kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ертегілер елінде" Жаңа жылдық ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыка ойнап тұрады.
1- Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.

2-Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1- жүргізуші: - Оу,ағайын келіңдер!
Бүгін бізде- Жаңа жыл,
Қызықтаңдар,көріңдер!
Клоун :(айқайлап келеді) - Алақай.алақай!Жаңа жыл келеді!Алыстан өз шанасына мініп зырғып келеді.
Тауық: (жылап келеді) - Біздің жаңа жылды мыстан кемпір қамап қойды.
1- жүргізуші: - Жарайды жылама! Біз саған жаңа жылды құтқаруға көмектесеміз!
Маймыл: - Балалар,мен жаңа жылдан кешігіп қалған жоқпын ба? Туу,шаршап кеттім ғой. Оу, балалар, Аяз ата, Ақшақарларың қайда? Балалар,қайда кеткен бәрі? Балалар мен ешкімді көріп тұрған жоқпын! Неге бәрің көңілсізсіңдер?
Клоун : - Маймыл аға, ассалаумағалейкум! Қош келдіңіз!Сіз естімеген екенсіз ғой?! Жаңа жылды мыстан кемпір ұстап, қамауға алыпты. Енді не істейтінімізді білмей тұрғанымыз?

Маймыл: - Онда неге тұрмыз? Жаңа жылды бәріміз бірге құтқарайық! Олай болса,біз көмекке Аяз атаны, Ақшақар қызды,қалған жыл басыларын шақырайық! Бізге жаңа жылды құтқаруға көмекке келсін! Қане,балалар,бәріміз бірге айқайлайық!
Барлығы бірге: - Аяз ата а-у-у-у-у-у-у,Аяз ата а-у-у-у-у,
(Осы кезде Мыстан кемпір ұшып кіреді)

Мыстан: -Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?! О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге білмеймін?! (өтірік таңқалған болып) - Сендердің жаңа жылдарыңды мен қамап қойғанмын, ал сендер Аяз атаны шақырып жатырсыңдар, қандай күлкілі, ха-ха-ха-ха!
-Менсіз, мына - мыстан кемпірсіз жаңа жыл тойлағыларың келді ма? Мен сендерге қазір көрсетемін!
Клоун: - Оу,мыстан кемпір оның не ? Қане,босат біздің жаңа жылды. Біздің балалар жаңа жылды асыға күтіп отыр.
Мыстан: - Жо - жоқ,мен оңайлықпен босата қоймаспын. Менің сендерге қояр шартым бар! Соларды орындасаңдар ғана жаңа жылды босатамын.
Қоян: - біз сенен қорықпаймыз, саған қарсы шығуға біздің күш-жігеріміз жетер.
 

Мыстан:- ендеше менің шартым,балалар, жаңа жылға қандай тілектерің бар? Соны тыңдасам деймин.


оқушы: - Туған жеріміз Шалқар қаламыз көркейсін. 

оқушы: - Жаңа жылда бүкіл адамзат атаулы бақытты болсын. 


оқушы: - Жас  достар,  қазір  ғана табалдырығымызды аттаған  Жаңа  жылдың  бауы берік  болсын. Бұл  жылы  да  елімізде  тыныштық  болып  ырыс-құтымыз  азаймасын!


оқушы: - Жаңа  жыл  әрбіріңіздің  отбасыңызға  жаңа нұр, жаңа  шуақ, табыс пен  береке, қуаныш  пен  мереке алып  келсін.  Әрдайым  қажырлы  қайратыңыздан  күш, жылы  жүздеріңізден   нұр  кетпесін. Жаңа  жыл  баршамыз  үшін берекелі, мерекелі  жыл  болсын.


оқушы: - Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.


оқушы: - Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! 
 

Дауыс. - Уа,құдіретті де,құрметті Уақыт амансың ба? Мен - Жаңа ИТ жылымын. Мен бүгін кешікпей жетемін бе деп жолға шығып едім, мыстан кемпір қамап қойып, қазір ғана босатты. Мен барғанша жер ана да, шырша да жайнап тұрсын.Барлық адамға бақыт болып келемін.

1- жүргізуші: - Міне, Жаңа 2018 жыл да келді. Ал 2017 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.

2-жүргізуші: - Ал енді балалар, құрметті қонағымызбен бірге, бәріміз Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
Барлығы бірге: - Аяз ата а-у-у-у-у-у-у, Аяз ата а-у-у-у-у.
(Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Барша балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады)

Аяз Ата: - Рахмет, рахмет балаларым!

Аяз Ата: - Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайьқ.
(Сол кезде Ақшақар жылап жібереді)
Ақшақар: - Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз Ата: - Бұл шыршаны мен өзімнің таяғыммен –ақ жаға саламын, ал сен,Ақшақар, көп мұңая бермегейсің.
Ақшақар: -Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Клоун: - Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: - Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Клоун: -Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатыпқанда қалтасынан білдірмей мына бір таяқшаны суырып алып едім, сол емес пе екен?
Аяз Ата: -Жарайсыңдар, балалар!
Клоун: -Кәне,біз де шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.
Ақша қар:  Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ,. шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

1: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса


2: Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.

3
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

 

Ақшақар
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.


Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр.
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге.
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі.
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын..
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
9.Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

«Ұлпақарлар» биі

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.

1-оқушы: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Ән тыңдасам мен бүгін,
Зияным тимес, халайық.
Ән: «Ертегілер елінде»
Бәpi қосылып, билейді.

Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын !
Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!
Аяз Ата: -Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip қуантып, тастадыңдар. Ақшақар екеуміздің сіздерге арнап алып келген сыйлықтарымыз бар еді, енді соларды берелік.
ӘН:……………………………………………………………………………………….
Аяз Ата: - Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңның шаршаған басылып, келер жылғы жаңа жылдық мерекеге дейін жақсы көңіл-күйде болатын болдым.
Мыстан: - Аяз ата, жаңа жылдық шыршаның қызықты өтуіне мен де атсалыссам деймін. Өздері өте білімді, алғыр, тапқыр балалар көрінеді, менің жасырған жұмбағымды таба алар ма екен?
Мыстан кемпірдің жасырған жұмбақтары:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
Мыстан: - Жарайсьңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Мыстан: - ООО, Мен де кеттім балалар, басқа жақтың Жаңа жылын да тамашалап қайтамын.
Балалар: - Сау болыңыздар!
ИТ Жылы: Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды


1-жүргізуші:- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
2-жүргізуші: -Жаңа жыл- Ит  жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Хор: ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Ертегілер елінде" Жаңа жылдық ертеңгілік

Автор: Берентаева Э.Қ., Артықбай Д.М.

Дата: 05.01.2018

Номер свидетельства: 448064

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ертегілер ?лемі «?атынас» саба?ы"
    ["seo_title"] => string(31) "iertieghilierliemikatynassabagy"
    ["file_id"] => string(6) "296504"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456038261"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру"
    ["seo_title"] => string(80) "iertieghilier_ark_yly_miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tanymdyk_dag_dylaryn"
    ["file_id"] => string(6) "375638"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483617438"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Сабақ: "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(36) "sabak_iertieghilier_ielinie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "445025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513598856"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) ""Жаңа жылдық сиқырлы таяқша ертегісі""
    ["seo_title"] => string(45) "zhan_a_zhyldyk_sik_yrly_taiak_sha_iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "447636"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1514945426"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ерте?гілік: "Даярлы?ым бал-б?ла?ым"."
    ["seo_title"] => string(33) "iertienghilikdaiarlygymbalbulagym"
    ["file_id"] => string(6) "272419"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451981144"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства