|   Ұйымдастыру.  Мұғалім:  Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті оқушыларым. Мен сендерді екінші сыныпта есейіп, ақылды болып өскендеріңді көріп қуаныштымын. Міне, жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталуда. Барлығыңызды білім күнімен құттықтап, үлкен жетістіктер тілеймін. Жаз бойы демалып, есейіп, күш жинап, бірінші сынып оқушыларынан ерекшеленіп тұрсыңдар. Оларға барлық жағынан үлгі болыңдар: оқуда, тәртібімізбен.          Өмір бойы мектебімді жыр етем,   Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.   Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,   Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!       -   Қане балалар! Кім сыныптағы достарын көргеніне қуанышты солар бір шапалақ соқсын. ( бір рет шапалақ)   -  Кім мектепті сағынды солар үш шапалақ (үш рет шапалақ)  -  Кім екінші сыныпты үздік оқимын деп келді солар көп рет шапалақ соқсын.  (көп рет шапалақ)        Аман-есен мектепке оралдық.  Енді өзіміздің өмірімізді сақтау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін білуіміз керек:  - Мектепке келе жатқанда жолда жүру ережесін сақта!  - Танымайтын адамдармен сөйлеспе! Бөтен адамға есік ашпа!  - Үйде электр қуатымен және отпен ойнама!  - Үшкір әрі өткір заттарды ұқыпты пайдалан!      - Тамаша балалар! Ал бүгінгі біздің мерекелі тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін ойын ойнауымыз керек. Дайынбыз ба  ойынға?        -   Балалар сендердің отырған орындықтарының астында белгілі бір қағаз бар. Сол қағазда сандар орналасқан.  Қане кім тапты?       -  Кімде 1 деген сан ? (балалар рет ретімен шығады., берілген қағаздың артқы жағында әріпті атайды)  -  Балалар сонымен қандай сөз шықты? ҚАЗАҚСТАН     -  Дұрыс айтасындар балалар. Бүгінгі біздің  «Менiң Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие сағатын  ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.     |