейік.

2 – жүргізуші: Ой, Бағлан мен қатты ұялып, жүрексініп тұрмын. Мен одан да үйге қайта берейін.

1 – жүргізуші: Тоқта, Шұғыла, тоқта ! Сен кімдерден ұялып тұрсың?

2 – жүргізуші: Мына толып отырған адамдардан. Олардың барлығы бізге қарап отыр ғой!

1 – жүргізуші: Шұғыла олар бүгін бізге қарамағанда кімге қарайды ? Бүгінгі той иелері мына біздер емес пе? Қорықпа қасыңда мен бармын ғой! Қане, қонақтарды көп күттірмей кешімізді бастайық!

2 – жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға 
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға 


1 – жүргізуші: Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп әнде бүгін шырқалар.

2 – жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1 – жүргізуші: «Қош бол құтты Әліппем» атты кешімізді әсем бимен бастауға рұқсат етіңіздер!

Би: «Жұмыр қылыш»

1- оқушы: Бар кітапқа бас болған

«Әліппе» - ғылым данасы

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы

2 – оқушы: Әліппе - білім анасы
Әліппе - кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.


3 – оқушы: Әліппем менің әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштың мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ән: «Әліппе»

Мұғалім: Іші толы әріпке,

Білімдіге жарық не?

Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса, балалар, алғаш қолымызға ұстаған сүйікті досымыз Әліппені ортаға шақырайық

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.

Жақсы білім – көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!


Мұғалім:

–    Әліппе,сіз бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.

Әліппе: Жоқ балалар мен құрмет тағына отырмас бұрын сендердің білімдеріңді білгім келіп тұр. Сол себепті сендерге тапсырмалар ала келдім.

  • Балалар сендерге ең алғаш рет Әліппе оқулығын кім жазды?

  • Ахмет Байтұрсынұлы

  • Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан, алғашқы ұстаз кім?

  • Ыбырай Алтынсарин

  • Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап қандай өсиет қалдырды?







5 – оқушы: Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан ,

Іздемей – ақ табылар.

Әліппе: Жарайсыңдар балалар ! Сендер Әліппе оқулығын өте жақсы меңгерген екенсіңдер! Мен онда тағыма жайғасайын

Мұғалім: - Қане, Әліппеге арнаған қандай өлеңдерің бар, айтып берейік.

6 – оқушы: Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп, әріптер сайын алға мен әңгімені
Күн қарай қадам бастым.

7 – оқушы: Әсем ою өрнекпен
Көмкерілген Әліппем
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.

8 – оқушы: Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым,
Бірге жүрген қасымда,
Әліппе болды сыңарым

9 – оқушы: Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.

Мұғалім: Шалқытып мерекеде би билейік,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз – ертегідей бірге жеткен,

Құрметпен бишілерді қарсы алайық.

Би: «Ғажап көбелек»

1 – жүргізуші: - Біздің білім алатын ордамыз қалай аталады?

  • Алтын ұя мектеп

2 – жүргізуші: - Біз мектепке біз не үшін келеміз?

Хормен: Білім алу үшін

1 – жүргізуші: Ендеше келесі өлең шумақтарымыз алтын ұля мектебімізге арналады?

10 – оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

11 – оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

12 – оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Ән: Аяулы мектебім

Ән: «Мектебім»

2 – жүргізуші: Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Хормен: Ол мұғалім

Жамандықтан жирентіп,

Ақыл болған кім бізге?

Хормен: Ол мұғалім

1 – жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай , 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген, Әліппе оқулығын ең алғаш рет қолымызға ұстатқан алғашқы ұстазымызға алғысымыз шексіз. Келесі өлең шумақтары алғашқы ұстаздарымыз Жәния апай мен Мөлдір апайға арналады.

13 – оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін ашып берді

14 – оқушы: Алдыңа келіп ұстазым,

Алғаш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен,

Мейіріміңді сезінген.





15 – оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан, 
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

16 – оқушы: Дәнекер боп дамыл таппай арада,

«Әліппені» ұялатқан санаға.

Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз,

Үйретуден жалықпаған балаға.

17 – оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты, 
Жаңадан пәндер жалғасты. 
Әліппе сырын ұқтырған 
Барлығы хормен:  Рахмет, ұстаз алғашқы! 

Ән: «Ұстазым»

Өзбек биі: «Назар»

Әліппе: Балалар, қазақ тілінде неше әріп бар?

  • 42 әріп бар

Әліппе: Олай болса менің сол әріптерім көрінбейді ғой, олар қайда?

  • Біз мұндамыз (сахнаға бір топ әріптер шығады)

18 – оқушы: Алфабиттің А тұрады басында.

19 – оқушы: Әрқашанда Ә тұрады қасында,

20 – оқушы: Байқадың ба Б тұрады үшінші.

Үшеуі бірге: Ал осының сыры неде түсінші?

18 - оқушы : А деген ол аналар ғой ардақты,

19 - оқушы: Ә деген ол әкелер ғой салмақты,

20 – оқушы: Б деген ол балалар ғой әдемі,

Үшеуі бірге: Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында тұрамыз біздер алфавиттің басында.

21 – оқушы: Ш - Шананың да, шардың да,

Мен тұрамын алдында.

Менен ғана басталар,

Шұғыла да, шалғы да.

22 – оқушы: О - Отан деген – атамекен

Отан деген туған жер

Отан – Ана

Отан – үлкен

Қазақстан туған ел.

Әліппе: Балалар менің беттерімді санап жүрген тентек бауырым бар еді, соны ортаға шақырыңдаршы

Барлығы бірге: Ма – те – ма – ти – ка

Барлығы бірге: Сәлеметсіз бе, Математика!

Математика: Сәлематсіңдер ме, балалар! Міне, сендер де Әліппені оқып үйрендіңдер.Әріптердің барлығын танып білдіңдер!Оқу- жазуды білесіңдер.Сонымен қатар мені де жақсы оқып үлгеріп жүрсіңдер деп сенемін.енді қазір мен сендерге жұмбақ есеп айтамын, жүйріктерің соны шешіңдер!
Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма?     (7)
 
Балалар: 7 алма
Математика: Өте жақсы, рахмет сендерге.Өздерің өңкей білімді балалар екенсіңдер.Біз әлі сендермен мектеп табалдырығынан қоштасқанша бірге боламыз.Әрдайым осындай білімді, тапқыр болыңдар!
 
2 - жүргізуші: Математика төрге шығыңыз!Оқушылардың бүгінгі болып жатқан қуаныштарының арсында болыңыз.
 
Мұғалім: Ал балалар,сендердің іштеріңде 3+2 қосып 5 алдым деп жүрген оқушылар жоқ па?
 
Барлығы: Әрине, жоқ


 Би: «Таңғы жаңбыр»


23 - оқушы:
«1» деген ол жаман баға,
Алады оны жаман бала.


24 - оқушы:
«2» деген нашар баға,
Інішегім нашарлама.
 
25 - оқушы:
«3» дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
 
26 - оқушы:
«4» дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
 


27 - оқушы:
«5» дегенім үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.


Мұғалім: Міне, балалар,өздерің айтқандай үнемі «4» пен «5»- ке оқуға тырысыңдар.

Мұғалім: Балалар, біздің би аталарымыздың сендерге қалдырған өсиеттері бар екен. Ендеше сол өсиеттерге құлақ түрелік

Көрініс:

Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің:

Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшы болмаса – ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Атың жақсы болса –

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса –

Жан мен тәннің шырағы.

Қазыбек би:

Аты жаманның арманы кетер,

Баласы жаманның дәрмені кетер.

Төле би:

Рахмет, дәл тауып жалғастырдың,

Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің...

Мынау жиналған халыққа тағы не айтасың,

Қаздауысты Қазыбек би?

Қазыбек би:

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт берекең – атаң қымбат,

Аймалайтын – анаң қымбат,

Мейірімді – апаң қымбат,

Кіндік кескен – жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат.

Төле би:

Сөзің асыл, Қаздауысты Қазыбек.

Ендігі сөздің кезегі өзіңде, Әйтеке би.

Әйтеке би:

Бай болсаң,

Халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң,

Жауға найзаң тисін.

Әумин!

Мұғалім: Балалар, Әліппе сендерге оқу мен жазуды үйретті. Сол үшін Әліппеге не деу керек?

Хормен: Рахмет саған Әліппе!

Мұғалім: Міне, балалар, білімнің кілті – Әліппемен қоштасар уақыт та келіп жетті.

Әліппе: Иә, балалар, өздерің айтқандай мен сендердің үлкен білім жолына тұсауларыңды кесіп бердім. Жолдарың даңғыл болсын, ол дегенім, сабақтарыңды тек жақсы бағаға оқып, білімнің сыры мен қырын меңгере біліңдер. Сендер енді «Ана тілі » оқулығын оқитын боласыңдар. Мені қалай меңгерсеңдер, Ана тілін де солай меңгеретіндіктеріңе толықтай сенемін. Ал, балалар, қош сау болыңдар!

Хормен: Қош, сау болыңыз Әліппе!

Ән: «Рахмет саған,Әліппе!»

Мұғалім: Міне, балалар күткен қонағымыз да келіп қалған екен, қарсы алайық.Жоғарылатыңыз,қош келіпсіз!
 
Барлығы: Сәлеметсіз бе?
Мұғалім: Балалар бұл қонағымызды танисыңдар ма?Кім екен?
Барлығы: Ана тілі!
 
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен таңымын,
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
 
Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Бұған сендердің ұстаздарыңның еңбегі көп жұмсалатыны белгігі.Балалар мен сендерге арнап жұмбақтар ала келдім

Жұмбақтар

1) Жазу жазып жалықпаған,
Жаза – жаза арықтаған.   (бор)
 
 

2) Алты қырлы,
Алтын сырлы.   (қарындаш)


3) Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді.     (әліпби)
 
 
4) Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.   (кітап)
 

1- жүргізуші:  Жоғары төрлетіңіз,Ана тілі!

Мұғалім: Ал, балалар, Ана тілімізге арнаған өлең шумақтарыңды ортаға салыңдар!

25- оқушы: Ана тілі-бідің туған тіліміз,
Анамыздай сыйлап бағып,қағамыз.
Ана тілін сүйеміз,
Басымызды иеміз.


26- оқушы: Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

27- оқушы: Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Ән: «Бала тілегі»

Би: «Үнді биі»


Мұғалім: 
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл жан – Ана! 
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. Ендеше, біздер аналарымыз бен балаларды сахна төріне шақырайық. (Музыка ойналады. Аналар сахнаға шығады). 


Дүниенің жарық күні- анамыз,
Дана болсаң анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар, ағайын,
Аналарға арнап бір ән саламыз,- демекші «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
 
Ән: «Ақ мамам»

Мұғалім:
–    Міне, біз ертегі еліне саяхат жасап, онда ән айтып, би билеп, тапсырмалар  орындап,  білімімізді көрсеттік. Әліппені оқу барысында ата – аналардың қосқан үлесі өте мол. Ата – аналар сіздерге көп рахмет!
Келесі сөз кезегі ата – аналарға беріледі


Патша:
–    Мынадай, білімді, өнерлі, тәрбиелі, тату, ұжымы жарасқан, елін, жерін сүйетін, Тәуелсіздік туын биік ұстап өсіп келе жатқан оқушылар бар мектепті ешқандай дау алмайтынына бүгін менің көзім әбден жетті. Ендеше, осы білім ордасында ұлттық рухты, дарынды балалар көбейе берсін деп тілеймін.
–    Мұғалім:
Білім патшасының сөзіне мен де қосыламын. Біз сендерден үлкен үміт күтеміз. Қымбатты балалар! Мектептегі алғаш жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерге тек әріптерімен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір – біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! -деп осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңызға рахмет!
–    Бірге: Сау болыңыздар!
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ош бол, ??тты - ?ліппем!

Автор: Кулекенова Молдир Имангазиевна

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 207142

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?ош бол, ??тты ?ліппем! 1-сынып "
    ["seo_title"] => string(33) "k-osh-bol-k-u-tty-lippiem-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "236886"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444188021"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "сценарии "?ош бол, ??тты ?ліппем!""
    ["seo_title"] => string(36) "stsienarii-k-osh-bol-k-u-tty-lippiem"
    ["file_id"] => string(6) "297262"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456158481"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""?ош бол, ??тты ?ліппем!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-bol-k-u-tty-lippiem-2"
    ["file_id"] => string(6) "169231"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423389371"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""?ош бол, ??тты ?ліппем""
    ["seo_title"] => string(20) "koshbolkuttylippiem1"
    ["file_id"] => string(6) "283740"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453881450"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""?ош бол, ??тты ?ліппем""
    ["seo_title"] => string(20) "koshbolkuttylippiem2"
    ["file_id"] => string(6) "283741"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453881458"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства