Просмотр содержимого документа
«Кітап біздің досымыз»
Кітап біздің досымыз!
Мақсаты:Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту; кітапты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу, білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Слайд
Кіріспе сөз.Тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
1. Ой қозғау .
2. Жұмбақ шешу.
3. Мақал мателдің жалғасын табу.
4. Топтық жұмыс.
Биопоэма.
Синквейн.
Акроним.
Коллаж.
5. Ойын.
Әр адамның ең жақын досы,.. Өмір досы кітап болуға тиіс. М.Әуезов.
Кітап адам өміріне аса маңызды рол атқарады.Отанды сүюге, кішіпейіл болуға,мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Оны оқиды,одан тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге алады.Сондықтан да біз кітапты сүйеміз.Кітап-біздің досымыз!
Ой қозғау « Кітап ».
Кітап неден, қалай жасалады?
Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? Барлық білімді біздер қайдан аламыз?
Кітапты қалай ұстау керекпіз?
Адал дос
Ол арқылы біз үйрендік оқуды,
Ақылды да тәрбиелі болуды.
Ол арқылы үйренеміз осыны,
Үйренеміз білімді де болуды.
Үйренеміз түрлі- түрлі өнерді,
Сен арқылы әлем үнге бөленді.
Мүмкін біз боламыз да шеберлі,
Оқи берсек, түрлі жырлар, өлеңді
Кейбіреулер оқымайды, « білемін » деп,
Ақшаменен оқимын да жүремін деп.
Алдында компьютердің күнде отырып,
Ақша арқылы бір нәрсені ілемін деп.
Бұл ойларың кате болар ей, балалар!
Кітапты оқымасаң обал болар.
Оны біз оқымасақ бар ынтамен,
Дамымас ешбір елде көп қалалар.
Жұмбақтар
1. Ілулі тұр кең алаң.
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп....... Тақта.
2. Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ...... Бор.
3. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде..... Қалам.
4. Бары-жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің..... Ауа.
5. Қайда жүрсең,
Қосарлана шабады.
Үйге кірсең,
Босағада қалады..... Аяқ киім.
6. Аяғы жоқ,
Басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа
Ауызыңа асығар..... Қасық.
7. Ақылшы дос балаға,
Жақсы серік ағаға.
Үндемейді ол саған,
Білгір, бірақ бағала..... Кітап.
8. Пышақпен ұштала береді,
Бойы қысқара береді..... Қарындаш.
9. Сансыз ойлар бетімде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Керекпін мен әр күнде,
Өшпейтін бір әрпім де..... Кітап .
10. Бөлменің қөзі,
Көрмейді өзі..... Терезе.
Мақал – сөздің мәйегі.
Кітап ғалым – тілсіз мұғалім.
Піл көтермегенді, тіл көтереді.
Көзі ашыққа – кітап маржан.
Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.
Бақа көлдің патшасы, балық судың патшасы, жігіт елдің патшасы.
Кітап – алтын қазына.
Күш – білімде, білім – кітапта
Кітап – көптің ұстазы.
Жақсы кітап – жан азығы.
Қына тасқа бітеді, білім-басқа бітеді.
Ақыл – азбайды, білім – тозбайды.
Адам көркі – шүберек, ағаш көркі- жапырақ.
Топтық жұмыс:
Биопоэма
Синквейн
Акроним
Коллаж
Ойын:
Балалар, келіңдер, бір ойын ойнайық. Мектепте ең басты мұқият болу керектігін білесіңдер ғой. Қаншалықты мұқият екендіктеріңді тексерейік. Ойын шарты мынадай: мен сұрақ қоямын, ал сендер егер келессеңдер былай деп жауап бересіңдер: « Бұл мен, бұл мен және менің достарым! », ал келіспейтін болсаңдар – қолдарыңды шапалақтайсыңдар.
Кітап, қалам, дәптерін
Жақсы күтіп ұстайтын кім?
Жыл сайын көңілді кейіппен
Мектепке қарай беттейтін кім?
Құлағына дейін кір болып,
Бір жуынбай жүретін кім?
Аязда да тоңбайтын,
Далада жүгіріп ойнайтын кім?
Ұйқысын қимай көсіліп,
Сабаққа келер кешігіп кім?
Ашуменен қоштасқан,
Спортпенен достасқан кім?
Ән салып, би билейтін,
Шаршауды бір білмейтін кім?
Үйде сабағын орындайтын
Сосын барып ойнайтын кім?
Кітап ережелері.
Кітапты оқығанда ойға сақтауға,
Өмірге пайдалануға әдеттен.
Кітапты ұқыпты, таза ұста.
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
Кітап беттерін жыртпа.
Кітапқа сурет салма, жазба.
Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
Кітап арасыны қалам салма.
Кітапты жоғалтып алма.
Балалар кітаптар мен оқулықтар білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.
Кітап — қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта көмектеседі. Әрдайым айтқаныңа көнеді, ақы сұрамайды, бірақ сен де кітапқа қайырымды бол. Оны сүй! Кітапты жыртпа!