kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?з- мереке,к?з-береке.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: К?з – мереке, к?з – береке.
Ма?саты: Балаларды? к?з туралы білімін ке?ейту. Балаларды к?з байлы?ымен таныстыру. Е?бек адамдарыны? е?бегін ?адірлей білуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: К?згі ба?ты? к?рінісі, сары ала жапыра?тар, ??старды? бейнесі, жемістер мен к?к?ністер.
Ж?ргізуші: ??рметті ата – аналар, ?стаздар!
Сіздер ша?ын орталы? тобыны? дайында?ан «К?з – мереке, к?з – береке» атты т?рбие шарасын к?руге келіп отырсыздар. Келген ?адамдары?ыз?а н?р жаусын.

Жомарт к??іл, жар?ын к?з,
Сары алтын?а малын?ан.
Жетті, міне алтын к?з,
Сары алтыннан б?рын да.
Сары п?ліш к?йлегі,
Алтын к?зді шынында
Ару дейсі? бейнелі.
Келістіріп бар с?нін
Берген с?зі таби?ат.
Алтын к?зді, ал ?ане,
?арсы алайы? жама?ат

К?з:
Толтырып д?нге ?ырманды,
Бастадым ?ырда думанды.
М?уемді терген ба?банны?
Жанарында н?р жанды.
?адірлімін хал?ыма,
Баламас бекер алтын?а.
?н бойым тол?ан ырыс – ??т,
К??ілім жомарт салтымда.
Асты?, жеміс, алма?а
Толып ?ойма, ?амбалар.
Байлы?ымен ?лы елім,
Алты ай ?ыс?а ?амданар.
Ж?ргізуші: Жомарт к??іл, жар?ын к?з,
Берекесі хал?ымны?.
?ош келіпсі?, Алтын к?з.
??т ?она?ы т?рімні?.
Жо?ары шы?, кел т?рлет!
Абыройсы?, ба?ы? – б?л.
К??ілдерді ?н тербет
Арналады са?ан жыр.
К?з:
Егін – терін жиналым,
?амбалар?а толады.
?р к??ілге н?р дарып,
?р ?йде той болады.
Жылы жа??а ба?ыт ап,
??стар к?кте ?шады
Сары жапыра? ?ашы?тап,
Жерді? т?сін ??шады.
Айты?даршы бала?ай,
Б?л ?ай кезде болады?
Балалар хормен: К?зде
Ж?ргізуші: Ал, осы к?з мезгіліні? ?андай кезе?дері бар?
Балалар: ?ш кезе?: Ерте к?з, Алтын к?з, ?о?ыр к?з.
Ж?ргізуші: Ерте к?зді? ерекшелігі, жапыра?тар жа?адан сар?ая бастайды, к?н сал?ындайды. Алтын к?зде жапыра?тап сары к?йге еніп, жеміс – жидек, к?к?ністер піседі. Ал, ?о?ыр к?зде а?аштар жапыра?ынан айырылып, ш?птер ?урайды. ?ысты? ал?аш?ы кезе?дері біліне бастайды.
Б?гінгі кешімізді? басты ?она?ы «К?зге» ?зімізді? к?з туралы білетін та?па?тарымызды айтып берейік.
1. Баян:
Д?нге толы ?ызыл ?ырман,
?ырман басы ?ызы? думан.
М?лдіретіп ж?зімдерін,
Келді алтын к?зім мені?
Молшылы? к?з, береке к?з
Береке к?з – мерекеміз.
2. Мадияр:
К?ктемде егін егетін,
К?зде жиып беретін.
Бізді? дала бай дала.
Алтын асты? айнала.
3. К?зайым:
Сеуіп мейір білімін
Табыстыр?ан біздерді.
Басы о?у жылыны?
Берекелі к?з келді.
4. Ма?сат:
Бізді? дала бай дала
Алтын асты? айнала
Жасады той хал?ымыз.
Жаса, жаса, алтын к?з.
5. Айда:
?ауын, ?арбыз, жемістермен
Толтырамыз себетті.
Алтын к?з деп аталады
К?з айы сол себепті.
6. Айсана:
Берекесін сыйлау?а
?лкемізге к?з келді
Жемістерін жинау?а
Ша?ырады біздерді.
Ж?ргізуші: Ал, ?адірмен, халайы?,
??ла?ы? сап ты?да?ы?.
?ане, ойланып табайы?,
К?зді? берген ж?мба?ын.
Ендеше, ?ане, ж?мба?ты шешіп к?рейік.

1. ?зі шал?ы, ?зі ора?,
?зі ?ырман, ?зі арба.
?зі к?рек, ?зі ?ап. (Комбайн)
2. Іздесе? к?нде табылар,
К?з жауын ап к?ктейді.
?абат – ?абат тоны бар,
Т?ймелеуге жетпейді. (Капуста)
3. Жер астында басы бар,
Жер бетінде шашы бар (с?біз)
4. ?алы? киім ?натады,
Шешіндірсе? жылатады (Пияз)

Ж?ргізуші: Балалар, осы к?зді? байлы?тарын жинау ?шін адамдар к?п е?бек сі?іреді: жемістер мен к?к?ністерді, ?ырманда?ы асты?ты жинау ?шін адал е?бек жасау керек. Ал, балалар біздер е?бек туралы бірнеше ма?ал – м?тел жаттады?, соларды орта?а салайы?.

1. Айда: Е?бек етсе? ерінбей,
Тояды ?арны? тіленбей.

2. Мадияр: Е?бек ер атандырады.

3. К?зайым: Е?бектеп ?ашпа,
Ырысы?ды шашпа.

4. Баян: Е?бекті? наны т?тті,
Жал?ауды? жаны т?тті.

5. Ма?сат: Е?бек еткен емеді.
6. Айсана: Е?бек пен ба?ыт егіз.

Ж?ргізуші: - Рахмет, балалар. Е?бек туралы к?птеген ма?ал – м?тел біледі екенсі?дер. Соларды ?немі есте са?тап ж?рі?дер.
Балалар, енді жомарт к?зді? сыйларынан ?андай та?амдар болатынын к?рейік. Алдымен жемістерден ?андай салаттар жасау?а болатынын к?рсетейік.
Орта?а жемістерді ша?ырамыз:
Алма – Мадияр
Мен алмамын, алмамын,
Та?дай ж?лар бар д?мім.

Алм?рт – Баян
Мен алм?ртпын, алм?ртпын,
Аузындамын бар ж?ртты?.

Ж?зім – К?зайым
Мен ж?зіммін, ж?зіммін,
Монша? болып тізілдім.

Банан – Айда
Ай пішіндес келбеті,
Д?мі неткен т?тті еді.

?рік – Айсана
Мен ?рікпін, ?рікпін,
Таби?ат?а к?рікпін.

Иогурт – Ма?сат
Жемістерді? ?стіне мені ??йса?, «Жеміс салаты» дайын болады.

Ж?ргізуші: Осы жемістерден «Жеміс салатын» дайындап, д?мін татайы?. Ата – аналар, балалары?ызды? дайында?ан салатынан д?м татайы?.

Ойын: «Жемістерді? д?мін тату»

Ойынны? шарты: орта?а бір баланы ша?ырып, к?зін орамалмен байлап, ?р жеміс жидектерден бір – бірден жегізу керек. Д?мінен ?андай жеміс, к?к?ніс екенін айыру керек.

Ж?ргізуші: ?ымбатты ата – аналар, ?стаздар!
Хал?ымыз ?шін ?ашан да ?астерлі нан – ел ырысы, ?мір ?зегі. Елді? д?улеті дастарханмен ?лшенеді. Ал, дастархан с?ні наннан басталады. Міне, осы дастархан с?ні, тіршілікті? н?рі туралы бізді? балаларымызды? дайында?ан «Нан ?адірі» атты ертегісін к?руге ша?ырамыз.

Нан ?адірі
Р?лдерде ойнаушылар:
Автор –
Айжан – К?зайым
Г?лжан – Баян
?кесі – Мадияр
Кемпір – Айсана

Автор: Бая?ыда бір патша бол?ан екен, оны? Г?лжан мен Айжан атты екі ?ызы болыпты. Екі ?ызы байлы??а ?те ??мар екен.
Бір к?ні Г?лжан мен Айжан та?ерте?гі тама?та дастархан ?стінде т?р?ан нанды к?ріп жерге ла?тырып жібереді.
Айжан: ?ке, мен енді нан жемеймін. Нан ?те жаман.
Г?лжан: Мен де жемеймін. Нан т?тті емес.
?кесі: ?ыздарым, б?л ?ылы?тары? д?рыс емес. Сендерге к?тергендері?ше алтын берейін. Сендерді мына сарайдан ?уып шы?амын. Сендерді енді к?рмейтін болайын.
Автор: ?кесі олар?а к?тергендерінше алтын береді де, сарайдан ?уып шы?ады. Екі ?ыз орман?а келеді. Г?лжан мен Айжанны? ?атты ?арны ашады. ?олдарында алтыннан бас?а еште?е жо?.
Айжан: Г?лжан, мені? ?арным ашты, нан жегім келіп т?р. ?олымызда алтыннан бас?а еште?е жо?.
Г?лжан: Алтынды жеуге болмай ма?
Айжан: Жо?, жеуге болмайды.
Автор: С?йтіп, ?арындары ашып сандалып ж?ргенде, орман ішінде бір кедейді? ?йін к?реді. Екеуі сол ?йге келеді. ?йде саулы?ы кем бір ?жей жатады.
Айжан: Бізге нан тауып бер!
Кемпір: Ана ?апта ?н бар, ?здері? пісіріп же?дер.
Г?лжан: Айжан, сен нан пісіре аласы? ба?
Айжан: Жо?, сен білесі? бе?
Г?лжан: Бізді? ?ылы?ымыз д?рыс емес екен. ?кемізден кешірім с?райы?.
Айжан: С?йтсек, с?йтейік
Екеуі: ?ке, бізді кешіре к?р. Біздікі д?рыс емес екен.
?кесі: ?ыздарым, ?ателіктері?ді т?сінгендері?е рахмет. мен ?те ризамын.
Автор: ?сте ала?ды білмейміз
Нан болса ойнап к?леміз.
Тіршілікті? к?зі – нан ?ана
Нан ?адірін білеміз,
Баспа нанды абайла.

(р?лдерде ойна?ан балаларды таныстырады)

Мол байлы? тергені
Шатты?ы ?аншалы?
Аспан?а ?рледі
??стар да ?н салып.
??стар (??стар ?анат ?а?ып, к?лді айналып ?шып ж?реді)

?ош бол ?скен жеріміз.
Айдын шал?ар к?ліміз.
Аман болып т?ры?дар,
?ам?ор бол?ан еліміз.
?а?арлы ?ыс ?ткенде.
?айтып келіп к?ктемде,
К?нде думан ??рамыз.
К?н шуа?ын т?ккенде.
?ош бол ?скен жеріміз
Айдын – шал?ар к?ліміз.
(??стар ?анат ?а?ып ?шып кетеді)
??стармен келесі к?ктемде аман – есен ж?здесейік!

Ж?ргізуші: Берекелі ба? – д?улет,
Арта берсін тойланып.
Сау болайы?, ?леумет,
Келгенше жыл айналып.
«К?зді» келесі кездескенше деп, шы?арып салайы?!
?ош бол жомарт к?з!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?з- мереке,к?з-береке.»

Тақырыбы: Күз – мереке, күз – береке.
Мақсаты: Балалардың күз туралы білімін кеңейту. Балаларды күз байлығымен таныстыру. Еңбек адамдарының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күзгі бақтың көрінісі, сары ала жапырақтар, құстардың бейнесі, жемістер мен көкөністер.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар!
Сіздер шағын орталық тобының дайындаған «Күз – мереке, күз – береке» атты тәрбие шарасын көруге келіп отырсыздар. Келген қадамдарыңызға нұр жаусын.

Жомарт көңіл, жарқын күз,
Сары алтынға малынған.
Жетті, міне алтын күз,
Сары алтыннан бұрын да.
Сары пүліш көйлегі,
Алтын күзді шынында
Ару дейсің бейнелі.
Келістіріп бар сәнін
Берген сөзі табиғат.
Алтын күзді, ал қане,
Қарсы алайық жамағат

Күз:
Толтырып дәнге қырманды,
Бастадым қырда думанды.
Мәуемді терген бағбанның
Жанарында нұр жанды.
Қадірлімін халқыма,
Баламас бекер алтынға.
Өн бойым толған ырыс – құт,
Көңілім жомарт салтымда.
Астық, жеміс, алмаға
Толып қойма, қамбалар.
Байлығымен ұлы елім,
Алты ай қысқа қамданар.
Жүргізуші: Жомарт көңіл, жарқын күз,
Берекесі халқымның.
Қош келіпсің, Алтын күз.
Құт қонағы төрімнің.
Жоғары шық, кел төрлет!
Абыройсың, бағың – бұл.
Көңілдерді ән тербет
Арналады саған жыр.
Күз:
Егін – терін жиналым,
Қамбаларға толады.
Әр көңілге нұр дарып,
Әр үйде той болады.
Жылы жаққа бағыт ап,
Құстар көкте ұшады
Сары жапырақ қашықтап,
Жердің төсін құшады.
Айтыңдаршы балақай,
Бұл қай кезде болады?
Балалар хормен: Күзде
Жүргізуші: Ал, осы күз мезгілінің қандай кезеңдері бар?
Балалар: Үш кезең: Ерте күз, Алтын күз, Қоңыр күз.
Жүргізуші: Ерте күздің ерекшелігі, жапырақтар жаңадан сарғая бастайды, күн салқындайды. Алтын күзде жапырақтап сары күйге еніп, жеміс – жидек, көкөністер піседі. Ал, қоңыр күзде ағаштар жапырағынан айырылып, шөптер қурайды. Қыстың алғашқы кезеңдері біліне бастайды.
Бүгінгі кешіміздің басты қонағы «Күзге» өзіміздің күз туралы білетін тақпақтарымызды айтып берейік.
1. Баян:
Дәнге толы қызыл қырман,
Қырман басы қызық думан.
Мөлдіретіп жүзімдерін,
Келді алтын күзім менің
Молшылық күз, береке күз
Береке күз – мерекеміз.
2. Мадияр:
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін.
Біздің дала бай дала.
Алтын астық айнала.
3. Көзайым:
Сеуіп мейір білімін
Табыстырған біздерді.
Басы оқу жылының
Берекелі күз келді.
4. Мақсат:
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Жасады той халқымыз.
Жаса, жаса, алтын күз.
5. Айда:
Қауын, қарбыз, жемістермен
Толтырамыз себетті.
Алтын күз деп аталады
Күз айы сол себепті.
6. Айсана:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жүргізуші: Ал, қадірмен, халайық,
Құлағың сап тыңдағың.
Қане, ойланып табайық,
Күздің берген жұмбағын.
Ендеше, қане, жұмбақты шешіп көрейік.

1. Өзі шалғы, өзі орақ,
Өзі қырман, өзі арба.
Өзі күрек, өзі қап. (Комбайн)
2. Іздесең күнде табылар,
Көз жауын ап көктейді.
Қабат – қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді. (Капуста)
3. Жер астында басы бар,
Жер бетінде шашы бар (сәбіз)
4. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (Пияз)

Жүргізуші: Балалар, осы күздің байлықтарын жинау үшін адамдар көп еңбек сіңіреді: жемістер мен көкөністерді, қырмандағы астықты жинау үшін адал еңбек жасау керек. Ал, балалар біздер еңбек туралы бірнеше мақал – мәтел жаттадық, соларды ортаға салайық.

1. Айда: Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

2. Мадияр: Еңбек ер атандырады.

3. Көзайым: Еңбектеп қашпа,
Ырысыңды шашпа.

4. Баян: Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

5. Мақсат: Еңбек еткен емеді.
6. Айсана: Еңбек пен бақыт егіз.

Жүргізуші: - Рахмет, балалар. Еңбек туралы көптеген мақал – мәтел біледі екенсіңдер. Соларды үнемі есте сақтап жүріңдер.
Балалар, енді жомарт күздің сыйларынан қандай тағамдар болатынын көрейік. Алдымен жемістерден қандай салаттар жасауға болатынын көрсетейік.
Ортаға жемістерді шақырамыз:
Алма – Мадияр
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Алмұрт – Баян
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Жүзім – Көзайым
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.

Банан – Айда
Ай пішіндес келбеті,
Дәмі неткен тәтті еді.

Өрік – Айсана
Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Иогурт – Мақсат
Жемістердің үстіне мені құйсаң, «Жеміс салаты» дайын болады.

Жүргізуші: Осы жемістерден «Жеміс салатын» дайындап, дәмін татайық. Ата – аналар, балаларыңыздың дайындаған салатынан дәм татайық.

Ойын: «Жемістердің дәмін тату»

Ойынның шарты: ортаға бір баланы шақырып, көзін орамалмен байлап, әр жеміс жидектерден бір – бірден жегізу керек. Дәмінен қандай жеміс, көкөніс екенін айыру керек.

Жүргізуші: Қымбатты ата – аналар, ұстаздар!
Халқымыз үшін қашан да қастерлі нан – ел ырысы, өмір өзегі. Елдің дәулеті дастарханмен өлшенеді. Ал, дастархан сәні наннан басталады. Міне, осы дастархан сәні, тіршіліктің нәрі туралы біздің балаларымыздың дайындаған «Нан қадірі» атты ертегісін көруге шақырамыз.

Нан қадірі
Рөлдерде ойнаушылар:
Автор –
Айжан – Көзайым
Гүлжан – Баян
Әкесі – Мадияр
Кемпір – Айсана

Автор: Баяғыда бір патша болған екен, оның Гүлжан мен Айжан атты екі қызы болыпты. Екі қызы байлыққа өте құмар екен.
Бір күні Гүлжан мен Айжан таңертеңгі тамақта дастархан үстінде тұрған нанды көріп жерге лақтырып жібереді.
Айжан: Әке, мен енді нан жемеймін. Нан өте жаман.
Гүлжан: Мен де жемеймін. Нан тәтті емес.
Әкесі: Қыздарым, бұл қылықтарың дұрыс емес. Сендерге көтергендеріңше алтын берейін. Сендерді мына сарайдан қуып шығамын. Сендерді енді көрмейтін болайын.
Автор: Әкесі оларға көтергендерінше алтын береді де, сарайдан қуып шығады. Екі қыз орманға келеді. Гүлжан мен Айжанның қатты қарны ашады. Қолдарында алтыннан басқа ештеңе жоқ.
Айжан: Гүлжан, менің қарным ашты, нан жегім келіп тұр. Қолымызда алтыннан басқа ештеңе жоқ.
Гүлжан: Алтынды жеуге болмай ма?
Айжан: Жоқ, жеуге болмайды.
Автор: Сөйтіп, қарындары ашып сандалып жүргенде, орман ішінде бір кедейдің үйін көреді. Екеуі сол үйге келеді. Үйде саулығы кем бір әжей жатады.
Айжан: Бізге нан тауып бер!
Кемпір: Ана қапта ұн бар, өздерің пісіріп жеңдер.
Гүлжан: Айжан, сен нан пісіре аласың ба?
Айжан: Жоқ, сен білесің бе?
Гүлжан: Біздің қылығымыз дұрыс емес екен. Әкемізден кешірім сұрайық.
Айжан: Сөйтсек, сөйтейік
Екеуі: Әке, бізді кешіре көр. Біздікі дұрыс емес екен.
Әкесі: Қыздарым, қателіктеріңді түсінгендеріңе рахмет. мен өте ризамын.
Автор: Әсте алаңды білмейміз
Нан болса ойнап күлеміз.
Тіршіліктің көзі – нан ғана
Нан қадірін білеміз,
Баспа нанды абайла.

(рөлдерде ойнаған балаларды таныстырады)

Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Аспанға өрледі
Құстар да ән салып.
Құстар (Құстар қанат қағып, көлді айналып ұшып жүреді)

Қош бол өскен жеріміз.
Айдын шалқар көліміз.
Аман болып тұрыңдар,
Қамқор болған еліміз.
Қаһарлы қыс өткенде.
Қайтып келіп көктемде,
Күнде думан құрамыз.
Күн шуағын төккенде.
Қош бол өскен жеріміз
Айдын – шалқар көліміз.
(Құстар қанат қағып ұшып кетеді)
Құстармен келесі көктемде аман – есен жүздесейік!

Жүргізуші: Берекелі бақ – дәулет,
Арта берсін тойланып.
Сау болайық, әлеумет,
Келгенше жыл айналып.
«Күзді» келесі кездескенше деп, шығарып салайық!
Қош бол жомарт күз!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
К?з- мереке,к?з-береке.

Автор: Сыды?ова Маржан

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 296120


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства