Просмотр содержимого документа
«?ліппе -білім бастауы »
Сабақтың тақырыбы: «Барлық білім бастауы -әліппеге рахмет!
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әліппенден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:, нақылсөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар, слайд т.б.
Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкене қызы ханшайым шығады.
Уа,халайық! Армысың,
Ағайын-туған, бармысың,
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін.
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін.
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін.
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің!
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайым да бармысыз?
Жақсы хабарым бар. 1 «б» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік!
Мұғалім: Құрметті қонақтар, аяулы аналар, ұстаздар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған ,тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы. Барлық ғылымның атасы , біздің болашағымыздың негізі-әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларыңыз тойға ұлассын!Шәкірттеріміз ата-ананың баласы емес , халықтың баласы болсын. Ендеше, бүгінгі 1 «б»сынып оқушыларының «Барлық білім бастауы әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Аяулым: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Аружан: Өлшеулі ар-намысы халқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың,
Армысыздар аяулы ұстаздарым.
Сенері сендерсіңдер халқымыздың.
Өмір берер ертеңгі бағаларың
Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың,
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген
Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.
Айгүл: Бүгін бізде үлкен қуанышты күн.
Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.
Назерке. Алғаш қолымызға гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап өткелі 4ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да аламыз.
Ерасыл: Астанам, ұлы, Астанам
Ұлылыққа бастаған!
Мақтан тұтар өзіңді,
Кіп-кішкентай жас балаң.
Қанағат: Алма берсем жейсің бе?
Қанағат Мені «А» әрпі дейсің бе?
Аузыңа сап жегенде,
«А» деп айтып жейсің бе?
Мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан.
«Апа» , «ата» сөздері,
«А» әрпінен басталған
Нұржан: «З»: Зау-зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар, заңдар бар,
З-да барлық заңдылық,
Заңда з мен заң болар!
Алина «А»: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Ақжол: «Қ»: Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой,
Қазағымның көңілі.
Сағиба: «С»: Жағасындай Ертістің
Семей деген қалам бар.
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар.
Темірлан: «Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан,
Қылышты жаумен қырқысқан.
Ең ежелгі астана-
Қасиетті Түркістан!
Айбек: «А»: Піскен алама топ-топ түсті,
Топ-топ түсті, көптен түсті.
Диас А: «Н»: Ас біткеннің атасы
Қасиетті нан осы.
«Отан» хор.
Аружан : Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа әріп пен жазба әріп,
Дауысты мен дауыссыз.
Айтыңдаршы , балалар,
Қай оқулық үйреткен?
Оқушылар хормен ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ!
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шақырайық. (Музыка қосылып, балалар әліппені тосады.)
Әліппе: -Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің,
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық!
Не үйретіп, не білдік,
Қане ортаға салайық!
Гүлсезім: Біз жазамыз «ана» деп,
Біз жазамыз «дана» деп.
Біз жазамыз «бала» деп,
Біз жазамыз «Отан» деп.
Гауһар: Апа- ата атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақынды
Сенен білдік әліппе.
Айғаным: Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзі әліппе
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппе!
Ерасыл: Алфавиттің басында «а» тұрады
.Құралай: «Ә» деген әріп мен болам,
Әділдікке шақырам.
Әдепті бол әрқашанда,
Қасыңда болам сонда ғана.
Гүлменай: .
Диас : Анам менің, әкем де
Атам менен апам да
Шопан, ұшқыш, ғалым да
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе.
Темірлан : Күндерге күн ұласты,
Жылжып-жылжып ай асты.
Ойдағыдай бітірем,
Мен бірінші сыныпты.
Алан: Әліппем менің әліппем,
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет.
Алина: Таныстырып 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән «Әліппе»
Сахиба : Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Мұғалім: Әріптердің иесі, құрметті Әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауық орталығына жібергелі отырмыз және Білім әкімшілігінің атынан «Еңбегі сіңген білімгер» атағын табыс етуге рұқсат етіңіз.
Әліппе: Рақмет, ризамын. Менде бұдан бұлай кітапты көп оқысын деген ниетпен, мына кітаптарды табыс етемін.
Әліппе: Білімнің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы.
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың!
-Қош болыңдар, балалар!
-Қош сүйікті ,Әліппе!
Аяулым: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Барлығы хормен:
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Мұғалім: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл » демекші біздің сынып оқушылары үш тұғырлы тілді қатар меңгеруде.
-Қазақ болсаң, қадірле өз тіліңді тіріңде,
Мәңгілік ел белгісі- Мемлекеттік тілінде!
Оқушылар үш тілде өлеңдерін оқиды.
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең- жұбататын асыл адам – Ана!
-Ана – біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау – біздің парызымыз.
Ант қабылдау
Отанымды сүюге;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтекуге;
Отанымызды мақтаныш етуге
Ата-ананы қадірлеуге
Білімге ұмтылуға
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
Мектеп ережесін сақтауға;
Үлкенді құрметтеуге;
Кішіге қамқор болуға;
Барлығы хормен:
Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз!
Оқушылардың жеке номерлері орындалады.
Ертегі : «Үш жалқау»
Қойылым «Жерде жатқан затты алуға болмайды»
Ән «Ел қорғауға әзірміз» ұлдар тобы
Ән «Айгөлек» қыздар тобы
Ән: Ертегілер Орындайтын Әлінбек Аружан Қорытындылау. Қонақтарға сөз беру