kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Көңілді тапқырлар» сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Көңілді  тапқырлар "сайысы. 7Кезеңнен тұрады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Көңілді тапқырлар» сайысы»

«Көңілді тапқырлар» сайысы

Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың математика, қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

Ойын түрінде өткізілетін тәрбие сағатына 4«А», 4«З» және4«Е» сынып оқушылары 3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.

Ұйымдастыру.

Қайырлы кеш құрметті қонақтар ,ұзтаздар,оқушылар. Бүгінгі 4- сыныптар арасында өткелі отырған «Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер.

1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын.Қазақстанымыз өсіп өркендей берсін ,балаларымыз осындай бейбітшілікте өмір сүре берсін.

Шақырамыз үш топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.(шапалақпен отраға шақыру)

1. «Сұңқар» тобы

2. «Тұлпар» тобы

3. «Болашақ» тобы

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық — дей келе сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыру.

1 – бөлім: «Таныстыру»

Таныстыру

1-топ. Топтың аты «Сұңқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты «Тұлпар»

Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты «Болашақ»

Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз.



2 – бөлім: «Ұшқыр ой»

1-жүргізуші:

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсың бөгеттен - дей отырып

2 -ші «Ұшқыр ой» бөлімін бастаймыз.

Әр топқа сұрақтар қойылады.

Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. (Әр топта 5 сұрақ)

«Сұңқар» тобына:

1. Республикамыздың рәміздерін ата. (әнұран, ту, елтаңба)

2. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

3. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)

4. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

5. Үш кемеңгер би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)



«Тұлпар» тобына:

1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)

3. Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады? (7)

4. Екі кісінің сөйлесуі (диалог)

5. Баланың тұсауын қандай жіппен кеседі? (ала)



«Болашақ» тобына:

1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)

2. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)

3. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

4. Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай)

5. Бір жылда неше күн бар? (365)



3 – бөлім: «Бәйге»

Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген топ жауап береді.

  1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? ( 42 әріп бар)

  2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)

  3. Сұйық зат? (Су)

  4. “Қ” қандай дауыссыз дыбыс? ( Қатаң дауыссыз)

  5. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)

  6. Бір сағатта неше минут бар? ( 60 минут)

  7. Тудың түсі? (Көгілдір)

  8. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)

  9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н.Назарбаев)

  10. Сиырдың төлі? (Бұзау)

  11. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)

  12. Желтоқсан айындағы мерекелерді ата?

  13. Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?)

  14. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)

  15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)

16.Екі өркешті жануар?  (Түйе)

  1. Алфавиттің ең бірінші әрпі? (А)

  2. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі  жанғанда жүреді?   (Жасыл)

  3. Бүгін аптаның қай күні? (Дүйсенбі)

  4. “О” дыбыбы қандай дыбыс? (Дауысты, жуан)



4 – бөлім:  «Тіл өнер»

Бұл бөлімде әр топқа  4 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты үш тiлде яғни, қазақ, орыс,  ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады.

Сұңқар тобы сұраққа жауап береді

1. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка — grandmother

2.Сылдыр сұйық, су емес ,

Iшсең шөлiң қанады.

Ақ болса  да, қар емес.

Шешуiн кiм табады ? Жауабы:     сүт – молоко —  milk

3.Аң патшасы? Жауабы: арыстан – лев – lion

4. Жылы киім тон

“Т” алып тастап

Не деп айтқан жөн? Жауабы:     он – десять –тэн


Тұлпар тобы сұраққа жауап береді

1.Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. Жауабы:     кiтап – книга – book

2.Білімнен мол сый – асы,

Балғындардың ұясы. Жауабы:     мектеп – школа – sсhool

3.Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? Жауабы:     жеті  – семь  —  seven

4.Бұл кім?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған? Жауабы:     ана – мама – моther


Болашақ тобы сұраққа жауап береді

1. Күндіз бәрі қашады,

түнде аспанды басады. жұлдыз – звезда- star (стаа)


2.Қыста ғана болады,

ұстасаң қолың тоңады. қар – снег –snow (снәу)


3.Өзі жап-жас, мұрты бар.

етпен сүтке ұмтылар,

тастамайды жылы үйде,

түкті тонын шұп-шұбар. мысық – кошка- cat (кәт)


4. Ән салады чемодан,

ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған. теледидар – телевизор – tv (тиви)




5 – бөлім: «Ғажайып төрттік»

   Бұл бөлімде қазақ тілі ,әдебиеттік оқу,математика ,дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады.

Қазақ тілі.

1. Б,в,г,ғ,д,ж,з дауыссыз дыбыстарды қай түріне жатады?

Жауаптары:   А) қатаң                          Б) ұяң                        В) үнді


2. Тасымалданбайтын сөзді тап:

Жауаптары: А) асық                          Б) шағала                   В) жылқы


3. У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап:

Жауаптары: А) ауа                              Б) уақыт                      В) көшу


Әдебиеттік оқу.

1. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?

Жауаптары: А) А.Байтұрсынұлы    Б) Ы. Алтынсарин     В) А.Құнанбайұлы


2. Ахмет Байтұрсынұлының “Балықшы мен балық” шығармасы қандай әдеби жанр түріне жатады?

Жауаптары:А) Аңыз                            Б) Өтірік өлең            В) Ертегі


3. Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?

Жауаптары:А)Жұмбақ                        Б)Жаңылтпаш         В)Мақал


Математика.

1. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?

Жауаптары:  А) 10 см                      Б) 1 см                         В) 100 см


2. 8 - х = 6 қандай өрнек?

Жауаптары:   А) әріпті өрнек            Б) санды өрнек           В) теңдеу


3. 1 метрде (м) неше сантиметр (см) бар?

Жауаптары:  А) 10 см                       Б) 1 см                           В) 100 см


Дүниетану.

1. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?

Жауаптары:    А) 3                            Б) 5                                  В) 4


2. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?

Жауаптары:А) тамыр                    Б) сабақ                            В) жапырақ


3. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?

Жауаптары: А) Сағат                      Б) Құбылнама               В) План


6– бөлім: «Тапқырлық»

Бұл бөлімде оқушыларға  бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастырып жазу қажет.

Қ А З А Қ С Т А Н

Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас.


7– бөлім: «Жорға» көрермендерге жұмбақ есеп

1. Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен,
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жұп саны,
Нешеу болды түп саны? ( 10 )


2. Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп,

стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. ( 5 ) 

3. 4 жұмыртқа 2 минут қайнайды.1жұмыртқа неше минут қайнайды. (2)

4. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар. ( 33 асығы бар )
5. 1 тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма ? ( тең )

6. Бір бөлке нан, 24 теңге тұрады, 6 бөлке нан қанша теңге тұрады? 
(144 теңге)

7. Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуі жерге қонды. Неше түйеқұс ұшып кетті. ( Түйеқұс ұшпайды )


Сөз кезегін әділ қазылар мүшесіне берейік.


Марапаттау

Бастауышта  оқиды,

Ойға білім тоқиды

Бұлар біздің жалындар

Ертеңгі  ірі ғалымдар

Алдыңда  ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп  толыңдар

Қиындыққа  мойымай

Аман – есен болыңдар деп сайысымызды аяқтаймыз.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Көңілді тапқырлар» сайысы

Автор: Чадаева Гульнур Мухтаркановна

Дата: 13.12.2017

Номер свидетельства: 444161

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Жайдарман" к??ілді тап?ырлар сайысы "
    ["seo_title"] => string(37) "zhaidarman-kon-ildi-tapk-yrlar-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "134763"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416805001"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) ""Математикалы? к??ілді тап?ырлар сайысы" сыныптан тыс ж?мысы"
    ["seo_title"] => string(54) "matiematikalykkonilditapkyrlarsaiysysynyptantyszhumysy"
    ["file_id"] => string(6) "299806"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456591817"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "К??ілді    тап?ырлар  сайысы "
    ["seo_title"] => string(28) "kon-ildi-tapk-yrlar-saiysy-1"
    ["file_id"] => string(6) "201689"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429103888"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) ""Ана тілі?-?скен ?ркені?" та?ырыбында?ы "?й, жарайсы?!" тап?ырлар сайысы"
    ["seo_title"] => string(60) "anatilinoskienorkienintakyrybyndagyizharaisyntapkyrlarsaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "301562"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456937755"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""К??ілді тап?ыр" сайыс"
    ["seo_title"] => string(18) "konilditapkyrsaiys"
    ["file_id"] => string(6) "279456"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453227166"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства