kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әліппе -білім бастауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әліппемен қоштасу мерекелік іс шара. Қызықты да көңілді өткізу ертеңгілік сценариі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әліппе -білім бастауы»

Әліппе –білім бастауы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім , білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту, Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар, бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, білім бастауы- Әліппені аяқтап отыр. Міне, біздің шәкірттеріміздің бар ғылымның атасы Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар . Тойларыңыз тойға ұлассын!

«Әліппе –білім бастауы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Мұғалім: Шашу шашу шашындар!

Ақ сандықты ашындар!

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастанғысын жасандар.

(Шашу шашылады)



Мұғалім: Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгенінде,

Бал иісін таттырып алдайды екен.

Дей отырып кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!

«Алдияр, Айжұлдыз,

«А»-дан бәрі басталар

Алмат біздің тағы бар

Арада бар басқалар»



Әлия, Әмина әдемі

Әсем әндері

Әліппеге айтып береді.







Кішкентайы сыныптың,

Тентек емес, жуас тым.

Аружан біздің сыпайы,

Досқа адал шынайы.



Тентек,бірақ ақылды,

Сыйлап жүрер жақынды.

Бекзат біздің ұлдарды.

Тәртіпке әркез шақырады



Гауһар тастай бағалы

Гүлмира біздің досымыз

Гүлдей жайна демекпіз

Гүлмираға осы біз.



Дамир кейде көшеде

Дамыл таппай шабады.

Достарын бір кез сағынса

Дариганы іздеп табады.



Жарыс сайыс ортадан

Жайрандаумен тарайсың

Жанна шықты ортаға

Жарайсың сен, жарайсың.



Өнер қуған жасынан,

Сөз асырмас басынан.

Намысқой біздің Камила

Табылар дос қасынан.





Меруерт біздің жүгіріп

Мектепке жылдам келеді

Мирастын алдына отырып

Мойының бұрып отырады.



Сабина біздің сабырлы.

Сынып ішін сақтайды.

Ал Самратымыз келгенде.

Сынып у-лап шулайды .



Үміт үлкен білім алам деп

Үміт еткен талайдан

.



Мұғалім: Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды.

«Әліппе –білім бастауы» кешін сіздерге есеп беру сабағы және жарыс ретінде өткізгелі отырмыз

Кімдер зерек, кім тапқыр

Таланттарын табайық

Қайсысы күйші, кім биші

Талабына қарайық

Іші толған әріпке

Бар білімнің бастауы

Білімдегі жарық не?

Хормен: Ол сүйікті Әліппе.

Мұғалі : Олай болса ортаға Әліппені шақырайық.

(Әліппе ортаға шығады)

Әліппе: Армысыздар, Жас достар,

Армысыздар, ата-аналар,

Болашаққа жол бастап

Әліппен кеклді ортаға

Менің атым Әліппе

Мені анандай дәріпте

Мені оқып ер жеткен

Аған сенің әпкен де.

Балалар, сендер мені оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер?

Балалар:

Өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, санамақ, оқу, жазу, әріптерді.

Әліппе: Ең жақсы көретін ертегілерін бар ма?

Балалар: Иә, «Мақта қыз бен мысық»

Әліппе: Ендеше маған айтып беріндер сол ертегіні.

(«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.)

Әліппе : Ай жарайсындар , көңілім толды сендерге. Ал енді білімдерінді сынап көргім келеді. Оны сайыс ретінде көреміз. Екі топқа бөлінейік

І топ -«Білгіштер»

ІІ топ- «Негештер»

1.Мына өлеңнің авторы кім?

І топ -«Білгіштер» ІІ топ- «Негештер»

Кел, балалар оқылық Әсемпаз болма әрнеге

Оқығанды көңілге Өнерпаз болсан арқалан

Ықыласпен тоқылық Сен де бір кірпіш дүниеге

Оқысаныз, балалар Кетігін тап та бар қалан.

Шамнан шырақ жағылар.

(Ыбырай Алтынсарин) (Абай Құнанбаев)

-Ең бірінші Әліппені жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

2. Сұрақ-жауап.

А)Қазақ алфавитінде неше әріп бар? Қазақ алфавитінде неше дауыссыз дыбыс бар?

(42) (25)

Ә)Қазақ алфавитінде неше дауысты дыбыс бар? Неше белгі бар?

(15) (2)

Б). Апта күндерін ата Жеті атаны ата.

(Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі Әке, бала, немере шөбере, шөпшік, немене, Бейсенбі, жұма, сенбі,жексенбі) туажат.

3 «Теңге алу» ойын

Жердегі буындарды жинап, сөзден сөйлем құрастыру.

Мек -теп ке –ме бі-лім те-ңіз



4 Математика

Есептеуге жүйрік болсан жасынан

Математикаға орын берсен басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар табылатын қасынан.

Табақта үш алма, Шығармақ боп кеше есеп

Қолымда екі алма Жиналғанда бес есек

Қосқанда барлығы Үшеуі ұйықтап отырды

Болады неше алма? (5) Оқығана неше есек?(2)



«Сынарын тап» ойын

Шұлықтардың сынарын табады.

Сайыстың қорытындысы

жұмбақтар. Ата-аналарға

  1. Арқасын тіреп жабысып, Екі «С» кеп күресті

Екі «Р» қалған қабысып, Арқаларын тіресті

Бұл қай әріп? (Ф) Сонда қай әріп шықты? (Х)



  1. Жазу жазып жалықпаған Үйреткен ілімді 42 білімді

Жаза-жаза арықтаған. (бор) (Әліппе алфавит)

Тақпақтар Әліппеге

1) Әліпбиді біліндер,

Әр әріпті танып дәл!

Біздің қазақ тілінді

42 әріп бар.

2) Алфаивттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында,

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші

Ал осынын сыры неде түсінші?

3) «А» деген -ол Аналар ғой ардақты.

«Ә» деген –ол Әкелер ғой салмақты

«Б» деген –ол Балалар ғой әдемі. Біздің елде үшеуі де қаделі.







4) Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым ағасы,

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

5)Қош бол,құтты Әліппем,

Жол тұсауын кестің сен.

Аяулы анам болып сен,

Айыбымды кештің сен.

6)Қош бол,құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.



7) Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз,

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.

8) Әліппем, менің Әліппем!

Өмірді көрем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Көп-көп рахмет







Ән «Қош бол құтты,Әліппе»

Әліппе: Ай, рахмет, балаларым, қуанттындар мені сендер,Жақсы оқып үйренгендерін көрініп тұр.Сол үшін мен сендерге сыйлық алып келдім.

(Ана тілі кітабын сыйлайды)

Тақпақтар

9) Ана тілін біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің,

Ана тілін біліп қой-

Мақтанышың, елдігің.

10)Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.













12)Ана тілім –ұраным,

Ана тілім-құраным,

Ана тілім болмасМықты болмас тұрағым

11)Ана тілім-елдігім,

Ана тілім –ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

Ән: ана тілі туралы

Мұғалім: Барлық қазына, байлық , оқу-білімде. Ол туралы қазақ халқында жүздеген мақалдар бар:

Кітап-білім бұлағы

Білім –өмір шырағы.

Кітапсіз-білім жоқ,

Білімсіз күнін жоқ

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Оқу инемен құдық қазғандай.



Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың сауатты

Білім кенін қазатын.

Дей отырып «Әліппе -білім бастауы» атты ертеңгілігімізді , қазақ халқы айтқандай

Тойдың сәні келе ме,

Қара жорға болмаса –дегендей «Қара жорға» биімен аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Әліппе -білім бастауы

Автор: Гизатова Айгүл Кіндікқызы

Дата: 19.02.2018

Номер свидетельства: 458342

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?ліппе-білім бастауы "
    ["seo_title"] => string(22) "lippie-bilim-bastauy-2"
    ["file_id"] => string(6) "217572"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1433400523"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""?ліппе - білім бастауы" "
    ["seo_title"] => string(20) "lippie-bilim-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "155601"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421304922"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Саба?ты? та?ырыбы: "?ліппе білім бастауы" "
    ["seo_title"] => string(40) "sabak-tyn-tak-yryby-lippie-bilim-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "163288"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422461837"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Саба?ты? та?ырыбы:   ?ліппе-білім бастауы."
    ["seo_title"] => string(42) "sabak-tyn-tak-yryby-lippie-bilim-bastauy-1"
    ["file_id"] => string(6) "315099"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459837028"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Саба? та?ырыбы: " ?ліппе - білім бастауы ""
    ["seo_title"] => string(31) "sabaktakyrybylippiebilimbastauy"
    ["file_id"] => string(6) "317754"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460444894"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства