Просмотр содержимого документа
«К??ілді тап?ырлар сайысы »
Күні ________________ Сыныбы________________
Көңілді тапқырлар сайысы
Жүргізуші: Армысыздар, ағайын.
Ағайын тілін табайын.
Бармысыздар, бауырлар,
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.
Есенбісіз, ұстаздар.
Шаршамайтын қыс-жаздар
Қойданда жуас қонақтар
Құрметке ие үлкендер.
Алда жүзген желкендер
Ізетке ие інілер
Кешке келген сайланып
Отырам деп жайланып
Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып.
Бәріңізге бір сәлем
Онда кешті бастайық
Асықпайық, саспайық
Сөз кезегі келесі
Жұмбақтарға тастайық
Кешті өздеріне арналған
Ғалымдар шықсын қасқайып
1.А.Н.Колмогоров
«Математиканы өте жақсы меңгермей, озық техниканың негізін түсіну қиын».
2. Аристотель
«Математика-реттілікті, симметрияны және анықтықты айқындайды, ал бұлар әдептіліктің маңызды түрлері».
3. Леонардо да Винчи
«Математикалық дәлелдеуден өтпеген зерттеу жұмысы шын ғылым деп атала алмайды».
4. Н.Е.Жуковский
«Әсем суреттер мен поэзиядағындай математиканың да өзінің сұлулығы бар».
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар және оқушылар! Сіздерді «Көңілді тапқырлар сайысы» атты 5 – сыныптар арасындағы кешімізді тамашалауға шақырамыз. Бұл кешіміз 5 – сынып оқушылар арасындағы есепке жүйрік оқушылардың жеке сайысы түрінде өтпек.
1. Кештің негізгі мақсаты – алғыр да, тапқыр зерек оқушылардың білім дәрежесін анықтай отырып, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар танылған шын дарабоздың әділ бағасын беру, көпке үлгі болмақ.
2. Кешімізді бастамас бұрын.
Шеберлікті білімді
Сараптап сендер көріңдер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
Асыл өнер жастан шығады деп дарынды халық айтса, халық сөзі әрқашанда нанымды. Олай болса сол жастарымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасын таныстырып өтелік.
1. Мектебіміздің ғылыми жөніндегі әдіскері – Шағанова Бақтыгүл апай.
2. Математика пәнінің мұғалімі – Маханов Жақсылық ағайымыз.
3. Математика пәнінің мұғалімі – Идрисова Жанар апайымыз.
Әділ қазылар алқасымен танысып болсақ, енді бүгінгі ойынымыздың шарттарын түсіндіріп өтейін. Ойын шарттары төмендегідей:
1-бөлім. Таныстыру
2-бөлім. “Ойнайық та, ойлайық!”(ойыншыларымыздан үй тапсырмасы
сұралады.)
3-бөлім. “Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар” (тест тапсырмалары)
4-бөлім. “Математикалық санамақ”
5-бөлім. “Полиглот” (жұмбақтарды шешіп, орыс тілінде айту)
6-бөлім. Топ басшылар жарысы
7-бөлім. Қорытынды.
Ойын шарттарымен танысып болсақ, 1-бөлім «Таныстыру» бөліміне кезек береміз. Әр топ өздерін таныстырады. Ең жоғарғы ұпай саны – 10.
1 – топ. «Тапқырлар». 5 «А» - сынып
Топтың аты: «Тапқырлар»
Ұранымыз: Қандай сынақ болсадағы беріспе
Әрқашанда ұмытыла біл жеңіске.
Таныстыру: Өнер қуған математик жастармыз
Есебінді шапшаң шешіп тастармыз,
Тобымыз өңшең алғыр, қырандар
Келешекте өміріміз талапты
Атақ – данққа бөленеміз қарап тұр.
Сегіз қырлы өнер асып туғандар.
Оза шауып, бәйге атындай жарап тұр.
Достықпенен бірлікті етіп тұлға ,
Жеңіске жеткен едік талай сында
Қара қылды қақ жарып, әділ қазым,
Еңбегін «Тапқырлардың» әділ сына
2 – топ. «Жеңіс». 5 «Ә» - сынып
Топтың аты: «Жеңіс»
Ұранымыз: Қырандай самғаймыз
Ешқашан талмаймыз.
Таныстыру: Жарыс десе жанамыз
Білімге толы санамыз
Бүгінгі күні алғырлықпен
Жеңісті біз аламыз
Есепті біз шешеміз
Оны мақтан етеміз
Тапқырлар мен алғырларға бүгінгі
Кете қоймас есеміз
Сендер менен жарысуға біз келдік
Иіліп тапқырлар мен алғырларға сәлем бердік
3 – топ. «Алғырлар». 5 «Б» - сынып
Топтың аты: «Алғырлар»
Ұранымыз: Бәріміз - біріміз үшін
Біріміз – бәріміз үшін
Таныстыру: Егеменді қазақтың біз ұраны
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны
Келешектің үмітіміз талапты
Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр
Сегіз қырлы өнер асып туғандар
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр
Шақырып жарыстарға сан – саналы
Алғырлар топ жарғалы жар салып
Ту етіп достықпенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады.
Ойыншыларымызбен танысып болғаннан кейін бүгінгі ойынымыздың
2-бөлімі “Ойнайық та, ойлайық!”.
Бұл бөлімде ойыншыларымыздан үй тапсырмасы сұралады. Яғни ребус шешіледі. Бірінші топтың ребусын қалған екі топ шешеді, ойын осылай жалғасады. Ең жоғарғы ұпай саны – 20.
3-бөлім. “Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар” сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастаймыз. Ойын шарты бойынша бұл бөлімде тест тапсырмалары беріледі, төрт нұсқасы бар. Топ болып дұрыс жауапты белгілесе, осы топқа 10 ұпай беріледі. Егер жауап қате болса, екінші топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.
1. Теңдеуді шешіңдер.
72:(x+12)=4
а) 5в) 4
с) 2 д) 6
2. Дүкендегі орам матадан 16 м мата сатылды. Қалған матадан әрбір көйлекке 3 м жұмсап, 8 көйлек тігеді. Дүкендегі орам мата алғашында неше метр болған?
а)36 в)42
с) 40 д) 41
3. Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы 12 см, ені 9 см және биіктігі 5 см. Көлемін табыңдар.
а) 540см² в) 540см³
с) 530см³ д)540см
4. Оқушы 5 дәптер сатып алды. Оқушы неше теңге төлеуі мүмкін?
а) 175 в) 183
с) 176 д)178
5. Іле өзені Балқаш көліне құятын ағысы қатты өзендердің бірі. Оның біздің республикамыздың жерінен өтетін ұзындығы 814,75 км, ал республикамыздан тыс жерден өтетін ұзындығы 624,25 км. Іле өзенінің ұзындығы неше км?
а)1439 в)1200
с)1446 д)1500
6. Тікұшақтың массасы 1,35 т жүк тиелді. Тікұшақтың өзінің массасы оған тиелген жүктің массасынан 3,5 т артық. Жүк тиелген тікұшақтың массасын табыңдар?
а) 6 в) 6,2
с) 5,5 д) 6,8
7. Аулада қояндар мен қаздар саны тең. Олардың аяқтары 12. Аулада неше қаздар бар?
а) 4 в) 1
с) 2 д) 4
8.1 кг қағаз ауырма, 1 кг темір ауыр ма?
а)екеуіде в) темір
с) қағаз д) тең
9. Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан қалай аталады?
а) бұрыс бөлшек в) жай бөлшек
с) дұрыс бөлшек д) ондық бөлшек
10. Ұзындығы м жіптің 4,9 метрі кесіп алынды. Жіптің қалған бөлігі кесіп алынған бөліктен қанша ұзын?
а)10,34 в)5,34
с) 5,44 д)4,44
11. Мыс пен мырыштың қоспасының массасы 4,7 кг. Ондағы мырыш 1,9 кг. Қоспа құрамындағы мыстың массасын табыңдар.
а) 6,6 в) 2,8
с) 1,8 д) 2,7
12. Нәзира бір сан ойлады. Ол ойлаған санға 14,8-ді қосып, одан шыққан қосындыдан 3,56-ны азайтқанда 75,29 саны шықты. Нәзира қандай сан ойлады ?
а) 64,05 в) 63
с) 64,5 д) 64,06
4 - бөлім. “Математикалық санамақ”
Бұл бөлімде сұрақ 3 топқа бірдей қойылады, қай топ дұрыс жауап берсе, сол топқа ұпай қосылады. Ұпай саны – 20. Егер жауап қате болса, келесі топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады.
Ойыншыларымызға сәттілік тілейміз!
1. Бақшаға Сегіз саулық
Жақсы аға Тоғыз тауық
Көп-көп Он торпақ
Ойыншық Болма есепке сен шорқақ!
Келді алып Ауызша
Бір балық Жазбаша
Екі есек Қосып шық
Үш үйрек Бақшаға
Төрт түлкі Жақсы аға
Бес бүркіт Қаншама
Алты арғымақ Әкелді
Жеті жарғанат Ойыншық?
(55 ойыншық)
2. “Бәрі қанша құс болды?”
Мынау бір санамақ Тым-тырақай қашыпты
Өздерің көр саралап: Үш үкі үркіп ұшыпты
Төбеден төрт бөктерді Тасқа құлап түсіпті
Аңдыпты қос кептерді Жарда жеті жапалақ
Шаңқылдаса көк қарға Отырғанда қаталап
Үн қосыпты көп қарға Топ-топ тоғыз тоқылдақ
Секем ап бір дауыстан Қарғып кеткен топырлап
Безектеп бес сауысқан Сөйтіп қызық іс болды.
(31 құс)
3. Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім біледі?
(8)
4. Түйе, бота тең басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Төрт аяқты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.
(15)
5. Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әр қайыңда төрт-төрттен үлкен бұта бар. Әрбір үлкен бұтақта төрт-төрттен кішкене бұта бар. Әрбір кішкен бұтақта төрт-төрттен алма бар. Барлық алма саны қанша?
(256 алма)
6. Он екі түйе, он жылқы
Тоғыз сиыр, бес ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Таба алмасаң, бұл күлкі.
(41)
5 - бөлім. “Полиглот” деп аталатын бөлімде 9 ұяшық берілген. Әрбір ұяшықта жұмбақтар мен логикалық есептер, мақал – мәтелдердегі айтылмай қалған сөздерді тауып, орыс тіліндегі баламасын айтамыз. Сайыскерлеріміз дұрыс жауап берсе 20 ұпай, жартылай жауап берсе 10 ұпай.
1. Жұмбақ.
Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама. (кітап, книга)
2. . . . теңгең болғанша
. . . досың болсын. (жүз, сто)
3. . . . жылда ел жаңа. (елу, пятьдесят)
4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка)
5. Білекті . . . жығады.
Білімді мыңды жығады. (бір, один)
6. Жігітке жеті өнер де аз, неше өнер көп емес?
(жетпіс, семьдесят)
7. Отбасында үш қыз бар. Олардың әрқайсысының үш інісі бар. Отбасында неше бала бар? (төрт, четыре)
6 -бөлім. Топ басшылар жарысы . Бұл бөлімде әр топтың басшыларына жеке-жеке бір минут уақытта 20 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 10
Ұпаймен бағаланады. Ойын әрі қарай жалғасады.
Сәттілік!
1. Математика сөзінде қанша а әрпі бар? (3)
2. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (0)
3. Кері екі санның көбейтіндісі неге тең? (1)
4. Жай сандар дегеніміз не? ( Бірге және өзіне бөлінетін сандар)
5. Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болама?
(Ия)
6. Ондық таңбалар дегеніміз не?
(Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрларын айтамыз)
7. Санды нөлге бөлуге бола ма? (жоқ)
8. Бөлігі бойынша санды табу үшін?
(Бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек)
9. Ондық бөлшектерді қосқанда, қосудың қандай қасиеттері
орындалады? (Ауыстырымдылық және терімділік)
10. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін?
(Бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек)
11. Oндық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан не алып
тастағаннанондық бөлшектер өзгере ме? (Өзгермейді)
12. Санның бөлігін табу үшін? (Санды осы бөлшекке көбейту керек)