kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің Отаным-Қазақстан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отан, туған жер, Қазақстан тақырыбына арналған сынып сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің Отаным-Қазақстан»

Лукпанова Аягоз Бактыгалиевна

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған арнайы №3 облыстық арнайы мектеп-интернат

Бастауыш сынып мұғалімі Лукпанова А.Б.


Сынып сағаты

Тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан

Мақсаты: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, слайд,маркер, плакаттар

Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Формасы: сынып сағаты


Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады ?

- Қазақстан!

- Қазақстан жері қандай?

- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 3 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

Видеоролик . «Қазақстан» туралы мағлұмат беру

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрейік.

Ерасыл: Отан –атам, Отан –әкем!

Осы сөзім қате ме екен?

Қате болса, неге біздер

Дейміз оны: «Атамекен!»

Отан әжем-Отан анам,

Туған ел деп, Туған жер деп,

Ол бекерге аталмаған.

Атам,

Әжем,

Әкем,

Ағам,

Төртеуі де Отан маған

Төртеуі де Ботам дейді

Ер азамат атан дейді

Мақтанамын Отаныммен

Отаныма Ботамын мен!

Жанбек: Көгінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу неткен көркем

Осы менің туған өлкем!


Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу неткен көркем

Осы менің, туған өлкем!


Ер еңбегі шалқып тасқан

Ел еркіндей бақыт тапқан

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!


Әлия: Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата - анамды,

Мені өсірген елімді.

Хор: Жас дәуірдің түлегіміз.

Абдыхан :Отанды жас - кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Даулет: Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - пана,

Қазақстан - туған ел.

Тілеужан : Отанды біз атамекен,

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіздер?

Ерасыл

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Жанбек

Отан үшін отқа түс күймейсің.

Әлия

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Алинұр

Отан оттан да ыстық.

Тілеужан

Туған жердің топырағы да ыстық.

Айару

Туған жер – алтын бесік.

Хор: «Болайықшы осындай!»


Видеоролик «ҚР рәміздері» түсінік беру

Алинұр

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейміз

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.


Видеоролик «Астана»

Айару Осынау елде бақ табам.

Осынау елде шат болам

Мерейін елдің арттырған

Астанам – менің Астанам

Айкөркем Бабалардың көзіндей

Даналардың сөзіндей

Ұлы қала тұрғызды

Ұлы қала өзіндей

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам

Делижан Ақ Ордам, менің Астанам

Еңсесі биік басқадан.

Көркейеді күн санап,

Арқа төсі жас қалам.

Асылжан Жарық біздің күніміз,

Біз өмірдің гүліміз,

Қазақстан – жан Отан

Қазақ тілі – тіліміз!

Сұрақтарға жауап беру:

1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді)

2. Қазақстан Республикасының рәміздері? (әнұран, ту, елтаңба)

3. Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)

4. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

6. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

7. Әнұранның сөзін жазған кімдер? Н. Назарбаев. Ж. Нәжмедиев

Сын тұрғысынан жауап беру «Иә, жоқ»

1. Қазақстан жері кең байтақ

2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен

3. Астанасы – Алматы

4. Ұлты қазақ

5. Пайдалы қазбаларға өте бай

6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі

7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер

8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері

9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі

10. Менің Отаным – Қазақстан

Хор: «Отан»

- Міне балалар, «Менің Отаным – Қазақстан!» деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің Отаным-Қазақстан

Автор: Бактыгалиевна Лукпанова Аягоз

Дата: 24.11.2019

Номер свидетельства: 528418

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Тақырыбы: «Менін Отаным Қазақстан»"
    ["seo_title"] => string(33) "takyryby_menin_otanym_kazakstan_1"
    ["file_id"] => string(6) "491264"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545056336"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?ат. " Мені?   Отаным - ?аза?стан"""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatmieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "321609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461333657"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Менің Отаным-Қазақстан 12345678*//++"
    ["seo_title"] => string(31) "menin_otanym_kazakstan_12345678"
    ["file_id"] => string(6) "622866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673509368"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Внеклассное мероприятие.Мени? Отаным-?аза?стан. "
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "137026"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417258163"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мені? Отаным -?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(28) "mienin-otanym-k-azak-stan-19"
    ["file_id"] => string(6) "254616"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447780396"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства