1-жүргізуші: Иә,күзде келіп жетті.Күн көзі күңгірт тартып,аспанды жиі-жиі бұлт басты.Әрбір жерден сарғайған шөптер қылтиа бастады.Ағаштардың жапырақтары сарғайып,желмен ұшып түсіп жатыр.Күн қысқарып,түн ұзара бастады.Күз мезгілі өте керемет.
2-жүргізуші: Бүгінгі біздің мерекемізге алыстан «Күз ханшайымы» келе жатыр.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме,қымбатты балалар!Күзгі бақтағы қонақтар .Мен сендердің әсем әндерің естуге,күз туралы тақпақ-тарыңды тыңдауға асығып келдім.Бәрі күзді көңілсіз кезең деп есептейді,бірақ күздің көптеген әдемі көріністері бар.
Ән айтыңдар бақытты,
Молайтыңдар шаттықты!
1-жүргізуші: Күз ханшайымы хош келдіңіз.Балалардың өнерін тамашалауға төрлетіңіз.
2-жүргізуші: Күз мезгіліндегі келесі мереке 22-қыркүйек – Тілдер мерекесі.
7- оқушы: Ана тілін жырлап өтер талайлар
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
1-жүргізуші: Келесі мереке Қарттар күні.
8-оқушы: Кім үлкенді сыйласа,
Кім Үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
2-жүргізуші келесі мерекеміз Ұстаздар күні.
ӘН: « Ұстазым»
Нұрхан Жанаевтың «Мұғалім» өлеңін Әсемгүл оқиды.
Күз ханшайымы:Рақмет балалар сендер жақсы өнер өнер көрсетіп жатырсыңдар.
9-оқушы: Көбейді құт береке.
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мерекемізге
Алтын күзді тойлаймыз.
10-оқушы: Жайдарлы күз,жарқын күз.
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы ен дала,
Дариядай шалқар күз.
11-оқушы: Кездеске соң күзімен,
Бұтағынан үзілген
Ай-жапырақ,сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
12-оқушы: Сары алтындай алтын күз,
Алтын сары қызыл көк.
Күзгі бақта күлімдеп ,
Алтын күзді тойлаймыз.
13-оқушы:Алтын күн әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Сары алтындай күзбент біз
Қоштасамыз ендеше.
Ән: « Аққаздар ұшып барады.»
14-оқушы: Қош бол,өскен жеріміз.
Айдын шалқар көліміз
Аман болып жасаңдар
Айналайын ,еліміз.
15-оқушы: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
16-оқушы: Қараңдаршы қандай сұлу
Бидай басқан кең дала.
Алтын жайып тастағандай.
Біздің дала бай дала.
17-оқушы: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл,жарқын жүз.
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз.
1-жүргізуші: Кел балалар ойнайық
Тектен -текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық
үзіп алып бақтардан.
Жолдастарға сыйлайық.
Ойын «жемістер мен көкөністерді орналастыр » Ортаға екі оқушы шығады,себеттерге үстел үстіндегі жемістерді бір оқушы,көкөністерді екінші оқушы музыка тоқтағанша жинайды.Қай оқушы тез болса сол жеңімпаз.
2-жүргізуші: Келесі кезекті жұмбақ шешуге берейік.