kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ке-отбасы тірегі» атты ?ойылым

Нажмите, чтобы узнать подробности

                            «?ке-отбасы тірегі» атты ?ойылым.

     А?ылбай поездан т?седі.Оны баласы к?тіп алады.

Асылбек:-Ассалаума?алейкум,?ке! Жа?сы жетті?із бе?

А?ылбай:-Уа?алейкумассалам!

/?кесімен баласы кетіп бара жатып бір отыр?ан кісіге ?арап ?алады./

?кесі:-Асылбек,Анау ?лгі Самат а?а? емес пе?

Баласы:-И?,д?л ?зі.

?кесі:-Бір жері ауырып отыр-ау деймін./?асына барады/

 А?ылбай:-Ассалаума?алейкум,С?ке!

 Самат:-Уа?алейкумассалам!

А?ылбай тілге келмей ?йге ?келеді.

 ?кесі:/ж?теліп ?йге кіреді/

Келіні телефонмен с?йлесіп, к?ліп отырады.

Шешесі:-Ай,Г?лдана  ж?нделіп отыр.Ата? келе жатыр.?асында кісі бар сынды.Тама?ты? басында орынсыз с?йлеме, ата? жа?тырмай ж?рер.

.Келіні шай ??йып отыр./Келін ?кесі келгенде т?регеліп, с?лем етіп ?айта отырады/

/?кесі шай?а келеді/

Балалар ымдасып отырады.?кесі жа?тырмай аларып ?арайды.Балалар ?нсіз шай іше береді.

?кесі ас ?айтарып бол?ан со?,баласына « т?рып кет» деп ымдайды./баласы, келіні т?рып кетеді/

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ке-отбасы тірегі» атты ?ойылым »

«Әке-отбасы тірегі» атты қойылым.

Ақылбай поездан түседі.Оны баласы күтіп алады.

Асылбек:-Ассалаумағалейкум,әке! Жақсы жеттіңіз бе?

Ақылбай:-Уағалейкумассалам!

/Әкесімен баласы кетіп бара жатып бір отырған кісіге қарап қалады./

Әкесі:-Асылбек,Анау әлгі Самат ағаң емес пе?

Баласы:-Иә,дәл өзі.

Әкесі:-Бір жері ауырып отыр-ау деймін./қасына барады/

Ақылбай:-Ассалаумағалейкум,Сәке!

Самат:-Уағалейкумассалам!

Ақылбай тілге келмей үйге әкеледі.

Әкесі:/жөтеліп үйге кіреді/

Келіні телефонмен сөйлесіп, күліп отырады.

Шешесі:-Ай,Гүлдана жөнделіп отыр.Атаң келе жатыр.Қасында кісі бар сынды.Тамақтың басында орынсыз сөйлеме, атаң жақтырмай жүрер.

.Келіні шай құйып отыр./Келін әкесі келгенде түрегеліп, сәлем етіп қайта отырады/

/Әкесі шайға келеді/

Балалар ымдасып отырады.Әкесі жақтырмай аларып қарайды.Балалар үнсіз шай іше береді.

Әкесі ас қайтарып болған соң ,баласына « тұрып кет» деп ымдайды./баласы, келіні тұрып кетеді/

/Гулдана кіріп-шығып жүріп естіп жүреді/

Ақылбай:-Самат,қалайсың жақсы болдың ба?Қайда бара жатыр едің?Әңгімеңді айта отыр.

Самат:-Ой,менің күнім құрысын.Бала сыйдырмайды.Келін көргенді жердің баласы.Ол ата кетпеңіз деп жалынды.Байғұс шырылдап барынша қорғайды-ау, ақыры келін таяқ жеп тынады.Балам,ащы су ұрттап келгенде үйдің берекетін алады.Мен үшін осылардың шаңырағы шайқалмасыншы деп үйден кетіп қалдым./жылайды/Қай жерде қателесттім,білмеймін.

Ақылбай:-Е,е онысы болмаған екен.Жастық қой.Уақыт өте келе түсінер.Қаласаңыз біздің үйде тұрыңыз. Балалар кезінде қолыңда өсті ғой. Сізге орын табылады.

Самат:-Жоқ,ниетіңе рахмет.Тіл тимесін тәп-тәуір бала-келінің бар екен.Сен әуелден жанұяңның іргесін мықтап қалап алдың ғой.Балаларыңа берген өнегең де үлгі аларлықтай .Әңгіменің шыны керек біз кезінде ішіп сыйымызды кетіріп алдық.Қарғыс атқыр арақтың кесірі. Әттең, сен сияқты болғанда мүмкін басқаша болар ма еді?! Өкінгенмен не пайда? Үкіметтің қарттар үйі бар емес пе?Қазір жекеменшік де ашылыпты дейді.Әкеңнің аузы айына 165 000 дейді.Оған қалталы балалары бар қарттар барады. «Күлкі арсыз «деп күлемін –ау. Қой жүрелік.

Ақылбек:-Асылбек,көлікті дайында,қазір бір жерге барып қайтуымыз керек.

Баласы:-Мақұл,әке.

/Әкесі тұрып кетеді./

Баласы:-Апа,біздер Гүлдана екеуміз бір қыздың туған күніне баруымыз керек еді.Әкеме сіз айтыңызшы.

Шешесі:-Мен қалай айтам?Әкең барам деген жеріне баратынын білесің.Қазір айтып көрейін.

Келін күйеуіне:-Түу,сіздің үйіңізге таң қалам.Ана шалдың проблемасы қалды ма енді?Болмашы нәрсені өздерің қиындатып отырасыңдар.Әкеңнен өзің сұрамайсың ба?Біздің әкелеріміз кетіп бара жатқанда бірақ біледі. Әкең жібермесе бармаймыз ба сонда? /ренжіп/

Баласы:-Гүлдана ренжімеші,ол менің әкем.Ол кісінің айтқаны заң біздің үйде.Апам бір амалын табар.

/Әкесі келінінің айтқанын естісе де естімегендей кейіп танытады/

Анасы:-Барыңдар,Асылбек, құлыным, әкең 12-ден кеш қалмасын деді.

Келін:-Неге бір шыққанда солай уақыт санайды?Шаршадым.

/Музыка .Вечер өтіп жатыр.Гүлдана билеп жүр./

Гүлдана :-Ашөк,тұра тұршы.Билеп алайыншы.

Асылбек:-Мен кете берем.Билеп болған соң келерсің.

Гүлдана:-Иә,қазір шығам./бұлданып/

Баласы:Болшы, Гүлдана.

Келесі күні жұмыстан ерте шығып, Ақылбай шаршап қайтады.Үйге кіре бере айқайдың үстінен түседі.

Келіні:-Түу,ене, неге үнемі менің істегенім дұрыс емес болады.Тырнақ астынан кір іздейсіз де отырасыз екен.Ұнамаса өзіңіз істетіңіз.Бұл үйдің тәртібінен шаршадым.

Енесі:-Гүлдана,енді қате жеріңді мен айтпасам кім айтады./Әкесі естісе де естімеген сыңай танытады.Бәрі тамақ ішеді.Тек Гүлдана шайға келмейді/

Ақылбай баласын шақырып алып:-Асылбек,неге бізден үлкен адам аласың?Әйелің анаңа дауыс көтергенде қайда болдың?

Асылбек:-Сыртқа шығып кетіп ем.

Ақылбай:- Бүгін Гүлдана анаңа дауыс көтерді. Ендігі кезек кімдікі?Соны ойладың ба?Бұрын соңды осы үйде ешкім дауыс көтерген емес.

Асылбек:-Кешіріңіз,әке.Мен өзім сөйлесем.Енді ондай қайталанбайды.

Ақылбай:-Гүлдананың тәрбиесі мүлдем бөлек.Бірақ « ұра берсе құдай да өледі» дегендей.Күнде біздің тәрбиені санасына қүйып отыр.Қазір бұл жайға атүсті қарасам, ертең Самат ағаңның күйін кешеміз ғой. Ал,егерде әйелімдікі дұрыс десең онда үйді қазір босат.Мен сені ұстамаймын.Есік әні.Қараңды батыр.

Асылбек:-Мен бәрін де жөндеймін.

/Асылбек Гүлданаға бір шапалақ береді/

Гүлдана:-Не үшін,Асылбек?



Асылбек:-Мен енді ата-анама қарап дауыс көтергеніңді естімейтін болайын.Осы соңғы рет болсын.Егер көнбесең өзің біл,мен ата-анама қарсы шықпаймын.Кезінде маған тұрмыс құрарда біздің отбасын таныстырдым ғой.Уақыт берем,ойлан,өкінсең оны айт.

/Гүлдана үнсіз қалады.Асылбек бөлмеден шығып кетеді/

Гүлдана:/телефон соғып/-Апа,мені Асылбек шапалақпен ұрды.

Қыздың шешесі:-Қызым,не жағдай?

Гүлдана:-Не үшін болушы еді анама сөйледің деп.Апа,қазір үйге барам.

Шешесі:-Келуші болма.Бұрында да күйеуің қол көтере ме?Енең не деді? Атаң не деді?

Гүлдана:-Неге,келмеймін.Бұрын ондай жағдай болған жоқ.Атам сөйлеген жоқ,енемнің аузын жаптырып тастадым.

Шешесі:-Тәрбие көрмеген деп жүрер,қызым.Ақылға кел болмашы нәрсеге шаңырағыңды шайқалтпа.Жақсы./телефонды жауып тастайды/

Гулдана:-Апа,түу енді не істеймін /телефонды лақтырып жібереді/

Гүлдана Асылбектен кешірім сұрауға келеді.Асылбек үндемейді.

Гұлдана:-Ашок,мені кешірші.Енді ата енеме және саған ешқашан сөз қайтарып, артық ауыз сөз сөйлемеймін. Осы сөзімді орындауға уәде берем.

Қарттар үйі

Келіні Лаура:- Ата, сәлембердік

Самат:-Амансың ба.келінжан.

Лаура:- Ата, егер бізді кешіре алсаңыз кешіріңіз. Өтініш үйге қайтыңызшы. Жандос сіз кеткелі қатты өзгеріп кетті, сізді айтып күнде мұңаяды. Немерелер де күнде сұрайды. Ең болмаса немерелеріңіз үшін үйге қайтып оралыңызшы. Мені балаңыз жіберді.Сені тыңдайды көндіре алсаң ертіп келші,деп жалынды.Сіз- үйдің берекесіз.Бұны кеш түсіндік.Қатемізді жөндеуге мүмкіндік беріңіз. ата, үйге жүріңізші./жылайды/

/Гүлдана үйдің жұмысын жасап көңіді жүреді/

Гүлдана: «-Меніңше,өнеге- отбасынан басталады»-деген өте орынды айтылған.Мен өнегелі отбасының баласына тұрмысқа шықтым .Басында Асылбектің үйінің тәрбиесін ескінің сарқыншағы деп түсіндім .Себебі,мені ата-анам еркін тәрбиелеген болатын.Бірақ уақыт өте келе бұл отбасының тәрбиесін мақтан тұта бастадым.Бізде болашақта атамның шаңырағындай өнегелі отбасы болуды армандаймыз.



-Безбүйрек баласы мен келінге сыймай ел аман ,жұрт тыныштықта үйінен безген қарттардың күйін ешқайсысымызға бермесе екен дегеннен өзге тілек жоқ .Бәріміздің де тірі болсақ қария болатынымызды ұмытпайық «Жақсылық жасасаң өсерсің,жамандық жасасаң өшерсің»-демекші ,жақсылық жасауға асығайық! Біздің Елбасымыз халыққа өте қажетті жолды нұсқады..Елбасының дұрыс жол тауып,халықты жақсылыққа бастауы осы жол болар деген ой келді. Міне,осы Нұрлы жолда аман жолығайық,жастар!







/Бүл туынды Облыстық «Қызыққа толы бұл әлем» атты байқауында 3-орынға ие болды/














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«?ке-отбасы тірегі» атты ?ойылым

Автор: Битимова Тамара Дуйсенбаевна

Дата: 11.04.2015

Номер свидетельства: 200118


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства