kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мейірімге толы жүрегім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдай тқмен балаларға көмек көрсету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мейірімге толы жүрегім»

Атаулар сыр шертеді

Туған жер. Туған жер дегенде тебіренбейтін, қолына қалам алмайтын жан жоқ шығар сірә бұл жалғанда. Туған жер –бұл біздің шыр етіп жарық дүние есігін ашқан, кіндік қанымыз тамған, балалық шағымыз өткен жер бетіндегі ең қасиетті мекен. Туған жер бұл алысқа ұзап кетсең ең бірінші болып сағынатын, қайтуға асығатын киелі жер. Туған жер несімен ыстық? Себебі сен бұл жерде дүниеге келіп қана қоймай, ата-анаңның мейіріміне қанып өсесің, өміріңнің ең қызықты сәттерін өткізетін керемет шаһар. Міне, мен де бүгінгі шығармамда өзімнің туған жерім, қазыналы құтты мекенім, басқа елден өзінің «Шалқар» көлімен, құрамында 13 түрлі минералды қоспасы бар суымен, емге шипа болатын қоңыр топырағымен ерекшеленетін Шалқар атты жер жәннәты туралы жазамын.

Ш- шұғылалы

А-ата-салтын сақтаған

Л-лаулаған оттай жанып тұрған

Қ-қайсар, өжет ұл-қызы бар

А-армандары Мұғалжар тауындай асқақ

Р-рухты батырлары бар, мықты ақындары бар, намысын қолдан бермейтін, көк туын әлемде асқақтатып жүрген спортшылары бар елді-мекен.

Қазіргі таңда ауданымыз қарқынды түрде көркейіп келеді. Ауданымызда спорт, медицина салалары жақсы дамыған. Оның дәлелі ауданымыздан шыққан Ақшолақов Серік Қуандықұлы қазіргі таңда ауданымыздың емес әлем дәрігері деген атаққа ие болды. Грек-рим күресінің әлем бойынша қола жүлдегері Мейрамбек Айнағұловта ел мақтанышы. Бұл адамдар тек Шалқар ауданының емес бүкіл қазақ елінің мақтаныштары, әрі ел мәртебесін әлемде асқақтатып жүрген нағыз ерлер. Ауданымызда жақында ғана жазғы демалу саябағы, күндізгі емдеу орталығы және балабақша ашылды. Бұл да біздің ауданымыздың қарқынды дамып келе жатқанының айғағы.

Ауданымызда тарихи мұралар өте көп. Атап айтар болсақ Балғасын ғұрыптау кешені, Тоқпан мазволейі, Балғасын қорымы және т.б. Осы тарихи мұралардың бірі де бірегейі Тоғыз селосындағы «Ойыншықтау». Бұл таудың тарихы туралы керемет аңыз бар: «Ертеректе  бір  кемпірдің  жалғыз  қызы  болыпты. Әлгі  қыз  жалғыз  өскендіктен бе,  әйтеуір  жасы  біразға  келгенше  қуыршақпен  ойнап  отыра  берсе  керек. Ал  қызының  өзімен  жасты  құрбылары  құдықтан  су  әкеліп, ас-су  әзірлеп, аналарына  қолқабыс  ететінін  көріп  жүрген  анасы  қатты  налыпты. Күндердің  бір  күнінде  қызының  бұл  қылығына  күйінген  анасы  бар  ниетімен : «Ой, құдай  бар  болса,  қолыңдағы  қуыршақтай  бол»!  деп  қарғаса  керек. Сол  ананың  қарғысы  қабыл  болып,  әлгі  ерке  қыз  Ойыншықтауға  айналыпты» делінген. Ойыншықтау аты затына сай айналасында жан-жануарлардың және басқа небір түрлі заттардың пішіні іспеттес ұсақ тастардан құралған мүсіндері бар тау. Бұл жерді ауыл тұрғындары киелі жер деп санайды екен. Осы таудың басында Азамат соғысында үлкен шайқас болған деседі. Бұның бәрі аңыз деседі, алайда бұл тау туралы толық,нақты деректер жоқ. Тағы осы аңызға ұқсас тарихы бар Есет Көтібарұлы ауылдық округі территориясында, Алағозыдан 30 шақырым жерде орналасқан «Сынтас» ескерткіші. Бұл есерткіштіңде шығуы туралы аңыз бар: Ерте заманда бір байдың перзенттен жалғыз қызы болыпты. Қызы ерке, шолжың болып өссе керек. Бай бойжеткен қызына жасау әзірлеген екен. Қызым разы болсын деген оймен бай байлығын жасауға жұмсайды. Көп кешікпей көрші елдің баласы құда түседі. Қыз ұзатылады. Оның көші үлкен керуен болып жолға шығады. Бай қызына айтады: -Қызым, жасауыңаразысың ба?-дейді. Сонда қызы: -Қайдан разы болайын, сырығым сырланбады, босағам борланбады,-деген екен. Мұны естіген әкесі қатты қапаланып, кетіп бара жатқан көштің соңынан: -«Қара тас бол да қатып қал!» деген екен, сол мезет үлкен көші қара тасқа айналып кетіпті-мыс. Бұл әрине аңыз, алайда адам қызығарлықтай бұл тас белес-белес құм төбелердің арасында биіктігі 80- метрдей алыстан айқын көрінеді. Бұл тас түйе үстінде отырған қыз бен сұлап жатқан түйе бейнесіне ұқсайды. Бұл тас тұрған мекен «Алағозы-Сынтас» деп аталады. Біздің Шалқар өңірінен 115 шақырым қашықтықта орналасқан.

Осындай аңыздары бар тарихми мұраларды қорғауға алса екен деймін. Себебі қазіргі таңда бұл жерлерге көптеген халықтар барып, жан-жағын ластап, ойыншықтарды қалағанынша алып кетіп жүр. Егер бұл жерлерді қорғауға алса, онда біз тек аудан халқы ғана баратын жер емес әлем халқы баратындай жер болар еді. Себебі жер астынан шығып жатқан ойыншықтары бар «Ойыншықтау», ешқандай адам қолымен тұрғызылмаған, тастан жасалған «Сынтас» таңғажайып құбылыстар іспеттес. Мұндай тарихи мұралар осы ғана емес, әлі де тарихы ешкімге беймәлім бұндай құбылыстар ауданымызда қаншама. Егер осындай қолда бар алтындарымызды пайдалансақ, оны көруге қаншама туристер келсе, аудандық бюджеткеде көп көмегі тиер еді. Қазіргі таңда ауданымызда жастар баратын мәдени орындар саусақпен санарлықтай. Егер ел жастары баратын мәдени орындар болмаса еліміздің болашақ мәдениеті қалай болады екен?- деген сұрақ мені жиі мазалайды. Жастар барады қазір көбіне ойын-сауық орталықтарына, неше түрлі кафелерге. Егер осы кафелердің орнына жастар баратын саябақтар, спорт кешендерін, әр түрлі тілдердегі курстар, мәдени орталықтарын көбірек салса онда нұр үстіне нұр болар еді. Әрине аудан жастары мәдениетсіз емес, алайда көптеген мәдени кешендер салса онда бәрі қазіргіден де өте жақсы болар еді. Сонымен қатар ауданымыздағы «Шалқар» көлі мен жолы ауданымыздағы ең үлкен проблема болып тұр деп ойлаймын. Көлікпен жүру өте қиын десе де болады. Ал, тарихы сонау тереңде жатырған көліміз қазір қоқыстар алаңына айналды десек те болады. Әрине көш бара-бара түзеледі дейді. Алайда осы өзекті мәселерлердің барлығы шешілетініне кәміл сенемін. Себебі біздің көшті бастап келе жатырған басшыларымыз бар және біз бармыз. Біз аудан жастары рухты қазақтың, мықты ұрпақтарымыз. Ата-бабамыз сыйға тартқан бұл жерлерде біз аянбай еңбек етеміз. Туған жерді аялау, оны одан әрі дамыту біздің борышымыз. Біз Шалқар халқының жастары шатақ емес, жан-жақты, туған жері, кіндік қаны тамған жерлерінің дамуы үшін барын салатын мықты қазақ екенімізді дәлелдейміз.

Туған жерім, құтты мекен қазынам,

Алысқа кетсем егер мен өзіңді сағынам

Сенің болашағың мен дамуыңа

Мен әркезде барымды салам.

Дертке шипа, емге дауа суыңмен,

Тарихы мол Шалқар атты көліңмен

Бар әлемді бір өзіңе қаратып

Әркез жүрші бар нұрыңды таратып.





























5 мектеп-лицейі КММ















Атаулар сыр шертеді

(эссе)









Дайындаған: Алшора Д.Б







2018 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Мейірімге толы жүрегім

Автор: Алшора Динара Бақтығалиқызы

Дата: 14.05.2019

Номер свидетельства: 510280

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК".Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(62) "mieiirimgie_toly_zhuriek_ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "395157"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487922835"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Шы?армашылы? сайыс "
    ["seo_title"] => string(21) "shyg-armashylyk-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "206464"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430193103"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Эссе  «?р бала - керемет к?ш иесі»"
    ["seo_title"] => string(34) "essie-r-bala-kieriemiet-kush-iiesi"
    ["file_id"] => string(6) "247600"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446578683"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?азіргі заман м??алімі (эссе] "
    ["seo_title"] => string(32) "k-azirghi-zaman-mu-g-alimi-essie"
    ["file_id"] => string(6) "195628"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427948687"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Эссе ?азіргі заман м??алім бейнесі "
    ["seo_title"] => string(41) "essie-k-azirghi-zaman-mu-g-alim-bieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "204329"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429634432"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства