Просмотр содержимого документа
«?ке - отбасы тірегі»
4.03.2016 ж.
Тақырыбы: Әке асқар – тау.
Мақсаты: 1. Халықтық педагогиканы насихаттау,мектеппен ата-ананың
байланысын нығайту. Өнерлерімен танысу.
2. Отбасы ынтымақтастығын дамыту, әкелердің бала
тәрбиесіндегі ролін нығайту.
3. Әкеге қарап ұл өсер, әке тәрбиесін алу, үлгі тұту.
Өту барысы
1. Ұйымдастыру
Қайырлы күн қадірлі қонақтар! Құрметті ата-аналар,ұстаздар.Жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер! Әкеге қарап ұл өсер демекші «Әкелер сайысына» қош келдіңіздер.ӘКЕ,АНА. Осы бір сөздердің ішінде қаншама ұлылық жатыр десеңізші?!
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен-кіші, жасымыз да, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Жайнаған мына біздің төрімізге- деп алдарыңызда өнер көрсететін отбасының тірегі әкелерді ортаға шақырайық, таныс болыңыздар.
- Кәкенов Жасұлан баласымен
- Кенжебаев Болатбек баласымен
- Семғалиев Жауымбай баласымен
- Жанқылышов Саттар баласымен
Балалар және ардақты әкелер, қош келдіңіздер дей отырып, «Әке-асқар тау» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысымызды бағалайтын, жеңімпазын анықтау үшін әділ –қазы алқасын сайлап алайық. (Әділқазылар сайланып орындарына жайғасып отырады).
1.Сөз анасы-сәлем таныстыру. Әр қатысушы әкеміз өзінн,отбасын нақты,түсінікті етіп таныстыруы тиіс.
2.Үй тапсырмасы Әкесіне: (қол өнер бұйымдары немесе отбасымен жасалған қандайда бір бұйымды таныстыру, жасалу жолдарына тоқталу.)
2.Баласына: Құттықтау сөздер (Анасын,әжесін,ұстазын мерекемен құттықтайды)
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен.
Тыңдап алып, жалғастырсаң қайтеді?-деп мұнда әрбір әкенің,баланың өнерге деген бейімділігін анықтаймыз.
3.Әкелердің өнерін тамашалайық
4.Әкелеріміздің спортқа деген қызығушылығын байқау үшін.Әкелерімізді гир көтеру сайысына шақырамыз.
5. «Сұрақ –жауап, яғни «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
1. Сіздің баланың озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді,ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
2. Қызыңыз кешкі астың дастарқанын жинап,ыдыс жууы керек.Оның орнына қозғалмай теледидер көріп отыр.Қандай әрекет қолданасыз?
3.Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді.Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
4.Балаңыз сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды.Сіз не істейсіз?
6. Ұлттық ойындардың бірі «Асық ату»ойынына кезек береміз.
Әкелеріміздің мергендігін тану.
Қорытынды.
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар тілекті арнайтын балаңызға.
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Келесі кезекті әділ-қазыларға береміз.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе,қатысқан әкелерімізге алғыс білдіреміз.Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін.Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін!Уақыт бөліп қатысқандарыңызға рақмет.