Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру, алма ағашы.
Жүргізуші мұғалім:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға,
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар оқушылар, қонақтар, бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын беру – ұстаздың міндеті. Барлық ғылымның атасы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз, осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр! Бүгінгі «Қош бол, құтты Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер !
-Ендеше,кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын ! Сонымен «Қош бол, құтты Әліппе!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!
Шашу, шашу шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасаңдар.
Шашу, шашу шашылсын!
Хор: «Әліппе»
Жүргізуші
-Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек.Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен ?
Cиқыршы қыз: Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік есінің бәрі ұйқыда.
(Сахнада жайлы әуен ойналады. Ортаға Әліппе шығады)
Әліппе
Армысыздар,жас достар!
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы халықтың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп.не білдік.
Қане.ортаға салайық!
-Амансыздар ма.ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім.ендеше олар сізге көмек беріп қалар.
Жүргізуші : Ортаға 1 сынып оқушыларын шақырамыз. Бүгін бізге «Әліппе» өзінің сынақтарын, сендердің алған білімдеріңді тексеру үшін бірнеше тапсырмаларын алып келіпті. Ендеше сол тапсырмаларды орындап алма ағашының жемісін көбейтейік.
1 – тапсырма: Әріптерден сөз құрастыру. Әр сөзде неше дауысты неше дауыссыз дыбыс бар?
2 – тапсырма: Балалар, сендер Әліппемен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Математика – ғылымдардың атасы деген, ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. Алдарында тұрған карточкада сан жазылған, сол санның құрамын жазыңдар.
3 – тапсырма: Кеспе буындардан сөз құрастыру және сол сөзге байланыты сөйлем құрау.
4 – тапсырма: 0 ден бастап 10- ға дейін тура және кері санау.
Жүргізуші:Ханзада мен ханшайым міне,көрдіңіздер ме,Әліппенің арқасында алма ағашымыздың жеміс бергенін.
Ханшайым:Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді. Әліппе,сізге көп рахмет!
Ханзада :Әріптер,көп-көп рахмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер Әліппе,сенің әріптерің енді «Әліпби» елінің тұрғындар болсын. Алма ағашын да бірге қарап,жемісін бірге жемейміз бе?
Жүргізуші:Әліппе,біздің балалар,сізге ризашылығын, рахметін айтқысы келеді.
(Балалар тақпақтарын айтады)
1 – оқушы
Іші толы әріпке Мынау әйбәт Әліппе. Барлық ілім-білімнің Әжесі осы Әліппе.
2 – оқушы
Ата-апа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе Бізге нағыз жақынсың Сенен білдік әріпті.
3 – оқушы
Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте, Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны Әліппе!
4 – оқушы:
Әсем ою өрнектен
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасан білімге
Бастайтын жолды біліппе ем.
5 – оқушы:
Әліппем, менің Әліппем Сені қолға алып мен Есігін аштым мектептің
Ертеңі сәуле жарықпен.
6 – оқушы
Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым. Бірге жүрген қасымда Кітап болды сыңарым.
7 – оқушы
Әліппе деген алтын жол Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырысып бақ намысқа
8 – оқушы
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе
Әліппе:Рахмет,балалар!Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді,сауатты жаздырып,
мәнерлеп оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Ал,қош болыңдар! Әрдайым биіктерден көрініңдер!
Хормен:Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиеттті Әліппем!
Хор: «Қошақаным»
Жүргізуші: Ал, достар, бүгін сендер «Әліппенің» жолын жалғасытыратын «Ана тілі» пәнімен танысасыңдар. Ортаға «Ана тілін» шақырайық.
( Әуен ойналып ортаға, Ана тілі келеді)
Ана тілі: Армысыңдар,жас достар!Мен Ана тілімін! Сендердің дауыстарыңды естіп осында келдім. Естуімше,сендер бүгін әліппемен қоштасып жатырсыздар демек,енді сендер «Ана тілі» деген оқулық оқитын боласыңдар.әліппеден алған білімдеріңді жалғастырып, өздерің жемісінің гүлденуіне көмек берген алма ағашының жемісін ары қарай көбейтуге атсалысасыздар.Сіздер менің айтқаныма келісесіздер ме?
Хормен: Иә.
Ана тілі: Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Ендеше, мен сендерге сиқырлы сандықтан сыйлыққа «Ана тілі» оқулығын берейін! Және білімнің алтын кілтін тапсырамын!
Жүргізуші:Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ата-аналар қаттырақ қол соғындар,
Бишілердің билері қандай жақсы.
«Қаражорға» биі
Жүргізуші:Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,
Балаларға арналған тілегіңіз — дей келе мектеп директоры Ғалымбек Казбековичке сөз беріледі.
Әр үйдің еркесіне әліппе танатып , бастауыштың кілтін ашқан бастауыш сынып мұғалімі Д.Қ.Жусуповаға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол.Сондықтан да бәріміз де ата-аналарымызға рахмет айтайық!
Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің — деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.
Жүргіуші: Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы аурмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын!
Осымен «Қош бол, құтты Әліппе» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Зор салып,