Просмотр содержимого документа
«"К??ілді тап?ыр" сайыс»
Көңілді тапқырлар сайысы /5- 6 сыныптар/
Құрметті оқушылар мен ұстаздар бүгін математика пәні бойынша «көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер. Бұл сайысқа математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.
Шақырамыз келіңіздер жарысуға,
Күш өнер, білімменен сынасуға
Қанеки, кім шығады сайысуға
І. Әр сынып өз командаларының аттарымен таныстыру.
Мақсаты: Оқушыларды іздемпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, топта жұмыс істеуге, өз ойын айтуға және мәдени түрде жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетерін, информатикаға қызығушылы-ғын , зердесін дамыту .
Сабақтың түрі : жарыс сабақ.
Көрнекіліктер: кесте-плакаттар, карточкалар .
Сайысқа 7,8 сынып оқушыларының ішінен ең тапқыр информатиктер қатысады. Бүгінгі ойынымыз 7 турдан тұрады .
1-тур. «Жұмбақ сөз» . Қазір екі топтың мүшелеріне мен бір әріп жазылған парақшаларды ұсынамын. Сол парақшалардың ішінен біздің сайыскерлеріміз бір- бір әріптен тандап алады. 1-сайыстың шарты бойынша сұраққа жауап бергенде осы әріптен басталатын сөзбен жауап беру керек. Мысалы, ( а,ә,б, и, к,с, п .... және т.б)
Вирустың кері әсерін жоятын программа. /Антивирус/
Бос орын қалдыру пернесі . /пробел/
Белгілі бір атпен жазылатын мәліметтер жиыны. /Файл /
Ақпаратты енгізуге арналған арналған құрылғы. /Пернетақта/
Мәтін дегеніміз не ? / жолдар тізбегі/
Дыбыс жазу құрылғысы. /Микрофон/
Компьютердің негізгі құрылғысы, «миы». /процессор/
Ақпараттың өлшем бірлігі. / байт, бит/
Мәліметтерді енгізу пернесі . / Enter/
Ақпартты басып шығаратын құрылғы. / принтер/
Деректерді сақтауға арналған құрылғы . /жад /
Графикалық редактор . /Paint /.
2- тур. « Жұбын тап».
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын тауып , бағдарша /стрелка/ арқылы көрсетіңіздер. Сөздердің жұбын табыңыздар.
Ақпарат
блок
Перне
аппарат
Қатты
тану
Фото
сақтау
Мәліметтерді
тақта
Файлдарды
шығару
Жүйелік
диск
3- тур. «Сиқырлы тізбек». Әр топқа ішіне ақпарат өлшемдері жазылып, дөңгелектеніп қиылған 5 дөңгелекше беріледі. Төмендегі ақпараттың өлшем біріліктерін 10 секунд ішінде өсу ретімен орналастыру керек.
4-тур. «Ауыстырмақ». Келесі сайысымыздың шарты бойынша орны ауысқан сөздерден дұрыс сөз құрастыру керек.
Терчесвин- винчестер
Такедис – дискета
Сорцеспоро- процессор
Магрампро – программа
Ретпьюком-компьютер
Қаншыт – тышқан
5- тур.«Ғажайып ұяшық». Тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген әрбір ұяшықтағы сұрақтың күрделігіне қарай ол ұяшыққа берілетінұпайлардың саны көрсетілген. Кезекпен әрбір топтың мүшелеріне ұяшықтарды ашып сол ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап берсе тиісті ұпайларын алады.
Ол бүкіл әлемге Windows бағдарламасымен компьютердің жаңа қызметін ашып береді.
Ол алғашқы электронды есептеуіш машинаны шығарды.
1 байтта қанша бит бар?
Екілік жүйенің сандары .
Сандарды жазып , бейнелеу тәсілі .
Бірінен соны бірі орындалатын амалдар тізбегі .
Microsoft фирмасын құрған адам .
«Стандартные» бағдарламасы ішіндегі есептегіш программа.
Санау жүйелерінің екі түрін ата .
Операциялық жүйе қалай аталады?
Жұмбақтар
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын. / тышқан /
Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді . /принтер /
Жұртты өзіне қаратқан,
Ақпаратты сақтап, таратқан. /процессор/
Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған . /монитор/
6 – тур. «Сөз зергері» . Конверттерге информатика пәні бойынша бір термин сөз салынған. Қазір осы конверттердің ішінен бір сөзді таңдап алып, сөз сөздің құрамына кіретін әріптерден бірнеше сөздер құру керек.
Мысалы , ақпарат, программа, процессор, сканер,информатика т. с. с.
Сайыстың соңында ең көп жинаған топ анықталып, оларға «Тапқыринформатиктер» атағы беріледі.