kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсатыІ. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»


Сабақтың тақырыбы: “ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері”
Сабақтың мақсатыІ. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (Гимн орындалады)

Ой қозғау

  • Мемлекеттік рәміздер не үшін қажет ?

Мағынаны тану

Бүгінгі сабағымыз Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не? Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды. Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады. Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері. Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды. Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.

Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

«Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан - елдің анасы,  (Ел - ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес)
9. Ел іші - (алтын бесік)
10. Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)
Отан – жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Білімдінің көзі ашық.

 – ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
 – Еліміздің бас қаласы
 – ҚР президенті
 – ҚР туының авторы
 – ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.
 – Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар:   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.
 – Еліміздің көрікті жерлері
 – Отан туралы өлең
 – Отан туралы мақал-мәтел
 -  ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.  Нешінші бабында?    9 бап.
-  Әркім  республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта?   34 бап
Мұғалім.
- Қазір бәріміз орнымыздан тұрып біздің еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындайық.

Қорытынды 

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Автор: Молдашева Айгуль Ануарбековна

Дата: 12.01.2023

Номер свидетельства: 622944

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "4 маусым - ?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік р?міздері"
    ["seo_title"] => string(63) "4-mausym-k-azak-stan-riespublikasynyn-miemliekiettik-r-mizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "306175"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458061304"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "?аза?стан  Республикасыны?  мемлекеттік  р?міздері "
    ["seo_title"] => string(56) "k-azak-stan-riespublikasynyn-miemliekiettik-r-mizdieri-1"
    ["file_id"] => string(6) "173610"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424012161"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерә"
    ["seo_title"] => string(53) "k_azak_stan_riespublikasynyn_miemliekiettik_r_mizdier"
    ["file_id"] => string(6) "378465"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484220317"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздері"
    ["seo_title"] => string(56) "k-azak-stan-riespublikasynyn-miemliekiettik-r-mizdieri-2"
    ["file_id"] => string(6) "263072"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449483166"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздері туралы презентация"
    ["seo_title"] => string(69) "kazakstanriespublikasynynmiemliekiettikrmizdierituralypriezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "271522"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1451572883"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства