kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ халқының салт – дәстүрлері Бесікке салу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқының салт – дәстүрлерінің бір түрі - Бесікке салу.Баланы бесікке салу қазақ халқына тән қасиет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының салт – дәстүрлері Бесікке салу»

Ғылыми жобаның тақырыбы: Бесікке салу

Жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, бесіктің пайдасын зерттеп , халық өнегесін үйрету.

Мақсатқа жету жолында шешілетін міндеттер :

Зерттеу нысаны:

Қазақтың салт-дәстүрлері: Қыз ұзату, Бесікке салуБата беру, Тұсау кесер, Беташар, Шашу.
Кіріспе

Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. Соның ішінде «Бесікке бөлу» салт -дәстүрін зерттедім. Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.

Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек .Бесікті Орталық Азия мен Кавказ,Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі- жиі ауыстырып отырады. Шүмек қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбаутізебау тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік ,аспалы бесік(әлпеншек) деген екі түрі кездеседі.

Бесіктің жасалуы: Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес йілмелі морт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды. Ең әуелі бесіктің екі басын тұтас қайыңнан, талдан иіп не төрт бөлек қарағайдан қиыстырып доға тәрізденіп жасайды да, оның алрақтарының ортасынан бір шабақ салып, шабақтар үстіне тақтай төсеп, оның түбек орнататын жерін дөңгеленіп ояды. Бесіктің доға тәрізденген екі басы дәл төбесінен жіңішке жұмыр арқалықпен біріктіріледі. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы бөрік қиыстырылатындықтан, тербетіп қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру, оның зіркілсіз, жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырғандық.

Бесік арқалығы: біріншіден, оның үстіне жапқан көрпені баланың бетіне түсірмеу үшін; екіншіден, бесікті тербету үшін; үшіншіден, оған әртүрлі сылдырмақтар, ойыншықтар іліп тұмарлар тағу үшін аса қолайлы. Бала бесікте ояу жатқан кезде сол сылдырмақтармен ойнайды. Ол үшін оянған екі қолын бос қояды.Көшпелі ата-жұрттың дәстүрін жалғастырушы қазақ халқы бесікті көпке дейін сақтап, бірден бірге мұра есебінде қалдыра береді. Кездейсоқ жағдай болмаса өздігінен оны сындырып отқа жағуға болмайды. Қазақ халқы көшпелі өмір сүргенімен де әр мүлікті қастерлеп, оларға өзіндік ырым-тиымдар жасайтын болған. Біреулерден ауысып келген немесе жаңадан жасатқан бесікке ең алғаш бөленген бала қайтыс болса, оны ешуақытта пайдаланбайды, бесікті шетінеген баланың қабіріне бірге апарып қояды. Бесіктің екі жақ басында, арқалығында қыздырылған темір басып қарыған таңбалар өте көп кездеседі. Бұл да дінге сену, отқа табынудың бір түрі. Бесікті қару әдеті баланы алғаш рет бесікке саларда, бала әлде қалай ауырып қалған жағдайда жасалады. Көбінесе қыздырылған шүмшеуірмен қаралады. Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян…» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Кешегі кеңестiк дәуiрде мединституттың оқытушылары шәкірттеріне бесікті жамандап оқытатын арнайы тапсырма болған. Ол заманда жек көрген нәрсеңізді «ескіліктің қалдығы» десеңіз жетіп жатыр . Дәлелдің қажеті жоқ. Сөйтіп, бесік қолданыстан шығып қалды. Әйтпегенде, жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады?

Бесіктің пайдасы:

Біріншіден  –  қол-аяғын  ербеңдетіп  бос  жатқан  сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған  баланың зердесі толық жетілмейді.

Екіншіден - баланың  мазасыздығы  ананың  психологиясына  әсер  етеді.  Бұндай  жайсыздық  сүт  арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған  бала болашақта сабырсыздау болады.

Үшіншіден  –  баланы  бесiктен  шешкен  кезде  сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі  күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

Төртіншіден  –  сәбидің  тұлабойы  таза  болып,  тазалыққа бойы үйренеді.

Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл,  сыз дарымайды.  Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық  кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

Алтыншыдан  –  бесік  белгілі  бір  ритммен  ғана  тербетіледі.    Баланың  жүйкесі  бір  жүйе,  тәртіпке  түседі.

Жетіншіден  –  бесіктегі  балаға  ана  әлдиі  әбден  сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын  тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Сегізіншіден – бесік  сәбиді сырттан келетін кері  энергия немесе тiл-көзден сақтайды.

Баланы бесікке салу дәстүрі:

1.Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою.

Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын – орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.

2.Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.

Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.

3.«Тыштыртыма» ырымын жасау

Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.

4.Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.

1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.

Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар.

1. Бос бесікті тербетуге болмайды.

2. Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.

3.Кез келген адамға беруге болмайды.

4.Аяқ астына тастауға болмайды.

5.Бесіктің өзін отпен аластап қояды.

6.Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.

7. Бесіктің теріс жағына отырмайды.

9.Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.

Бесік туралы жұмбақтар

1.Сәбиге сәнді үй-

Әжеге ән мен күй.

/Бесік/

2.Бесікке іледі,

Әнін де,

Дәмін де

Сәбилер біледі.

/Сылдырмақ/

3.Шүберек қабығы,

Іші құс мамығы.

/Жастық/

Бесік жыры

Әлди,әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

Айналайын күн бөпем,

Бурыл тайға мін,бөпем!

Әлди, әлди, аппағым,

Қойдың жүні қалпағың.

Жұртқа жаман болса да,

Өзім сүйген аппағым.

Қаз-қаз, балам, басарсың,

Сүтке суды қосарсың.

Тал шыбықтан ат мініп,

Балдырған мылтық асарсың.

Жылама, балам , жылама,

Апаңды сен қинама!

Жұмыстарың таусылмай,

Терлеп - тепшіп жүрерсің.

Қызығымен ойынның,

Сақылдап сен де күлерсің.

Ес тоқтатып бір кезде,

Алды артыңды білерсің.

Әлди балам, әлди - ай

Апаң айтқан ән -күй – ай.

Бесік жырын апаңның

Кішкенеңнен жаттай бер.

Қаз қаз тұрып өмірге,

Басып табан аттай бер.

Әкең сенің қуансын,

Шешең сенің қуансын,

Өзіңе арнап бөпешім,

Тау суындай сарқырап,

Толқып аққан жыр қалсын.

Жеңілтек болма, бөпешім,

Салмақты бол, ерлердей.

Жүгіре берме, далаңдап,

Құр бекерге ербеңдей.

Жылама, балам, жылама,

Атасы айтқан бұл сөзді,

Бөпешім менің ұға ма?

Әлди, балам, әлди-ай!

Жетіге қашан келесің?

Суын әкеп шешеңнің

Ер жеткен соң берерсің,

Құрығын ұстап әкеңнің

Соңынан сен де ерерсің.

Жылама, балам, жылама,

Апаңды сен қинама!

Әлди, балам, әлди-ай!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қазақ халқының салт – дәстүрлері Бесікке салу

Автор: Тулебаева Анара Сабитовна

Дата: 05.10.2018

Номер свидетельства: 479735

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері.  ?ыз-?ріс, ?ыз-?она?. "
    ["seo_title"] => string(56) "k-azak-khalk-ynyn-salt-d-sturlieri-k-yz-oris-k-yz-k-onak"
    ["file_id"] => string(6) "201923"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429153898"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "«?аза?ты? салт-д?ст?рі,  Бесікке салу»"
    ["seo_title"] => string(38) "k-azak-tyn-salt-d-sturi-biesikkie-salu"
    ["file_id"] => string(6) "287565"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454503130"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "«?аза?ты? салт-д?ст?рлері» атты та?ырыпта шы?армашылы? жоба "
    ["seo_title"] => string(65) "k-azak-tyn-salt-d-sturlieri-atty-tak-yrypta-shyg-armashylyk-zhoba"
    ["file_id"] => string(6) "207050"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430325051"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "«?аза?ты? салт-д?ст?рлері»"
    ["seo_title"] => string(27) "k-azak-tyn-salt-d-sturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "295430"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455812075"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Халқымыздың салт-дәстүрі. «Бесік жыры» Ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "khalkymyzdyn_salt_d_sturi_besik_zhyry_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "631632"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1684243914"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства